Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғат ғажайыптары

16 мам 2017, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Оқушылармен сәлемдесу, шараға назарларын аудару.
Тәрбиелік шараның тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
Оқушыларды үш топқа бөлу:
І топ: Жер.
ІІ топ: Су.
ІІІ топ: Күн.
Топтың ұраны ретінде әр топтың атына байланысты:
«Жерден - нәр»,
«Судан - күш»,
«Күннен нұр» деп жазылған ұран таратылады.

Тәрбиешінің сөзі:
- Қазіргі кезде барша адамзат алдында тұрған кезде күттірмейтін киелі де күрделі міндеттердің бірі ыстық ұя, алтын бесік, жұмыр жердің табиғатын қорғау және оның сан алуан байлығын ұқыпты пайдалану болып отыр. «Табиғаттың ғажайыптары». «Тәрбие бесіктен басталады» дегендей, болашақ ұрпақты экологиялық сауатты етіп, тәрбиелеуді отбасы, ошақ қасынан бастағанымыз дұрыс. Табиғаттың жасыл желегі мен аң - құсын аялау - көзі ашық, көкірегі ояу әрбір азаматтың борышы. Бүгінгі шарамызда табиғат туралы білімдерімізді ортаға саламыз. Ол сайыс арқылы жүзеге асады.

1) Экранда көрсетілген слайдтарға байланысты «Отан», «Туған жер, «Жан - жануарлар», «Құстар», «Гүлдер» туралы мақал - мәтелдер айту.

2) «Табиғат менің көзіммен» тақырыбы бойынша ой толғаныс. Оқушылар бұл бөлімді тіл дамыту мақсатында табиғат жөнінде өз ойларын айтады.

3) Тапсырма: Бұл тапсырмада 3 топқа нақыл сөздер беріледі, өз ойларын айтады.
1-топ – «Табиғат асыл қазынам»
2-топ – «Қанатты дос табиғаттың тартуы»
3-топ - « Жасыл желек жанға сая»

4) Сергіту сәті:

5) Келесі тапсырма сөзжұмбақ шешу. Адасқан әріптерді орнына қою арқылы құс атауларын табу
Қ А Б К І Д К
Л Р Ү Р Т Е І
Ы Ғ Қ А Е Г Л
Ш А И З Л К І
Қ О Қ К Е Е К
6) Әр топ туған жерге байланысты таратылған тірек сөздерден қанатты сөз жасап тақтаға іледі:
І топ: Туған жерді сүю – парыз,
ІІ топ: Сүю үшін білу - парыз,
ІІІ топ: Табиғатты ұғу – парыз.
Ойын: « Кел, ойнайық»
Балалармен есте сақтау қабілеттерін анықтау мақсатымен ойын өткізу.
Оқушыларға сөздер оқылады, сол сөздерді қағазға жазады. Қай топ көп сөзді жазып үлгереді, сол топ жеңеді.
«Аю, терек, раушан, қарға, түлкі, шағала, кесе, қасқыр, қасық, роза, қарағай, тарелка, емен, орман, маймыл, қайың, үйрек, ағаш, қаз, шырша, жолбарыс, ожау, арыстан, қарлығаш, қоян, аққу, бүркіт, күркетауық, тауық, қалақ, керік, стақан».

ІІІ. Қорытынды кезең.
«Табиғат біздің қолымызда» атты тақырыпта ойын ұйымдастыру. Ойынның мақсаты: қоршаған ортаны гүлдендіру, салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлес қосу, экологиялық зардаптарды болдырмау.
Барысы: Әр топқа жеке тапсырма беріледі. Нәтижесінде гүл отырғызу.
1. «Жер» тобы ыдысқа топырақ салады.
2. «Күн» тобы гүлдің бір бөлігін топыраққа отырғызады.
3. «Су» тобы гүлге су құяды.
Сабақ соңында бәрі хормен «Атамекен» әнін орындайды.
9 553
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғатты қорғау - адамзаттың парызы атты ашық тәрбие сағаты
Табиғатты қорғау - адамзаттың парызы атты ашық тәрбие сағаты
5 маусым - Бүкіл әлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған тәрбие сағатының іс-шарасы
Табиғат тал бесігің, аялай біл!
Табиғат тал бесігің, аялай біл!
Табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғызу. Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Табиғат – тал бесігің, аялай біл!
Табиғат – тал бесігің, аялай біл!
Оқушыларға адам мен табиғаттың егіз екенін ұғындыру. Табиғат - қазына байлық екенін түсіндіру. Қоршаған ортаны қорғау, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру. Туған жердің табиғатын аялауға тәрбиелеу.
Табиғатым - тал бесігім
Табиғатым - тал бесігім
Адам мен табиғаттың егіз екенін ұғындыру. Табиғат қазына байлық екенін түсіндіру. Жерді, құрметтеуді, табиғатты қорғауды үйрету. Қоршаған ортаны қорғау, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру
Табиғат қоршаған орта емес, табиғат біздің өзіміз
Табиғат қоршаған орта емес, табиғат біздің өзіміз
Тилемисова Майра Жолмұратқызы М. Мәметова атындағы гуманитарлық колледжі оқытушысы
Жануарлар дүниесін қорғау
Жануарлар дүниесін қорғау
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Елшібекова Сәуле Орынбасарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×