Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жүректі жылытар мейірімділік

29 қаңтар 2020, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Жүректі жылытар мейірімділік
Көрнекілігі: Слайд, видеоролик, плакаттар
Мақсаты: Адам бойындағы асыл қаситтердің бірі мейірімілік туралы жан жақты ой қозғап, оқушылардың өнерлерін тамашалау
1 - жүргізуші:
Қайырлы күн ұстаздар, оқушылар бүгінгі « Жүректі жылытар мейірімділік»атты шарамызға қош келдіңіздер!

2 - жүргізуші:
Мейірімділік - адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс - тіршілігін, жан - дүниесін жадырататын, шат - шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі. Ендеше мейірімділік сезімі жайлы видеороликке назар аударайық!

1 - жүргізуші:
Иә, дұрыс айтасың.............. Мейірімділік махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады деп хәкім Шәкәрім бекер айтпаса керек.

2 - жүргізуші:
Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде мейірімділік адамдар арасындағы адамгершілік, ізгілік пен ізеттілік, имандылық пен инабаттылық секілді асыл қасиеттермен үндестік тапқан. Ж. Баласағұн: кір тигізбей ұста ойыңның өрісін, мейірім етсең - мейірімділік көресің деп, мейірімділікке зор мән берген екен.

1 - жүргізуші:
Мейірімділік - ғажайып өмір есігі,
Мейірімді болсаң - сазды әуенмен тербетілер бесігің.
Ашық болсаң мұқтаждарға көңілің мен есігің,
Мейірімсіз болсаң, алладан болмас кешірім.

2 - жүргізуші:
Қол ұшын бер жетімдерге жылаған,
Қайтарма қолын, ананың көмек сұраған.
Оу, адамзат, сіңірген бойға мейірімді,
Өтініп соны, сіздерден әркез сұранам.
Мейірімді ізде, таза, аңғал жүректен,
Селт еткізіп сезімді бойда дір еткен.
Мейірім ана бойында сіңірген бойға, мойында,
Өмірге мына жылылықпен гүл еккен.

1 - жүргізуші:
Ендеше, алдарыңызда әсем әнімен _________________ қарсы алыңыздар
1. Зарина
Жақсы адам көңілі күн –
Жанға сәуле түсірген.
Нашар адам көңілі түн –
Кеудеден отты өшірген.
2. Азамат
Талпын жақсы болуға,
Күндей сәуле шашатын,
Білім іздеп өнер тап,
Түнді күндей ашатын.
3. Альбина
Айтқан тілді аламын,
Айтқан жерге барамын.
Мен әдепті, мен әдепті баламын.
4. Ерназ
Толған айдай жан болсаң,
Толсын ақыл ішіңе.
Күн көзіндей жан болсаң,
Ел сүйсінсің ісіңе.
5. Әсел
Сыйластықты іздеген,
Әдеп сақтар ізгі өрен.
Сыпайылық белгісі –
Үлкендерге «Сіз» деген.

