Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әз-Наурыз!

14 наурыз 2017, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Әз - Наурыз! (1 сынып)
Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу;
Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Көрнекіліктер: Наурыз мерекесіне арналған суреттер, интерактивті тақта, шарлар, дөңгелек үстел, бесік, нақыл сөздер, киіз үй керегесі, ұлттық бұйымдар.
Мейрам өтетін жер салт – дәстүрге байланысты жабдықталады. Балалар ұлттық киімдерімен келеді. Киіз үй керегесінен сахна жасалынады. Ұлағатты сөздер жазылып ілінген:
«Наурыз құтты болсын!», «Жыл басы - Наурыз!», «Наурыз құт әкелсін!», «Құт береке мейрамы Наурыз жасасын!» т. б

Залда әсем әуен ойнап тұрады.
Мұғалім: Армысыздар құрметті қонақтар! Құрметті ата - аналар, ұстаздар мен балалар!
Малдар төлдеп қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған.
Жаңа жылдың сипаты,
Молшылыққа аңыз боп.
Басталыпты Наурыздан, -
демекші қазақ халқы жаңа жылды Наурыздан бастаған. Ұлыс күндеріңіз - Жаңа жыл құтты болсын!
Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Әз - Наурыз!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Әжемізді ортаға шақырайық (Алишердің әжесі - Гүлсім әже ортаға келеді) Әже шашу туралы сөзін айтады: Наурыз келсе, құт келгені халайық
Шашу шашып, ел боп қарсы алайық!
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке бұл тойдың
Шашуларын шашайық!
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!(Әжесі шашу шашады.)

Мұғалім:— Балалар, міне Наурыз да келіп жетті. 22 наурыз жыл басы. Наурыз үлкен мейрам.
Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,
Нұрға бөлеп міне жатыр маңайды!
Мал біткеннің бал татыған уызы,
Қуат болып қанымызға тарайды.
Төрт түлік мал халқымыздың сүйері,
Көңілімнің күмбірлеген күйі еді.
«Аман ба» деп мал жаның?
Бірін - бірі құшақтасып сүйеді - дегендей, бәріміз тұрып бір - бірімізді құшақтап, бір - бірімізге жақсы тілектер айтып, Наурыз мейрамымен құттықтайық! (Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсін!)

ІІ. Әңгімелеу
Мұғалім: Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21 - 22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» — жаңа, «руз» — кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды.

Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жаяды. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады.
— Наурыз — бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгі - сі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн. Ендеше
- Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды! – деп Ұлыстың ұлы - күні, Жана жыл - Наурызды қарсы алайық! - Наурыз қыз (Аяна): Салем, ата - аналар!
Айналайын, балалар!
Уақыт үдеп келдім мен,
Бақыт тілеп адамға.
Сайратамын бұлбұлды,
Жайнатамын гүл - гүлді
Жылғадан су ағызып,
Гүлдендірем әлемді.
(Наурыз қыз арнайы өзіне тағайындалған орнына отырып, тойды тамашалайды).
Мұғалім: Қыдыр ата тілерге жақсылығын,
Жас ұрпаққа жеткізер жақсы үнін.
Ұлыстың ұлы күні құтты болып,
Жаратқаным айырмасын жақсы күнін.
- Құрметті халайық, Қыдыр атамыз өзінің барлық ырыс, несібесін сыйлауға келе жатыр қарсы алайық! (Залға Қыдыр ата кіреді. Қыдыр ата (Алишердің атасы - Ғазиз ата):
- Уа халқым! Наурыз мейрамдарыңыз құтты болсын!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Төрт түлігің түгел болып, бастарыңа бақ, береке қонсын!

ІІІ. Тақпақтар
Енді біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз Наурыз мейрамына дайындаған тақпақтарын ұсынады.

