Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Елім менің танымдық ойыны

06 қыркүйек 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Елім менің» танымдық ойыны.
Мақсаты:
1. Қазақстан республикасы туралы оқушылардың алған білімін жинақтап, одан әрі танымдылығын арттыру.
2. Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білу
3. Туған халқына, Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру. Патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілік: «Елім менің» жазуы бар плакат, Қазақстан Республикасының картасы, безендіру құралдары, интерактивті тақта.
Қатысушы: 5 - сынып оқушылары.
Топтың аттары: «Бәйтерек», «Қырандар» тобы.
Жоспары:
1 - айналым: «Қанат қақты»- топтар сайысы. Бейнефильмдерден сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай саны қосылып отырады.
2 - айналым:
1 - бөлім « Өнер алды қызыл тіл».
2 - бөлім «Тұрақты сөз тіркесі»
3 - бөлім «Көнерген сөздер»
3 - айналым: «Шарықтау». Топ басшылар сайысы. Елімізге әйгілі ұлы тұлғалар туралы топқа мәлімет береді, топ мүшелері есімін тауып айтуы керек.
4 - айналым: Бейнесюжет арқылы сұрақ қойылады. Сұраққа топ бірлесе жауап береді. Сонымен қатар жанкүйерлер көмегіне жүгінуіне болады.
5 – айналым:
1 - бөлім. «Жер ұйық»
2 - бөлім. Шешендік сөз.
3 - бөлім. Тауып айт.
4 - бөлім. Картамен жұмыс.
6 - айналым: «Тауып көр»- мақал не өлеңдер жолындағы түсіп қалған сөзді тауып орналастыру. Марапаттау.

Жүргізуші: Арма ағайын. Туған елдің тарихын, тілін асқақтатып, тарихын танытып, даңқын асыратын «Елім менің» ойынына қош келіпсіздер!
Ал бүгінгі біздің мектепте өткелі отырған «Елім менің»ойынының ойыншыларымен олай болса топпен таныс болыңыздар.
Әр топ өздерін таныстырып өтеді.
1 - Топ «Бәйтерек»
Ұраны: Ана тілің арың бұл, ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте.
2 - топ «Қыран»
Ұраны: Ана тілім өркенде,
Бола бер күшті көркем де.
Бүгінгі біздің жеңімпаздарымызға бергелі отырған сыйлықтарымызбен таныс болыңыздар. Еліміздің салт - дәстүрін насихаттайтын бағалы кітаптар.
Ойыншыларымыз дайын болса 1 - айналымға аяқ басайық.
1 - айналым: «Қанат қақты»- топтар сайысы. Мультхикаядан сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай саны қосылып отырады.
Интерактивті тақтадан хикая үзіндісі көрсетіледі.
Сұрақ: Алдар көсе тауықты қалай сатты?
Жауап: Қытай патшасының сүйікті тауығы деп бағалап сатады.
Сұрақ: Алдар көсенің аты мен қойын ұрлаған ұрыға Алдар көсе қандай қулық қылады?
Жауап: «Мойнымда үлкен гауһартасым бар еді, сол тас құдыққа түсіп кетті. Соны қалай аларымды білмей тұрмын» - деп алдап айласын асырады.
Музыкалық әнді тауып айтқан топқа 2 ұпай қосылады. Соңынан әнді бірлесіп шырқау.
Бірінші айналымның есебін жариялау.

2 - айналым:
1 - бөлім « Өнер алды қызыл тіл». Ұпайы көп команда бастайды. Шарты: берілген сөздерді топ болып дұрыс оқып шығуы керек.
Бұл айналымның бірінші тапсырмасында ойыншыларымыздың тіл сауаттылығын сыннан өткізіп аламыз.
1 - топ. Түксию.
2 - топ. Күлдіреуіш.
1 – топ. Үйпалау.
2 – топ. Сықырлауық.
1 – топ. Жақұттай
2 - топ. Саябырсыды.
Ән жұмбақ.
Топ есебін айту.

2 - бөлім тұрақты сөз тіркестеріне арналады. Баламасын табу.
1 сөз – Құлағына кірмеу (ұқпау, түсінбеу)
2 сөз – Ішіне ел қонды(тойды, жүрек жалғады)
3 сөз – Жұлдызы оңынан туу (жолы болу)
4 сөз – Мінезі ауыр (салмақты, сабырлы)
5 сөз – Ұзын құлақ (лақап сөз, өсек)
6 сөз – Сабасына келу (ашуы тарқау)
Ән жұмбақ.
Есепті айту.

3 - бөлім: «Көнерген сөздер» жасыру.
Танымды кеңейтіп тілді дамытуға арналған бұл сайыста әр топ өздері дайындап келген көнерген сөздерін жасырады және үш нұсқасын береді.
1 - топ: Байрақ.
А) Ту.
Ә) Елорда.
Б) Елтаңба.
2 - топ: Ашамай
А) Ыдыс атауы.
Ә) Балға арналып жасалған ер.
Б) Сыйлы қонаққа берілетін кәде.

