Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Денсаулығым бақытым

28 қаңтар 2017, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Денсаулығым бақытым
Безендірілуі: Ортаға төрт үстел қойылады. Кештің алдында 1 - 4 – ке дейін нөмірленген жетондар таратылып беріледі және осы сандардың ретіне қарай кешке қатысушылар топ – топқа бөлініп отырғызылады.
«Арыңды жасыңнан сақта», «Арақ пен есірткі және шылымға – біздің арымызда жол жоқ!» деген плакат ілінеді. «Арақ, темекі және есірткінің жетегінде кету - өз еркімен жындану» деген кітап көрмесі ұйымдастырылады.«Келешек ұрпақ тек салауатты өмір салтын қалайды» атты көрме ұйымдастырылады. Кешті өткізбес бұрын алдын ала «Есірткіге елітуден сақтандыру үшін мен досыма қандай кеңес беремін» деген шығарма байқауы өткізіледі. Музыка үні. ( Қайыр Айнабековтің «Өсиет» атты термесі әуенімен)
1 - жүргізуші: Сәлеметсіздер ме! Сіздердей жаңа ғасырдың жас буын өкілдері, жаңалыққа жаны құмар, ізденімпаз жастармен кітапханамызда кездесіп отырғанымызға өте қуаныштымыз! Адамның жастығы дегеніміз – тамаша, сәулетті көктем, ол өмірде бір - ақ рет беріліп және қайтып келмейтін адам баласының өте бір естен кетпес бақытты шағы
2 – жүргізуші: Жастық шақ – адам өмірінің ең бір белсенді, ең бір өнімді кезең. Адамның бойындағы ең асыл қасиеттер осы жастық дәуренінде бүршік атады, өміріндегі ең тамаша нәрселер дәл осы шақта жүзеге асады. Болашақ бүгіннен басталады десек, ертеңгі біздің келешегімізді жалғастырушы жас ұрпақтың қоғамда ойы таза, санасы сергек, заманымыздың қазіргі талабына сай ғылым мен техникасын меңгерген қыздар мен жігіттердің басқаратыны сөзсіз.
1 - жүргізуші: Еліміздегі әрбір адам өз қалауынша өмір сүруге құқылы. Дегенмен, өмір туралы басқалар қалай ойлайды, соны бүгінгі кездесуімізде талап, ойымызды ортаға салсақ. Неліктен кешіміздің тақырыбын «өз еркімен жындану» деп атағанымызды кеш барысында түсіне жатарсыңдар. Ал, енді өмір туралы, денсаулық туралы ойлап көрейікші. Адам өмірі ғажайып нәрсе болғанымен, қас – қағым сәтке ғана созылады. Ал соны алкогольдік, наркотикалық умен қалай ғана ойланбастан улауға, өзі келте ғұмырды одан сайын қысқартуға болады?! Және бұны жастық жүрегің жалындап, ой – қиялың жер – көкті шарықтап, өзіңді адамзаттың игілігі жалындаған күреске арнайтын шығында істейтіндей не зор келді?
1 - жүргізуші «Бір жас жігіт шаңды жолмен жүріп келе жатып, аяқ астынан алтын теңге тауып алады. Жерден теңгені көріп алып, ары қарай келесі теңгені іздеуге жүріп кетеді. Расымен, жігітке анда – санда өз жолында алтын теңге кездесіп тұрды. Осылайша теңге соңында жүргенінде өмірінің қалай өтіп кеткенін аңғармай қалады. Дәм – тұзы таусылып, қарттықтың шаңына шыққан қариядан «Өмір деген не?» деп сұрайды. Сонда қария: «Өмір - анда – санда жолында алтын теңге кездесетін шаңды, кір жол» деген екен. Ал енді барлығымыз осы сұрақты қойып көрейікші: «Өмір деген не?»
(Жүргізуші кеменің суреті бар қағаздарды таратып береді.) Жауаптарыңды алдарыңдағы параққа жазуларыңа болады. Ойлануға 3 минут уақыт беріледі. (Балалар жауап береді.)
2 – жүргізуші: Мен енді барлықтарыңның берген ойларыңды жинақтап, қорытындысын шығарып көрейін. Адам баласына бір – ақ рет берілетін өмір, бұл – бақ, байлық, береке. Әркім өзінің өмірін қандай мән – мазмұнмен толтырса, солай өмір сүреді. Әрбіреуің ойша өз кемелеріңді өмір теңізіне жіберіп көріңдерші, әр қайсыңда алда үлкен арман желкендері күтіп тұрғаны сөзсіз.
