Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


31 мамыр – Саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне. Үш бәйтерек – үш ғұмыр

15 мам 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
31 мамыр – Саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне іс-шара.
«Үш бәйтерек – үш ғұмыр»
Фон: халық күйі “Ел айрылған”
1 – оқушы:
Сермелген жырға сойыл көп,
Зұлымдықтардан кейін кеп.
Отырмын жоқтап сендерді,
Ілияс, Сәкен, Бейімбет.
Жойылып қашан кей індет,
Қайғысы елдің сейілмек?
“Халық жауы” боп атылды – ау
Ілияс, Сәкен, Бейімбет?!
Алаулап ерен бойымда от,
Бермейтін тыным ойым көп
Қиды екен қалай өлімге -
Ілияс, Сәкен, Бейімбет?!
Ұлы көш қалмас кейіндеп,
Алға асқан сайын тойың көп.
Ұмытпас ел үшін арысын –
Ілияс, Сәкен, Бейімбет!

Мұғалім сөзі: Бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыз қазақ халқының “Үш бәйтерегі” – көп ұлтты кеңес әдебиетінің негізін салушы, Қазақстанның қоғамдық тарихында абыройлы орын алатын, революционер - коммунист Сәкен Сейфуллинге, Қазақ кеңес әдебиетінің ірге тасын қалаған “алыптар тобындағы” ірі ақын, іргелі прозаик және драматург Бейімбет Майлинге, Қазақ кеңес әдебиетінің бастау қайнарында тұрған құдіретті талант иесі, ақын, драматург, прозаик Ілияс Жансүгіровке арналады. Мақсаты: Қазақтың “Үш бәйтерегінің” өмір жолын кейінгі жас ұрпаққа таныстыру.

2 – оқушы:
Сәкен Сейфуллин – қазақ Кеңес әдебиетінің негізін салушы, көрнекті ақын, қоғам қайраткері. Оның есімі халық арасына революция жылдары және олан кейінгі кезеңде кеңінен тарады. Ол қазақ ақындарының ішінде бірінші болып революцияны жырлады, Совет өкіметі үшін күреске белсене қатысты. Революциядан кейінгі бейбіт құрылыс жылдарында С. Сейфуллин шығармалары қазақ халқының Қазан әкелген бостандықты тануына, революция шындығын түсінуге көмектесті. Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин 1894 жылы бұрынғы Ақмола облысына қарасты Ақмола уезіндегі Нілді болысының бірінші ауылында, қазіргі Қарағанды облысы Жаңарқа ауданында туған. Алдымен ауыл молдасынан сауат ашқан ол Нілді мыс заводындағы орыс - қазақ мектебінен білім алады. 1908 - 1913 жылдары Ақмоладағы Приходская школаны, кейіннен екі класты училищеде оқиды. 1916 жылы Омскінің мұғалімдер семинариясын бітіріп, оқытушы болады.

3 – оқушы:
Бейімбет Майлин - қазақ кеңес әдебиетінің аса талантты өкілдерінің бірі. Шығармашылық жұмысқа революциядан бұрын араласып, демократтық бағытта шығармалар жаза бастаған. Ол Қазан революциясы жеңісінен кейін жаңа әдебиеттердің іргетасын қаласуға белсене қатысты. Бейімбет әдеби жанрлардың баюына, оның тақырыптық кеңеюіне, көркемдік жетілуіне көп үлес қосты. Поэзия, проза, драма салаларында қат - қабат және өнімді қызмет еткен жазушы революция теңдікке жеткізген қазақ кедейлерінің оянып, өсу жолын ауылдағы жаңарушылықтың сырларын өз шығармаларында терең бейнеледі. Сондықтан да, қазақ совет әдебиетінің алғашқы жиырма жылдық тарихында Бейімбет творчествосының ерекше орны бар. Жазушы шығармалары қазақ ауылындағы кеңестік негіздегі өзгерістердің шежіресі есепті болды. Бейімбет Майлин 1894 жылы Қостанай уезіндегі Дамбар болысында, қазіргі Қостанай облысының Таран ауданында туған. Майлин алғаш рет ауыл молдасынан сауат ашып, хат таниды. Содан соң ауылдағы Әбдірахман Арғынбаев дегеннің медресесінде екі жыл, 1913 - 1914 жылдары Троицкідегі “Уазифа” мектебінде білім алады.

4 – оқушы:
Ілияс Жансүгіров – қазақ кеңес әдебиетінің аса ірі қайраткерлерінің бірі. Ол әдебиеттің барлық негізгі жанрларында қалам тартты. Соның ішінде Ілиястың поэзия саласын дамытуға қосқан үлесі зор. Қазақ кеңес поэзиясының алтын қорына қосылған талай - талай лирикалық өлеңдерімен қоса І. Жансүгіровтың “Күй”, “Дала”, “Күйші”, “Құлагер” сияқты поэмалары бар. Оның көркем аударма саласындағы еңбегі де мейлінше жемісті. Ілияс Пушкиннің “Евгений Онегин” атты өлеңімен жазылған романын, “Гаврилиада” поэмасын, көптеген лирикалық өлеңдерін, Лермонтов пен Нкрасовтың, Горький мен Маяковскийдің шығармаларын қазақ тіліне аударды. Өзінің ақындық зор талантымен, тамаша көркем шығармаларымен І. Жансүгіров қазақ кеңес поэзиясына өшпес үлес қосты және оның кемелденіп өсуіне зор көркемдік ықпалын тигізді. І. Жансүгіров 1894 жылы бұрынғы Қапал уезі Ақсу болысында, қазіргі Алматы облысы Ақсу ауданында шағын ғана дәулеті бар шаруаның отбасында туған.

