Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіздік тұғырым

08 ақпан 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәуелсіздік тұғырым
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды отанды сүюге тәрбиелеу сонымен бірге Отан алдындағы үлкен міндет елдің тәуелсіздігін насихаттау, Тәуелсіздік Алтын діңгегі – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне ғылыми тұрғыда сипаттама беру желтоқсан оқиғасының қыр – сырымен таныстыру. Желтоқсан құрбандарымен таныстыру. Желтоқсан оқиғасы туралы шындыққа көз жеткізу.
Сабақтың тәрбиелік мәні: Желтоқсан оқиғасына қатысқан аға – апалардың ерен ерлігін үлгі етіп көрсету. Елін, жерін сүюге отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын молайту. Есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Желтоқсан құрбандарының суреттері,
Д. Қонаевтың, суреттері, кітаптар, нақыл сөздер,“Желтоқсан алаңы” суреттері.
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру, қонақтармен сәлемдесу Тәуелсіздік - тұғырым"
әдеби сөзді бағдарлама"Мұзда жанған алау" сахналық қойылым “Есте қалған
сол бір кез”Қонақтармен әңгіме
"Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып - көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің иесі өзің екеніңді ұмытпа!" Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
Тәуелсіздікке 26 жыл Кіріспе бөлімі:
Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Сіздерді алдымен 16 – желтоқсан тәуелсіздік күнімен құттықтаймын.
Егеменді ел атанғанымызша, біздің халқымызды басынан қиындық пен қатыгез жылдардың небір сұмдықтары өтті. Бұл қазақ халқының ары мен намысына, тағдыры мен тарихына өшпес таңба салған 1986 жылғы желтоқсан. 1986 жылы желтоқсанның 16 – на Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 18 минутқа созылған V – пленумы Д. А. Қонаевтың орнына Кеңестер Одағының Коммунистік Партиясының ұсынуымен Г. Колбинді тағайындайды. Ол бұған дейін Ульяновск облыстық комитетінің бірінші хатшысы болып істеген. Республикаға мүлде бейтаныс болатын. 17 - желтоқсанда таңертең Алматыда жаппай толқу басталды, кейінірек ол Республиканың басқа да қалаларына тарады. Г. Колбиннің басшылыққа тағайындалуы сылтау ғана еді. Наразылыққа жылдар бойы қорланған себептер түрткі болды. Жастар Брежнев алаңына жинала бастады. Алаңда: “Біз, қазақ, ежелден еркіндік аңсаған”, “Әрбір ұлттың өз көсемі басқарсын!”, “Тәуелсіздік керекІ” деген ұрандар айтылды. Республика басшылары әу бастан – ақ жастармен тең құқылы келісімге бармады және олардың пікірін тыңдағысы келмеді. Саяси наразылықты үкімет билігіне төнген қатер деп бағалап, оған Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді.
Түрмеге қамалды. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға “Бұзақылар, ұлтшылдар, нашақорлар” деп кінә тақты. Көптеген студент - жастар оқу орнынан шығарылды.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның
Айналайын – айналайын жас өркені халқымның.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула желтоқсанның мұзда жанған алауы!
Өздеріңдей өр намыс жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы! Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп, құрбан болды.
Ендеше сол желтоқсан құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алайық. “Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе Ел тегі алсын қайдан кемеңгерді” – деп Ілияс Жансүгіров айтқандай, бұл кісілерге қандай құрмет көрсетілсе де артық емес.
Желтоқсан – ерлік тарихымыз. Сондықтан, тындырылған іс орынды деп бағалаймыз.
Президенттің жарлығымен 1996 жылы 9 желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке “Халық қаһарманы ” атағы беріліп, айрықша, ерекшелік белгісімен – “Алтын жұлдыз” тапсырылды.
Сәбира, Ләззат, Ерболға “Ақтау жөніндегі анықтама” қағаздары берілді.
