Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлыстың ұлы күні!

22 мам 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Ұлыстың ұлы күні!
Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру.
Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу. Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, киіз үй керегесі, ұлттық бұйымдар.
Барысы: Мейрам өтетін жер салт - дәстүрге байланысты жабдықталады. Балалар ұлттық киімдерімен келеді. Киіз үй керегесінен сахна жасалынады.
Жүргізуші: Оралгазина Қ. С. Наурыз қыз: Қонырова А. Әже: Серикова Ә. М.
Қойшы: Мынғазы А. Мыстан: Атамбаева Е. П. Баласы Кенжебек: Есен Ш.
Батыр Махамбет: Мусаев Н. Желаяқ: Ермек М. Таусоғар: Тұрлыбек Д.
- Залда әсем әуен ойнап тұрады.
Тәрбиеші: Армысыздар құрметті қонақтар.
Ұлыс күндеріңіз құтты болсын!
Келе жатыр жылымыз
Мейрамдаймыз мұны біз
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!
(Әже мен наурызқыз ортаға келеді Әжесі шашу шашады)
Наурыз қыз:
Наурыз тойы береке
Наурыз тойы жыр аңыз
Қызып дулы мереке
Қызық думан құрамыз
Алишер: Наурыз – бабамның сөзі
Наурыз - анамның сөзі
Ғасырдан ғасырға жеткен
Даламның сөзі
Нұрасыл: Ата – бабам тойлаған
Наурызым армысың!
Қызығына тоймаған
Дархан дала қарлы шың
Шыңғыс: Мерекені байырғы
Алды халқым қабылдап
Ақ дастархан жайылды
Ошақта от жалындап
Алдиар: Көктемім төкті нұрды
Көнілдін кетті мұны
Кел достар ән шырқайық
Ұлыстын ұлы күні
Нұрдәулет: Наурыз тойы салтымыз
Аман болсын халқымыз
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын
Ерасыл Д: Жылдың басы наурыз
Жердің басы наурыз
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр әніміз
Дәулет: Ұлыстың ұлы күні
Жаңғырды қазақ үні
Түрленді жер анамыз
Бүршігін жарып гүл
Ерасыл А: Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды
Арман: Наурыз той салтымыз
Аман болсын халқымыз
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын
Мәди
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, сіздерге арналған «Ақжелкен 2»тобының бүлдіршіндерінің «Алтын сақа» ертегісінің желісімен қойылған «Ұлыстың ұлы күні»атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.
Көрініс:
(Шал қолында қамшысы бар, қой жайып жүреді)
Шал: Шек, шек, ей кебенек! Мына ешкілер әбден мазамды алды «Қой бақтым қонырау тақтым, ешкі бақтым еніреп бақтым»деген осы екен ғой. Ух, әбден шаршадым (деп малдас құрып отыра кетеді Сол кезде артынан Мыстан кемпір келіп шалды қылқындыра бастайды)
Мыстан: Ух, бәлем қолыма түстін бе?
Шал: Ойбай, ойбай жіберші, қылқынып барам.
Мыстан: Сен маған не бересің?
Шал: Бір отар қой беремін
Мыстан: Жоқ, маған қой керек емес, баланды бер әйтпесе жібермеймін
Шал: Жарайды, жалғыз Кенжебек деген ұлым бар соны ал.
Мыстан: Онда келісемін, оны қалай бересің?
Шал: Баламның жақсы көретін алтын сақасы бар, соны саған беріп кетейін, балам алтын сақасын іздеп келгенде өзін ұстап ал. Міне алтын сақа (деп қалтасынан алтын сақасын алып береді де өзі кетіп қалады. Мыстан алтын сақаның жанында отырады. Бала сақасын іздеп шығады)
Бала: Апа, апа анау сақаны алып берші?
Мыстан: Ой, мен отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын, өзін ал.(Бала еңкейіп сақаны ала бергенде мыстан оны шап беріп ұстап алады. Осы кезде қыздар Кенжебекті іздеп шығады.
Қыздар: Кенжебек, Кенжебек қайдасын біз сені іздеп жүрміз ( Осы кезде ортаға мыстан атып шығып қыздарды қорқытады. Қыздар қорқып бірінің артынан бірі тығылады)
Мыстан: Сендерге Кенжебек керек болса, менің шартымды орындаңдар.
Қыздар: Орындаймыз, апа орындаймыз.
Мыстан: Онда маған Наурыз тұралы тақпақ айтып беріңдер(балалар наурызға байланысты тақпақтарын айтады)
Айару Д: Наурыз той салтымыз
Кемелденсін халқымыз
Аяна: Уа, ағайын халайық
Мұнда назар салайық
Мерекесі халықтың
Наурыз тойын бастайық
Дильназ: Наурыз келді еліме
Наурыз келді жеріме
Байлық бақыт тілеймін
Бүкіл қазақ еліме
Айару Ш: Ата – бабам тойлаған
Наурызым армысың!
Байлық бақыт тілеймін
Бүкіл қазақ еліме
Айназ: Наурыз тойы салтымыз
Аман болсын халқымыз
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын
Рамина: Наурыз той тамаша
Наурыз той жаңаша
Табиғатта тамаша
Тамылжып тұр жараса
Аяулым: Әнім де саған биім де
Құт қонақ өз үйімде
Қуаныш сыйлап үйіме
Күлімде наурыз, күлімде