Жүргізуші:
Үш бәйтерек теңдікті аңсады. Бай мен кедей арасындағы тартысты, әділетсіздікті жырлады. Болашағымыздың бостандығы үшін күресіп, арттарында өшпестей із қалдырды.
Сәкен, Ілияс, Бейімбет
Аңсады олар теңдікті
Қазақтың байтақ еліне
Ту етіп тікті теңдікті.

5 - оқушы: Жас қазақ марсельезасы – С. Сейфуллин
Азамат, жүнжіме, жүрме бос,
Қол ұстас, бірігіп тізе қос.
Ту ұстап дұспанға барайық,
Теңдіктің ұранын салайық.
Тізесін батырған залымнан
Күн туды - біз теңдік алайық.
Азамат сестеніп көзіңді аш, жүрме бос.
Ұран сал, алға бас, бірігіп тізе қос.
Қызыл ту – шылауың, қорғаның,
Тізе қос, тізе қос, тізе қос.
Патшадан әділдік жоқ еді,
Ұлықтар парақор тоқ еді.
Бұқара халықты кем тұтқан,
Жек көрген, итімен тең тұтқан,
Қоспаған санына адамдық,
Айламен ұстаған надан ғып.
Жойылсын құлшылық, кемшілік,
Жасасын әділдік теңшілдік.
Бұрынғы қу қыспақ жол қалсын
Өз еркін бұқара қолға алсын.
Жер үстін шат қылып көркейтіп,
Қызыл ту желбіреп орналсын.

Жүргізуші:
Б. Майлиннің “Ыбыраймысыз, Ыбыраймын” қойылымы.
Бай ролінде – Нұрсұлтан
Кедей ролінде - Азамат
Жүргізуші:
Кеше.
• Уа, кімсіз?
• Ыбыраймыз.
• Жаймысыз?
• Жаймыз.
• Уа, қайдан келесіз?
• Сайлаудан келеміз.
Елге ойран сап
Ойнаудан келеміз.
Төске таққан шеніміз бар,
Патшаға жаққан ебіміз бар,
Құдайға шүкір,
Қойдан жуас,
Момақан ғана еліміз бар.
Біз бай,
Біз құдай!
Күш сынасса,
Жым болады.
Кім келеді сайма - сай!

Жүргізуші:
Бүгін.
Уа, кімсің?
Ыбыраймын.
Жаймысың?
Жаймын.
Қайдан келесің?
Соттан келемін.
Соттан емес – ау, оттан келемін.
Білдің бе?
Білдім ғой.
Қалай екен?
Арыз берген малай екен.
Солай ма екен?
Солай екен!
Не дейді?
Ақы сұрайды.
Қанша?
Он мың сом.
Он мың сом?
Нең қалады?
Нем қалсын:
Қатын қалад,
Мен қалам.
Шенің қайда?
Тозған.
Елің қайда?
Күні озған.
Енді не етпексің?
Бітем!
Бітсең, біт, - мен де соныңды күтем.

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы
І. Үргенішбаев атындағы орта мектебінің кітапханашысы
Уснадинова Айдана

Толық нұсқасын жүктеу
21 600
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Сәкен Сейфуллин
Сәкен Сейфуллин
Сәкен Сейфуллин - қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткері, Қазақстанның қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Қазақ КСР - інің Халық Комиссарлары Кеңесінің алғашқы төрағасы болған.
31 мамыр – саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күні
31 мамыр – саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күні
31 мамыр – бүкіл қазақ баласы көкірегін қарс айырып, бір сәт күрсінетін күн. Өлгенге иман, өткенге салауат тілейтін күн. Қаскөй саясаттың қанқұйлы қасап - қыспағынан қапыда мерт болған қаншама қазақ баласын жоқтайтын күн.
Сәкен Сейфуллиннің өмірбаяны
Сәкен Сейфуллиннің өмірбаяны
Сәкен Сейфуллин 1894 жылы бұрынғы Ақмола облысы Ақмола уезі, Нілді болысының Бірінші ауылында (қазіргі Қарағанды облысы, Ақадыр ауданы) туған.
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин (Сәдуақас) (1894 - 1938) Қазақтың көрнекті жазушысы, ақын, қоғам қайраткері.
Сәкен Сейфуллинге 129 жыл «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» әдеби кеш
Сәкен Сейфуллинге 129 жыл «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» әдеби кеш
Кештің мақсаты: Жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу, ақынның өз заманындағы саяси - қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
Елім деп жырлаған үш бәйтерек
Елім деп жырлаған үш бәйтерек
Тақырыбы: «Елім деп жырлаған үш бәйтерек» (мәнерлеп оқу сайысы) Мақсаты: Білімділігі: Оқушыларды Бейімбет, Ілияс, Сәкен жайлы тың деректермен таныстыру, талдау, қолдану, жүйелеу, салыстыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×