Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне "Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз"

02 маусым 2017, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәрбие сағаты
7 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз»
Сабақтың мақсаты:
І. Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.
ІІ. Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.
ІІІ. Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Тәрбие сағаты
Көрнекілігі: Рәміздерге байланысты түрлі - түсті суреттер,
буклеттер, карта, мақал - мәтелдер, Отанын, жер туралы нақыл сөздер.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Мұғалім кіріспесі.
3. Рәміздер туралы топтық жұмыс.
4. Қорытынды.
Кіріспе бөлім:
Отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздерге арналады. Онда мемлекетіміздің рәміздері туралы білімдерімізді толықтырып, құрметтеуге үйренеміз. Кез келген мемлекеттің айшығы – мемлекеттік рәміздері екені белгілі. Бізде бүгінгі сабағымызды еліміздің Гимнімен бастайық. (Гимн орындалады)
Елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту болып табылады. Жас ұрпақты елжандылық негізде тәрбиелеуде де мемлекеттік нышандардың алар орны ерекше. Олай болса, рәміз дегеніміз не?
Рәміз – белгілі идеяны білдіретін белгі, бейне. Адамға ой - пікір туғызады. Ортақ түсінік бойынша, орақ еңбекті, таға бақытты, зәкір (якорь) үмітті, лира музаны, арыстан құдіретті бейнелеген көкшіл жалау бейбітшілік рәмізі. Рәміздік белгілер ғасырлар бойы дами келе мемлекеттік рәміздерге (ту, елтаңба, гимн) айналды.
Ту – тұтастық пен бірліктің, ынтымақтың құдіретті белгісі. Ол елдік пен егемендікті дүниеге паш етіп тұрады.
Елтаңба – мемлекеттік мөрлерде (облыс, қала, мекеме), алтын, күміс ақшаларда бейнеленген ажырату белгілері.
Гимн – өлеңге жазылған салтанатты ән.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 4 маусымдағы №3827 Жарлығына толықтырулар енгізіліп, 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып өтетін болды.
1992 жылы 6 маусым күні тәуелсіз еліміздің тұңғыш мемлекеттік рәміздерінің тұсаукесер салтанаты өтіп, сол күні Президент сарайы мен Парламент Үйінің төбесіне Ту көтерілді, Елтаңба орнықты. 6 ай өткен соң 1992 жылы 11 желтоқсанда Мемлекеттік Гимннің мәтіні бекітілді. Ол 2006 жылы қайта өзгеріп, желтоқсан айында жаңа Гимн қабылданды.
Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.
Отан дегеніміз не?
- Туып өскен жеріміз, егеменді еліміз.
– Табиғатымыз, қазба байлықтарымыз, өзен - көліміз, ұлан байтақ жеріміз, Мемлекеттік тіліміз және басшымыз.
Жақсы балалар, олай болса, «Отан» жайлы мақал - мәтелдер айтып көрейік:
1. Отан отбасынан (басталады)
2. Отан үшін отқа түс, (күймейсің)
3. Отан - елдің анасы, (Ел - ердің анасы)
4. Туған жердей жер болмас, ( Туған елдей ел болмас).
5. Отанды сүю - (отбасынан басталады)
6. Отан оттан да (ыстық)
7. Отансыз адам - ( ормансыз бұлбұл)
8. Отан үшін күрес ( Ерге тиген үлес)
9. Ел іші - (алтын бесік)
10. Тіл - тәуелсіздік (тірегі)
Отан – жерім, Отан - суым,
Отан қуат, нәр береді..
Отан - ұран, Отан - туым
Отан мәңгі гүлденеді - демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы – мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.
«Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.
Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт - санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман - тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр.
Ендеше, тәрбие сағатымызды бастаймыз.
«Біз Тәуелсіздігіміздің нышандарын көздің қарашығындай сақтауымыз керек, қасиет тұтуымыз керек. Еліміздің әрбір азаматы Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын ерекше құрметтеуге міндетті. Өйткені олар халқымыздың мақтанышы, біздің ең киелі құндылықтарымыз.»
Н. Ә. Назарбаев.
Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы.
Бүгінгі бізің сынып сағатымызда үш топ жұмыс істейді, олар «Көк аспан» тобы Мемлекеттік Ту туралы, «Алтын дән» тобы Мемлекеттік Елтаңба туралы және«Қыран» тобы Мемлекеттік Әнұран туралы жинақтаған деректеріңізді ортаға сала отырып, топ болып жұмыс істеп, мемлекеттік рәміздер туралы жобамызды қорғап шығамыз.
Қазақ халқы көптен күткен тәуелсіздікке қол жеткізді. Егемен мемлекет болды. Әрбір азат елдің өзіңнің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады. Солардың бірі Мемлекеттік рәміздер. 1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар Қазақстан Республикасының әнұраны, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы, Қазақстан Республикасының туы.

2 - бөлім: Туымен - Тұғырлы, Елтаңбасымен - Еңселі, Әнұранымен айбатты ел!
«Көк аспан» тобы тұғырлы Туымыз туралы жинаған деректерін ортаға салады.
Мемлекеттік туымыз бірыңғай көгілдір түсті. Бұл түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанды елестетеді. Бұлтсыз ашық аспан әрқашан да бейбітшіліктің тыныштық пен жақсылықтың нышаны. Көк түс – Қазақстан халқының бірлік, ынтымақ жолына адалдығын білдіреді.
Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Күн – қозғалыс, даму, өсіп өркендеудің, өмірдің бейнесі. Қанатын жайған қыран құс – бар нәрсенің бастауындай, билік, айбындылық бейнесі.
Күннің астындағы қалықтаған қыран елдің еркіндік сүйгіш асқақ рухын, қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін жария етеді. Ағаш сабына бекітілген тұстағы тік жолақ ұлттық оюлармен өрнектелген. Күн, қыран, ою - өрнек алтын түсті.
Тудың авторы еліміздегі дизайнерлік өнердің ірге тасын қалаушылардың бірі, Чехославакияда өткен (1961ж.) халықаралық дизайнерлер байқауының алтын жүлдегері, Алматы қаласының бас суретшісі Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков ағамыз.

Жамбыл облысы, Талас ауданы, Майтөбе ауылы
А. Дәулетбеков атындағы орта мектеп
Физика және информатика пәнінің мұғалімі
Тилепбергенова Нургуль Сатимбековна
Толық нұсқасын жүктеу
8 244
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы
Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы
Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.
Рәміздерім - мақтанышым
Рәміздерім - мақтанышым
Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш
Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздермен жан - жақты таныстыру, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау
Мақтанышым – мемлекеттік рәміздер
Мақтанышым – мемлекеттік рәміздер
Орал қаласы, М.Б.Ықсанов атындағы № 36 орта жалпы білім беретін мектеп мұғалімі Ильясова Гүлбаршын Шарафудиновна
Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш
Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш
Атамекен, туған жер, ел рәміздерін құрметтеуге, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш
Мемлекеттік Рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері. Мемлекеттік Рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×