1 - жүргізуші:
Қазір оқушыларға слайд арқылы жағдаяттар беріледі, соларға жауап берейік
Жағдаяттарды шешу:
1 - жағдаят: Сен аулада ролик теуіп жүрдің, ал сенің досыңның ролигі жоқ, сенің әрекетің?
2 - жағдаят: Сенің алдыңнан бір құшақ газет - журнал көтерген хат тасушы апай шықты, сен не істер едің?
3 - жағдаят: Сенің анаң ас дайындап жатыр, ал інің мазасызданып кетті, сенің әрекетің?
4 - жағдаят: Сенің алдыңнан ауыр сөмкелерін көтерген әже шықты, сен абайсызда ол әжені қағып кеттің, оның сөмкесіндегі заттары шашылып қалды, сен не істер едің?
Жауабы
1. Егер менде ролик болып, жанындағы досымда ролик болмаса, мен оның рұқсатымен роликті кезектесіп тебуге келісер едім.
2. Егер алдымнан хат тасушы шықса, оның көңілін аулап, жұмысын жеңілдетіп, газеттерін көтерісуге көмектесер едім.
3. Анам алаңсыз тамақ дайындауы үшін, інімді алдандырып ойын ойнатқызар ем.
4. Кешірім сұрап, шашылған заттарды жинап, үйіне апаруға жәрдем берер едім.
2 - жүргізуші:
Кемпірқосақ жеті түстен тұрады.
Осы түстердің әрқайсысында жақсы ақыл кеңес бар екен.
1. Әр күніңді жақсы ойлар ойлаумен баста, бос өткізбе
2. Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек
сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлай жүр
3. Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуанттым, жұбатқаныңды, қайырым жасағаныңды есіңе түсір.
4. Басқалардың қажетіне жарай білуге талпын.
5. Ата — анаңның мейірім шуағын сезініп, қадірлей біл..
6. Тыныштық сақтай білуге үйрен, Нәзік үнмен биязы, мәдениетті сөйлеуге үйрен
7. «Жақсылыққа жақсылық — әр кісінің ісі, Жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі» деген мақалды түсініп жадыңа ұста.
(баяу музыка ойнап тұрады)
1 - жүргізуші:
Жақсы болу өзіңнен
Жаман болу өзіңнен,
Өзіңді өзің ая да,
Өзіңнен үйрен, өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
«Мен қандаймын?» — деп ойла.
2 - жүргізуші:
Жамандық көрсең біреуден,
«Мен қандаймын?» — деп ойла.
Өзіңді өзің қолыңа ал,
Өзіңсің ақыл айнасы.
Тиеді саған мәні бар,
«Өзіңді тану» пайдасы.
Шара тақырыбына орай мейірімділікке жетелейтін, ақыл, қайрат, білімділік қасиеттері жайлы қысқаша көрінісімізді назарларыңызға ұсынамыз. Қабыл алыңыздар.
Жүрек:
– Мен адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп, еритұғын – мен, жаманшылықтан жиреніп, тулап кететұғын – мен. Әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен таралады. Жүрек жанында тұрған «Ақыл» мен «Қайратқа» қарата сөз сөйлейді:
– Ей, ақыл! … Амал да, айла да – бәрі сенен шығады, жақсының, жаманның екеуінің де сүйенгені – сен екеуінің де іздегенін тауып беріп жүресің – соның жаман.
– Ей, қайрат! Сен де жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің – соның жаман. Ортада бой таластырған үшеуге әділ төрелікке «Білім» ата келеді.
Білім:
– Сенің үшеуіңнің басыңда қоспақ – менің ісім. Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Осы үшеуінің басыңды қос, соның ішінде жүрекке билет.
1 - жүргізуші:
Үш - ақ нәрсе – адамның қасиеті:
Ыстық жүрек, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Біреуінің күні жоқ, біреуінсіз,
Ғылым сол үшеуінің жолын білмек.
2 - жүргізуші:
Табиғаттағы барлық жылу – күннен,
Өмірдегі барлық жылу – адамнан.
1 - жүргізуші:
Ендеше, адамдар бір — біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.
Жақсылықпен - кәрі - жастың күйін біл,
Сөз, ісіңмен ел - жұртыңды сүйіндір.
Есендікте ізгілік ет, тарылма.
Жүзінде жылу, жүрегінде мейірімділігі мол, күн көзіндей жарқырауды қалайтын жас өрендердің орындауында «Әрқашан күн сөнбесін» әні. Қабыл алыңыздар!
2 - жүргізуші: Жүрегіміз жылылыққа көңіліміз шаттыққа, жүзіміз қуанышқа толып, бүкіл адамзат баласын жақсылыққа жетелейтін мейірімділік қасиеті сөнбей, әр күніміз әдемі өтсін. Жақсылықтың жаршысы болыңыздар! Бар болыңыздар! Бақытты болыңыздар!
Бірге: Келесі кездескенше аман сау болыңыздар!
43 447
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мейірімділік – асыл қасиет
Мейірімділік – асыл қасиет
Қамқорлық жасауға жетелеу, мейірімділікке тәрбиелеу.
Мейірімділік – асыл қасиет
Мейірімділік – асыл қасиет
Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Байқоңыр ауылы, «№17 Байқоңыр орта мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Абдибекова Айгуль Жанкараевна
Мейірімділік әлеміне саяхат
Мейірімділік әлеміне саяхат
Әулиекөл ауданы, «Айгөлек»балабақшасы МКҚК тәрбиешісі Нашен Гүлмира Сагантаевна
Мейірімділік шуағы
Мейірімділік шуағы
Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, «№14 орта мектебі»КММ бастауыш сынып мұғалімі: Құрманбекова Меруерт Дәулетбекқызы
Алтын жүрек Анамыз
Алтын жүрек Анамыз
Сара Алпысқызының ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, ата - анасына, ең жақын адамдарына, жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Мейірімділік шуақтары
Мейірімділік шуақтары
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Қазалы ауылы №100 орта мектебінің кітапханашысы Тәжиева Алтынай Шәймерденқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×