1 – жүргізуші: Сонымен, адам үлкен кеме де, өмір – теңіз! Осы үлкен теңіздің асау толқындарында, күшті дауылдарында адасып қалмау үшін өмірімізді неден бастап, қалай өмір сүріп, қалай адасып қалмауымыз керек? Жастық шақ – адам өміріндегі айрықша шақ. Бұл кезеңде оның әрі күрделі, әрі ақырына дейін түсініп болмаған өзін қоршаған ортамен, адамдармен байланысы басталады. Алдында күтіп тұрған көптеген сауалдарының басын ашып, қайткен күнде де оған жауап табуға тырысады.
2 – жүргізуші: Өмір - өлеңдетіп өте шығатын даңғыл жол емес, ол – мәңгі – бақи күрес.«Қандай жағымсыз кемістіктер мен зиянды әдеттер адамның әдемі де ұзақ өмір сүруіне кедергі келтіреді»? деген сұраққа жазбаша жауап беріп көріңдерші 3минут уақыт беріледі.
(Балалар жауап береді)
1 - жүргізуші: Ойларыңды қорытындылап, жинақтай келе айтарым, маскүнемдік, нашақорлық тәрізді зиянды әдеттер қазіргі заманда барша қоғамның қайғы – қасіретіне айналып отыр. Алайда «әдет» деген сөз де бұл жерде дәл мағынасын беріп тұрған жоқ. Әділін айтсақ, үшеуміз де қайғылы жағдайға соқтыратын құмарлық қой. Бұл тажалдар аз болғандай, СПИД деп аталатын тағы бір індет жер жүзіне жайылып келеді. Бұл ғаламдық көлемде шаң берген кеселді апаттардың жолына тосқауыл қойып, қалай сақтануға болады? Бүгінгі әңгімеміз осылар туралы болмақ. Бір жұтым арақ, бір сорым темекі және есірткінің дәмі...
2 - жүргізуші: Қор болған темекіге қайран жігіт,
Тұрады - ау танауынан түтін шығып.
Сасығы ық жағынан жүргізбейді,
Жағымсыз көңсіреген исі шірік!
Уланған темекімен қайран қыздар,
Тартқанда қыз – келіншек денең мұздар.
Тіпті де үйлеспейді нәзік жанға,
Көргенде осындайды жүрек мұздар...

Кітапханашы:
Темекі түтіні құрамындағы 200 - ден астам химиялық зат денсаулық үшін қауіпті, ал олардың 50 - ге жуығының аса қауіпті екені анықталған. Олардың қатарында никотин, көмірқышқыл газы, азот қышқылы газы, аммиак, висмут, эфир майы сірке қышқылы т. б бар. Никотин әрекет етуінің бірінші кезеңінде қан және тыныс алу орталықтарын қоздырады. Екінші кезеңінде керісінше оларды қалжыратады. Егер шылым шегетін адамның тамырын басып көрсек, онда түтінді бірінші жұтқан кезде жүректің соғуы бәсеңдейді де, соғуы жиілей бастайды.
Шылым шегудің кесірінен тіс эмальінің бұзылуы тістің бетіне қара майдың жиналуына себепші болады. Түтіндегі улы заттар сілекейге өтіп, асқазанның кілегейлі қабықшасына әсер етеді, ал бұл ізсіз қалмайды.
Сонымен, сигарет түтінін жұтқан сайын организмінің оттегін сіңіру және осы арқылы ең маңызды физиологиялық процес
2 636
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өмір – өмір сүру үшін беріледі
Өмір – өмір сүру үшін беріледі
Темекі, арақ, нашаның зияндары туралы білімдерін тереңдетіп, сұраққа жауап беру барысында ой - қабілеттерін дамыту, жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын насихаттау.
Туберкулез (тренинг)
Туберкулез (тренинг)
Тренинг тақырыбы: «Туберкулез»
Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл
Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, «№7 жалпы білім беру орта мектебі КММ» Өзін – өзі тану пәні мұғалімі: Шайкова Жулдыз Алихановна
Ертеңіңді ойласаң есірткіге жолама!
Ертеңіңді ойласаң есірткіге жолама!
Адам денсаулығы – қоғам байлығы, әрбір адам өз денсаулығының мықты болуы жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның еңбекке әрқашанда құлшыныспен кіріседі. Ұлтымыздың болашағына қауіп төндіріп отырған наша, арақ, темекінің келтірер зияны ұшан теңіз.
Есірткіге құмарлық әлеуметтік ауру
Есірткіге құмарлық әлеуметтік ауру
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Манашы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Илясова Анар Имамадиновна
Денсаулықтың достары
Денсаулықтың достары
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Ісанатты мұғалім Макуова Нуршат Аманкосовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×