Төрткүл дүниені дүр сілкіндірген әйгілі желтоқсанның арман тілегі орындалып, елімізге тәуелсіздік таңы атты. Қай мемлекет үшін де өз тәуелсіздігі өте қымбат. Егемендік – көптеген ұлттар мен халықтардың мәңгілік асқақ арманы да, мақсаты да болды. Егемендік үшін әлі де күресіп жатқан халықтар бар. Баба¬ларымыз да “Егемен болмай ел болмас, етектен кескен жең болмас” деп, осынау ұлан - ғайыр даланы иемденген халқының тәуелсіз ел болып, өзгелермен терезесі тең, жеке мемлекет болғанын армандап өтті. Халқымыздың бақытына орай еліміз¬дің Тұңғыш Президенті Н. Назар¬¬баевтың тереңнен зерделей білетін саясатының, келешекті болжай білетін көрегендігінің арқасында 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан егемендікке қол жеткізді. Бұл айтуға жеңіл, атқаруға келгенде ғасырлық салмағы бар іс болды. Кешегі үлкен державадан жеке отау бо¬лып шыққан елдерге әлем назар тікті. “Қайтер екен?” деп апыл - тапыл басқан қа¬дବмын қадағалап тұрды. Осындай жағ¬дай жаһандық тарихта талай рет кездес¬кен. Әр түрлі жолдармен азаттық алған мем¬лекеттердің ел болып еңсе тіктеп, өркениет көшіне еріп кетуі әрқалай болған. Социалистік қоғамның тар құр¬сауы¬нан шыққан, енді ғана тәуелсіздігін алған Қазақстанды бірден нарық экономи¬касына бағыттауда Нұрсұлтан Әбішұлы тарихи шешім қабылдап, тәуекелге бел буды. Сондықтан біздің елдің Тұңғыш Президенті зор ауқымды міндеттерді атқара білді, тыңнан түрен салғандай ел дамуына даңғыл жол ашты Қазақстанның өзгелерге үлгі болған тұстары да көп. Елбасының жаһандық жаңашыл бағыттағы жобаларды бас¬тама жасайтыны осыдан. Ұлттық рухты әлемге үлгі қылатын бір тұлға болса, сол Елбасы деп білеміз. Біз – ұлттық міндеті берік, ұлттық рухы жаңарған елміз. Елдің ішкі бағдарын сараласақ, еліміз 2020 жылға дейін стратегиялық индустриялды - инновациялық даму мақсатын қойып отыр. Қазақстан саяси және экономикалық дұрыс шешімдер табуға, әлемдік державалар бәсекелестігінде халық қалауын сақтап қалуға мүмкіндік алды. Ел тұрғындарының жағдайын жақсартылуына, адам құқығын қорғап, әлеуметтік әділдік орнатуға, ұлтаралық қатынас пен бірлікті сақталуына талпынған жас мемлекетіміздің атқарған шаралары әлемнің барша елдерінің қолдауына ие болды. Елбасымыздың Тәуелсiздiк туралы қанатты ойлары ХХ ғасырдың соңында әлем картасында жаңа тәуелсіз мемлекет пайда болды. Сол құрылған Қазақстан атты тәуелсіз мемлекеттің бастауында тұру бақыты Нұрсұлтан Назарбаевтың бақытына тиді. Президент ХХІ ғасырға Қазақстан Республикасын әлем таныған тәуелсіз мемлекет тұғырына қондырған тарихи тұлғаға айналды. Егер бiз Тәуелсiздiктен айрылсақ, бiзге кешiрiм жоқ. Тәуелсiздiк – ата - бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетiн арман - аңсарының жүзеге асқан ақиқаты. Тәуелсiздiктiң әрбiр жылының бiз үшiн мәнi бөлек, маңызы айрықша. Тәуелсiздiктiң тар жол, тайғақ кешуiнен, беттен қағар желiнiң есуiнен тайсалмауға тиiспiз. Бiз ата - бабаларымыздың аңсар - арманына қол жеткiзiп, мыңжылдықтың түйiскен тоғысында тәуелсiз мемлекет құрдық. Қазақстанның Тәуелсiздiгiнiң болашағы үшiн, өсiп - өркендеу үшiн, нығаюы үшiн қазақтың – өзiмiздiң ұлттың бiрлiгi керек,
Осы жылдар ішінде талай белестен астық. Қазақстанды әлем таныды.
Ендеше, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
Сунақата ауылы №194 орта мектебі
Пәні мұғалімі: Көшербаева Жадыра
6 042
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы баяндау, оқушыларды өз бетінше жұмыс жасауға, шығармашылыққа дағдыландыру, отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу
Тәуелсіздік таңы
Тәуелсіздік таңы
Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
Тәуелсіздік таңы
Тәуелсіздік таңы
Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
Тәуелсіздік – тұғыры
Тәуелсіздік – тұғыры
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Суықбұлақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Матина Жанар Ескендровна
1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары
1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары
1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасының себептерін сипатын, қозғаушы күштерін, ұлттық қақтығысты таныту Отанын сүюге достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Желтоқсан құрбандарының жасаған ерлігі үшін тағзым ете білуге баулу
Тәуелсіздік-азаттығым, бақ күнім!
Тәуелсіздік-азаттығым, бақ күнім!
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тәжбенова Нұргүл Ұласарқызы «Тәуелсіздік - азаттығым, бақ күнім» Мақсаты: оқушыларға 1986 ж. көтерілісті, жастардың көтеріліске шығу себептерін, олардың
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×