Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Біз достықты сүйеміз

07 сәуір 2017, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Біз достықты сүйеміз
Мақсаты:
1. «Достық», «Өзара сыйластық» ұғымдарының адамгершілік құндылықтары ретіндегі мәнін ашу.
2. Тәуелсіздік жайында түсінік беру
Міндеттері: - Оқушы, мұғалім және ата – ана арасында жағымды қарым – қатынас жасауға, ата – аналардың мектеп өміріне араласуына, өздерінің бала алдындағы жауапкершіліктерін, оларға қажет екендігін сезінуге бағдарлау. Өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым – қатынастарын дамыту, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру. Отбасы – Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар. Сюжетті суреттер, үлестірме қағаздар,, жүрекшелер, слайдттар
Әдісі: Ата – аналар мен балалардан құралған командалар арасындағы сайыс түрінде өтеді

Кіріспе сөз:
Бүгінгі біздің ата – аналармен бірлесіп өткізгелі отырған сабағымыз тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерей тойына арналып өткізілмек. Біз де тәуелсіздігімізге өз үлесімізді осы іс – шара арқылы қоспақшымыз. Сабағымыздың тақырыбы «Біз достықты сүйеміз» деп аталады. Себебі, достық бар жерде бірлік, татулық болады. Сол достықтың арқасында осындай бейбіт жерде өмір сүріп жатырмыз. Тәуелсіздік бізге берілген бақ. Ата - бабамыз осы күнді аңсап кеткен. Президентіміз Нұрсұлтан әбішұлы айтпақшы: 21 ғасырдың ең басты заңы – татулық!
Енді біздің сыныбымыздың қаншалықты тату екенін тексерейік: Қазір қаншалықты тату екенімізді көрсетіп екі – екіден бір бірімізге достық құшағын жаяйық. Енді төртеуден. Ал бұл жолы сегізден. осы құшақтасқан күйі топтарға бөлініп топтарыңызға отыра қойыңдар
Сынып оқушылары мен ата – аналардан үш топ құралып, топтарға ат қойылады.
1 – топ – Жігер тобы.
2 – топ – Бірлік тобы
3 – топ – Парасат тобы
Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.
Бірде әскерлер бір өзеннің бойында қос тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Малды айдап, мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасына апаруын өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасына:
- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбастап берер малым - мүлкім жоқ. Бір - ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар, ол үшін менің өмірімді алыңдар, - дейді.
Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:
- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай - ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады, - дейді.
- Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.
- Маған сенің көздерің керек? – дейді қолбасы, - екі көзіңді ойып аламын.
- Ол да болсын, көзімді ал да, досымды тезірек босат, - дейді.
Жігіт бұл сыннан сүрінбей өтеді.
Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады.
Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе - бет ұрыста жеңу қиынға соғады.» деп түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық беріпті.

Әңгімеде не туралы айтылды. Бізді неге үйретеді?
– Сендердің ойларыңша « достық» дегеніміз не? Достықтың сендердің өмірлеріңде алатын рольі қандай? Осы сұрақтарға сендер келесі бөлімімізде

1 - бөлім. Ойлан - бірік - бөліс
сендер достық тақырыбын топтарыңмен ортаға салып ойланыңдар, сол ойларыңмен сыныппен бөлісесіңдер Бұл тақырыпты еліміздің тәуелсіздігімен байланыстырып айтуға болады.

2 - бөлім
Әр топ бүгінгі тақырыбымызға қатысты қандай ақын, жазушыларымыздың өлең шумақтарын білесіңдер.

1) Не жетеді нағыз досқа асылға,
Қуансаң да, қайғырсаң да қасыңда
Қиналады - сен қиналсаң болғаны,
Ұйықтамасаң - ұйықтамайды ол дағы

2) Досым, саған сенемін, сеніп өтем,
Жолды бөтен демеймін, жөні бөтен.
Достық деген – адамның көрігі екен,
Достық деген – ақылдың серігі екен.
Қыран – күлкі тамаша – бәрі осында,
Отырмын думан асып жатқанымен
Олқы тұр көңілім менің нанасың ба?

3) Тусіне білген адамга достық қымбат
Бірге ойнап кулген жастық қымбат
Ал егер досы жоқ адам болса
Ол адамга өмірдің несі қымбат

4) Досым, саган сенемін, сеніп өтем,
Жолы бөтен демейін, жөні бөтен
Достық деген - адамның көрігі екен,
Достық деген - адалдың серігі екен

5) Өмір деген өсіп тұрған гүл емес пе,
Сол өмірдің нағыз гүлі біз емес пе
Әрбір жан ДОСТАРЫМЕН бірге болса,
Өмірдің ең қызығы сол емес пе!

6) Нағыз достар бір - біріне ұнаған.
Қиындықта бірін - бірі сынаған.
Мүмкін емес доссыз емес өмір сүруде,
Сүйеу болар шақтарыңда құлаған.

7. Досы үшін дос көнеді бейнетке,
Дос деген сөз ең қадірлі жер - көкте,
Жақсылардың айрылмас досы көп.
Қолын берген қиыншылық кездессе.

8. Достарымды сүйемін бірге жүрген,
Бірге ойнап, менімен бірге күлген.
Достар деген жаныңның бір бөлшегі
Орын алған жүректің бір түбінен.