Анел: Жайнатып гүл – гүліңді
Сайратып бұлбұлыңды
Мерейлі жұрт тойласын
Мейрам етіп бұл күнді
Мыстан: Жарайсыңдар!
Қыздар: Апа енді Кенжебекті жібересіз бе?
Мыстан: Жоқ, маған енді өнерлеріңді көрсетіңдер
(Балалар наурызға арналған ән, билерін ортаға салады)
Мыстан: Ой, рахмет, көңілім көтеріліп қалды ғой.
Қыздар: Енді, жібересіз бе?
Мыстан: Жоқ, менің енді айтыс тыңдағым келіп отыр, ақындарын бар ма?
(Айтыс өнерін көрсетеді)- Жайлаубаев А. Қаблашева Д.
Мыстан: Ой, сендерде де ақындарын да бар екен ғой
Қыздар: Кенжебекті енді жібересіз бе?
Мыстан: Жібермеймін, (ойланып тұрып ) Қане ұлдарымыздың күшін сынап көрейікші(белінен арқан шешіп береді)
Ұлттық ойындар ойнатылады
Мыстан: Қандай күшті балалар. Бірақ мен Кенжебекті жібере алмаймын, менің қарным ашты.
(қыздар жиналып ақылдасады)
Қыздар: Апа, мына ұялы телефонды алыңыз, мұнымен барлық жермен сөйлесе аласыз, өлеңдер тыңдайсыз, ойын ойнайсыз, суретке түсесіз.
Мыстан: Кәне, әкел бері, көрейін(мыстан телефонда алып бұрышқа қарай барғанда қыздар Кенжебекті алып қашып кетеді)
Мыстан: Әй, әй тоқтаңдар.- Алло Таусоғар, Желаяқ ұстаңдар аналарды!
Тәрбиеші: Мына атпен шауып кележатқан батыр кім болады екен?
(Тақпақтатып Махамбет келеді)
Махамбет: Мына халық не үшін жиналған? Ел басына тағы қандай күн туды деп ат басын бұрып едім.
Тәрбиеші: Дұрыс жасағансыз батыр. Бізде Наурыз мерекесі өтіп жатыр.
Төрге шығып, тойымыздың қадірлі қонағы болыңыз.
- Балалар бұл кісі Махамбет батыр, өзі ақын, ел басына не бір ауыр күн туғанда ел қорғаған батыр ағамыз осы кісі.
Тәрбиеші: Балалар бүгінгі мейрамға бізге бата беруге арнайы Қыдыр атамыз да келіпті. Келіңіз, ата төрлетіңіз.
(Қыдыр ата батасын береді)
Тәрбиеші: Наурыз құтты болсын!
Деніміз сау, мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын,
Қош, сау болыңыздар, халайық!
Көріскенше күн жарық болсын!
Барлықтарыңызды Наурыз дастарханына шақырамыз, көжеден дәм татыңыздар.

ШҚО, Аягөз қаласы,
«№4 аралас жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Кіші кешен тәрбиешісі Атамбаева Эльмира Победовна
2 386
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош келдің, Наурыз!
Қош келдің, Наурыз!
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;
Нұр себеле – Әз Наурыз!
Нұр себеле – Әз Наурыз!
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы түсінік беру. Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт – дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу.
Жыл басы Наурыз
Жыл басы Наурыз
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүріне дәріптеуге тәрбиелеу; Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Әз-Наурыз!
Әз-Наурыз!
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу; Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Қош келдің – Наурыз!
Қош келдің – Наурыз!
Сұрасаң бата берейін, Үстем болсын мерейің Ықыласпен қол жайсаң Ақ тілекті төгейін Ұлыс оң болсын Ақ мол болсын, Қайда барсаң жол болсын
Жыл басы – Наурыз
Жыл басы – Наурыз
Балабақша тәрбиешісі Жолдаева Жанаргул
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×