Аружан: Қош келіпсің Наурыз!
Арман тойы халықтың.
Қуанышы баршаның,
Құтты болсын қадамың!
Нұрасыл: Наурыз тойы - береке,
Наурыз тойы - жыр аңыз.
Қызып дулы мереке
Қызық думан құрамыз.
Ақерке: Би биледік бәріміз!
Егін өңін толқытқан,
Елдің көңілін шалқытқан.
Бас иеміз - Наурызға!
Алишер: Сені тойлап қарсы алып,
Бар әлемге жар салып,
Сәлем бердік, біз сізге!
Мадина: Бата беріп атамыз,
Бата беріп апамыз,
Тәтті болып жасалған,
Наурыз дәмін татамыз.
Әділжан: Көктем келді бүгін,
Күнім төкті нұрын
Сайрап барлық құстар,
Ән салуға құштар.
Мұғалім: Көктемнің алғашқы күндерінен бастап жер бетіне қылтиып, бой көтеріп гүлдер өседі. Бұлар көктемнің алғашқы гүлдері деп аталады. Бұл бәйшешек, жауқазын, қызғалдақ. (интерактивті тақтамен жұмыс)
Құралай: Түрлі - түсті әйбат,
Гүлдер шықты жайнап.
Қызығып ылғи барамын,
Қырға шықты ойнап.
Нұрқожа: Сәнді көктем нұрымен,
Наурыз тойы жырымен,
Көңіл гүлдей жайнасын.
Али: Кіргізіп көркін даланың,
Бәйшешек қырда қаптады.
Қызығып ылғи барамын,
Үзуге бірақ батпадым.
Елдана: Күн мен түн теңеледі,
Жер шуаққа бөленеді,
Соны тойлар ел енді.
Ерасыл: Наурыз тойы — салтымыз,
«Көгерсін» — деп халқымыз,
Көшеге тал егеміз.
Мұғалім: Көктем — жыл мезгілінің әдемі бір кезеңі. Наурыз айында күн ұзарып, түн қысқарады. Күн көзінің шуағы молаяды. Қар еріп, жылғалардан су аға бастайды. Көктем – өте көңілді мезгіл. (интерактивті тақтадағы суреттерді көрсету)
Ақниет: Сансыз көкек сұңқылдап,
Көктем келді еркелеп.
Диас: Нәзік үнмен сыңқылдап,
Бұйра бұлақ еркелеп,
Көкте бұлттар күркіреп,
Жерге төкті өрмегін.
Балауса: Қар су болып жөнелді,
Қалды дала жалаңаш,
Күн нұрына кенелді.
Төлеген: Келіп көктем құстары,
Бау - бақшада ән салды.
Оларды жас достары,
Ұя жасап қарсы алды.
Мұғалім: Көктемде табиғат сәнін келтіріп көптен күткен құстарымыз да туған жеріне оралады.(Интерактивті тақтадан слайдтар көрсетіледі)
Айдана: Көкке бояп өңірді,
Көктем келді көңілді.
Бау - бақшада, орманда,
Құстар әні төгілді.

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы,
«К. Бозтаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
бастауыш сынып мұғалімі Слямгазина Нургуль Муратовна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 780
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Қош келдің, Наурыз!
Қош келдің, Наурыз!
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;
Нұр себеле – Әз Наурыз!
Нұр себеле – Әз Наурыз!
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы түсінік беру. Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт – дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу.
Жыл басы Наурыз
Жыл басы Наурыз
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүріне дәріптеуге тәрбиелеу; Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Қош келдің – Наурыз!
Қош келдің – Наурыз!
Сұрасаң бата берейін, Үстем болсын мерейің Ықыласпен қол жайсаң Ақ тілекті төгейін Ұлыс оң болсын Ақ мол болсын, Қайда барсаң жол болсын
Наурыз – жыл басы
Наурыз – жыл басы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Ж. Қалдығараев атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Мыңжанова Далухан
Наурыз - жыл басы
Наурыз - жыл басы
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы №3 орта мектептің бастауыш пәні мұғалімі Танатарова Разия Нурымовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×