3 - бөлім. Шығармашылық жұмыс. «Балғын бояу» айдары. Әр топтарға мына конверттегі тақырыптарға байланысты «көп ақшаң болғанша, көп досың болсын», «бірлік түбі - бере», «татулық табылмас бақыт сурет салады және салған суреттерін қорғайды.
Енді балаларымыз шығармашылық жұмыспен айналысып отырғанда, біз бүгінгі ашық тәрбие сағатымызға қонақ болып келіп отырған ата - аналарымыздан қонақ кәде сұраймыз

4 - бөлім. Жағдаяттан шығу
1. Сенің ең жақын досың өзінен кіші баланың ұялы телефонын тартып алды. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр. Сен не айтар едің?
2. Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр. Сенің оларға шамаң жетпейді. Сен не істейсің?
3. Сыныпта бір әңгімеде досың екеуіңнің пікірің бір - біріне кереғар келіп қалды. Бұл жағдайда сен не істейсің?
4. Сен асығып барасың, ешқандай кешігуге болмайтын кездесуің бар. Досың саған тез келіп кетші, бір жағдаймен өте қатты қысылып тұрмын деді. Сенің әрекетің.
5. Сенің ең жақын досың жағымсыз қылық істеді. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр. Сен не айтар едің?
6. Анаң сабақтан қайтқанда нан ала кел деп ақша берді. Сені үйдегілер күтіп отыр. Түскі тамаққа нан келеді деп. Досың да анасы нан ала кел деген ақшасын жоғалтып алып не істерін білмей тұр. Не істейсің?
Келесі кезекті балалардың дайындаған көрінісін тамашалайық
Достар туралы роигімізді тамашалаңыздар
Ата - аналармен сұхбат

5 - бөлім Мақал – мәтел жарысы. «Мақал айтсаң – жол көрсеттің, мәтел айтсаң – жанымды жайландырдың» демекші, мақал – мәтел айтып жарысайық.
«Кемшіліксіз …. іздеген адам …. қалады».
2. «Дұшпан …. айтады, дос…. айтады».
3. «Жаңылмайтын … жоқ, сүрінбейтін тұяқ …….».
4. «…. жаңасы жақсы, … көнесі жақсы.».
5. «………. ақшаң болғанша, көп досың …».
6. «Досы көппен ….,
Досы жоқпен …».
7. «Досы …, өзі де жақсы».
8. «…. басқа қарайды,
… аяққа қарайды».
9. «Ақылсыз …. ақылды дұшпан ….».
10. « Досың мың ….,
… біреу болса да көп».
11. « … адам тамыры жоқ … тең»
12. « … дос болсаң,
Сасқанда ақылың айтар.
… дос болсаң,
Топ ішінде бетің қайтар».
Жауаптары
1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».
2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.
3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ».
4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».
5. « Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын».
6. «Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас».
7. «Досы жақсының - өзі де жақсы».
8. «Дос басқа қарайды,
Дұшпан аяққа қарайды».
9. «Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық».
10. «Досың мың болса да - аз,
Дұшпаның біреу болса да - көп».
11. «Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең»
12. «Білімдімен дос болсаң,
Сасқанда ақылың айтар.
Білімсізбен дос болсаң,
Топ ішінде бетің қайтар».

Қорытынды: Жүректен жүрекке. Әр топ балалары өздеріңнің достық тілектеріңді жүрекшелерге жазып. Ата – аналарымызға береміз. Ал ата - анларымыз бала ол жүректерді тақтадағы күн шапағына жапсыарының тілектерін «Достық» ағашына жапсырады. Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына орай «Біз достықты сүйеміз» тақырыбында өткен жарыс сабаққа қатысқан ата – аналардың пікірі тыңдалады.

Математика пәні мұғалімі: Әбдіқожаева Айгерім
5 122
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ата-аналар жиналысы: Баланың балабақшаға бейімделуі.
Ата-аналар жиналысы: Баланың балабақшаға бейімделуі.
Ата - ана, бала, тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету. Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; Отбасы мүшелінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты
Сыйласаң - сыйлы боласың
Сыйласаң - сыйлы боласың
Дос, туыс, жақын адамдар арасындағы өзара сыйластық туралы түсініктерін кеңейту Дос, туыс, жақын адамдарына деген сүйіспеншілігін арттыру Достық, туыстық, сыйластық қарым - қатынас жасай білуге тәрбиелеу
Достық қымбат өмірде
Достық қымбат өмірде
Ақтөбе қаласы, №53 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Ермагамбетова Бакытгуль Токтаровна
Достық қымбат өмірде
Достық қымбат өмірде
Избасарова Раушан Тлегенқызы Солтүстік Қазақстан облысы, М Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы
өзін-өзі тану
өзін-өзі тану
Павлодар қаласы Қ.Бекқожин атындағы №12 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Жомартова Назым Нурхасымовна Пән: Өзін-өзі тану 3-сынып Сабақтың тақырыбы:Ұл бала мен қыз бала Сабақтың мақсаты: Балалардың «сыйластық», «достық» құндылықтары туралы түсініктерін
Біз достықты сүйеміз
Біз достықты сүйеміз
Жезқазған қаласы, № 10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Әбіш Жансая Нөпірбайқызы.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×