Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білімді ел – мәңгі ел

14 сәуір 2017, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Білімді ел – мәңгі ел
1. ОҚО Білім Басқармасы КММ 22. 11. 2016ж №516 бұйрыққа сәйкес, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерей тойы қарсаңында М. Мақатаевтың 85 - жылдығын, ақынның шығармаларын насихаттау мақсатында «Білімді ел - мәңгі ел» атты өнер фестивалі өткізіледі.

Мақсаты: - Өскелең ұрпақтың әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау;
- Табиғи дарынды балаларды сахна төріне шығару;
- Ұлттық мәдениетіміз бен әдебиетімізді насихаттау;
- Жаңаша дүниетанымдық көзқараспен жұмыс жүргізу;
- Дарынды да, талант иегерлерін таңдау;
- Жасөспірімдердің туған өлкесіне деген сүйіспеншілігін арттыру.
2. Барысы: 1. Жүргізушілер сөзі.
2. Концерттік бағдарлама.
3. Көрме.

Мақсат: Ассалаумағалейкум! Қадірменді өнер сүйер қауым!
Карина: Здраствуйте дорогие гости!
Мақсат: Тарих - халқымыздың жүріп өткен сан ғасырлық жолдары, бастан кешкен қилы тағдыры, жеңілісі мен жеңісі. Міне, өркениетті елдер шоғырында еңсесін биіктетіп, көк байрағын асқақ желбіреткен қазақ елі Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтті. «Тәуелсіз - халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының нәтижесі»- деп, Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, бізге оңай келген жоқ. Осынау кең – байтақ қазақ жерін қорғау үшін ата - бабаларымыз қасық қаны қалғанша елін, жерін қорғап, ұрпақтан - ұрпаққа мирас етіп келеді.
Мақсат: Алдарыңызда №2 Төле би балалар үйінің ұлт - аспаптар оркестрінің орындауында Кенжебек Күмісбековтың күйі «Өмір жолы», Нұрғиса Тілендиевтің күйі «Аңсау» көркемдік жетекшісі Есеналиев Ахмет Тағанұлы.

Карина: Мы славим свою Родину, свой край и поэтому мы - нынешнее поколение, должны знать и понимать, что образованные, перспективные и успешные люди всегда нужны нашей стране. А теперь, встречайте на этой спене песню «Мектебім» в исполнений Төребаевой Акботы.

Мақсат: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі
Бишілер өнерлерін көрсетуде.
Ортаға «Балдаурен» бишілер тобының орындауында «Ой жайлауым» биі, қарсы алыңыздар!

Мақсат: Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев
Өлтіре алмас, алайда, өлеңді ешкім!
Өлмес өнері - өлеңімен жалпақ елінің жүрегіне жол тауып, бүкіл халықтың сүйіспеншілігіне бөленген ұлы перзенттің ұрпаққа ұран болған жырларын ешқашан есінен шығармасы шындық дегендей, қазақ өлеңінің аспаны да ерекше жарқыраған жұлдыз, ақиық ақын Мұқағали Мақатаев ағамыздың 85жылдық мерей тойы аталып өтті. Алдарыңызда «Ей, менің өткелдерім»
орындайтын: Бисенов Бикелді.

Карина: Мы дружной семьёй живем в Казахстане
Татары, уйгуры и русские с нами
Так пусть же крепнет во веки веков
Дружба народов всех возврастов

Поприветствуем танцевальную группу девочек «Дива» с «Татарским танцем»

Мақсат: Анамыздай аялаған, баптаған
Ұстаздарын ізгілікке бастаған
Еңбекпенен жана берсін бағыңыз
Сіздерге бізден мың алғыс -, демекші ортаға Карнейчук Каринаны
«Куда уходит детство» әнімен қарсы алыңыздар

Мақсат: Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек біліммен алынар
Білімменен аспанға жол салынар
«Білімді мыңды жығар» қуыршақ театры

Карина: Сейчас ХХ! век - век нового поколения которому предстоит стать опорой молодого государства. Нам следует уделят большое внимание учебе, стараться приобрести максимум знаний. Государству нового тысячилетия необходимы образованные, активные люди. От вас будет зависить будущее государства. «Казахстану необходимо интеллектуальная революция, которая позволит пробудить и реализовать потенциал нашей наций»- говорит наш глава государства Н. А. Назарбаев.

Мой Казахстан - это мой дом, моя Родина.
А сейчас встречайте куй «Сарыарка»
Мақсат: Ән мен күйді төгілтіп,
Інжу маржан шашайық.
Қонақтарды таңдантып,
Өнерден күмбез жасайық.

Беспаева Күлімханның орындауында «Мектебім» әні және «Бәйшешек» бишілер тобы.

Мақсат: Бабалардан қалған мынау оң мұра,
Отырайын ал тізеге қондыра
Қос ішегі сөйлесінші қазақтың.
Шанағынан күй төгіле домбыра,- демекші домбырашылардың орындауында Құрманғазы Сағырбаевтың күйі «Адай».

ОҚО, Төлеби ауданы,
Бірінші мамыр елді мекені
№2 Төлеби балалар үйі
Алия Бейсебаева

Толық нұсқасын жүктеу
2 594
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Талантты және дарынды балаларды анықтау және оқыту жолдары
Талантты және дарынды балаларды анықтау және оқыту жолдары
Дарынды және талантты оқушыларды анықтау жолдарын іздестіру, оларды оқыту әдістерін зерделеуге көмектесу
Дарынды балалармен жұмыстың жаңаша түрі
Дарынды балалармен жұмыстың жаңаша түрі
Дарынды балаларды айқындау мен дамытудың ерекшеліктері. Білім жүйесімен ғана қаруландырып қоймай, олардың назарын, білгендерін, жадында сақтай білу қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін, білімге құштарлығын, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуына,
Тәуелсіздік - бақытым атты интеллектуалды – танымдық ойын
Тәуелсіздік - бақытым атты интеллектуалды – танымдық ойын
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерей тойы қарсаңында балалардың меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан - жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру.
Өлкетану (авторлық бағдарлама)
Өлкетану (авторлық бағдарлама)
Өзінің туған өлкесі жайлы білімді терең меңгерту және дамыту
Дарынды оқушыларды дамыту тұжырымдамасы
Дарынды оқушыларды дамыту тұжырымдамасы
Шығыc Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, М. Ломоносов атындағы орта мектептің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Абраимова Гульбану Жумабековна
Жыл таланттары
Жыл таланттары
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мұхтарова Гүлдана Сәрсенғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×