3 - айналым: «Шарықтау». Топбасшылар сайысы. Елімізге әйгілі ұлы тұлғалар туралы топқа мәлімет береді, топ мүшелері есімін тауып айтуы керек.
1 - топ: Ыбырай Алтынсарин, Фариза Оңғарсынова, Бауыржан Момышұлы, Нұрсұлтан Назарбаев, Алдар көсе, Илья Илин, Мұхтар Шаханов, Мейрамбек Беспаев, Роза Рымбаева, Әль Фараби.
2 - топ: Абай Құнанбаев, Сара Назарбаева, Бибігүл Төлегенова, Дулат Исабеков, Ахмет Яссауй, Шоқан Уалиханов, Ахмет Байтұрсынов, Шәмші Қалдаяқов, Серік Сапиев, Қожанасыр.
Жалпы есепті айту.
ӘН жұмбақ.

4 - айналым: Көрініс арқылы сұрақ қойылады. Сұраққа топ бірлесе жауап береді. Сонымен қатар жанкүйерлер көмегіне жүгінуіне болады.
Сұрақ: Бала қандай тойға шақырып келі?(Сүндет тойға)
Бұл дәстүр қалай аталады? (Аужар)
Есеп айту.
ӘН жұмбақ.

5 – айналым: 1 - бөлім «Жер ұйық» деп аталады. Топқа жүргізуші сұрақ қояды сенемін не сенбеймін деп жауап берулері керек. 1 - топқа сұрақ қойылады.
1 - сұрақ: Ұлы Отан соғысының жеңісі туын Рейхстагқа тіккен Қазақ екеніне сенесің бе?
Жауап: Рақымжан Қошқарбаев.
2 - сұрақ: Космоспен байланыс ғарышжайы Қазақстанда екенін сенесің бе?
Жауап: Байқоңыр.
3 - сұрақ: Екінші Мекке Қазақстанда екеніне сенесің бе?
Жауап: Түркістандағы Ахмет Яссауй кесенесі.
2 - топқа сұрақ.
1 - сұрақ: 1997 жылы ел астанасын Алматыдан Астанаға көшірілгендігіне сенесің бе?
Жауап: 1997 жылы көшірілді.
2 - сұрақ: Қ. Р - да мырыш, Вольфрам қоры бойынша Қазақстан әлемде 5 - орында тұратынына сенесің бе?
Жауап: 1 - орында.
3 – сұрақ: Қазақстан жер көлемі жөнінен 7 орында тұрғанына сенесің бе?
Жауап: 9 орында тұрады.
Топ есебін айту.
2 - бөлім. Шешендік сөздердің авторын тап.
1 - топқа:
Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі.
Өзіне келер ұятын
Өзі біліп тұрса игі.
Жаудан бұққан немені,
Ортадан қуса игі!

(Төле би)
2 - топқа:
Бай болсаң,
Халқыңа пайдаң тисін.
Батыр болсаң,
Жауға найзаң тисін.

(Әйтеке би)
3 - бөлім. Тауып айт.
1 – топ. Қазақша өлшем бірліктер қалай айтылады?
(Берілетін зат: ұзын таяқ.)
1 - топ. Уыс дегеніміз не, елі дегеніміз не?
(Берілетін зат: ыдыста су, бидай)

4 - Бөлім. Қазақстанның физикалық картасымен жұмыс.
1. Картадағы СолтүстікҚазақстан облысында көрсетілген қай қала?
2. Картада көрсетілген Оңтүстік Қазақстан облысындағы қай өзен?
5 - айналымның есеп қорытындысын шығару.
6 - айналым: «Тауып көр»- мақал не өлеңдер жолындағы түсіп қалған сөзді тауып орналастыру.
1 - топ:
1.... балпақ, басың неге жалпақ. (бақа)
2. Досқа күлкі дұшпанға...(таба)
3. Жабырқау болу, мұңаю... болу.(қапа)
4. Үлкендер жасқа... береді (бата)
5. Нан пісіретін ыдыс (тапа)
6. Жеті күн (апта)

Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы
М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
Полатова Айнұр Мүслімбекқызы

Толық нұсқасын жүктеу
3 223
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жігіт сұлтаны
Жігіт сұлтаны
Оқушыларды қазақ жігіті бойына тән қасиеттерімен таныстыру. Тәрбие сағаты арқылы ептілік, ержүректік сегіз қырлы бір сырлы ұлттық қасиеттерімізді қалыптастыру.
Ойлы болсаң, озып көр
Ойлы болсаң, озып көр
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жолдасбаева Ажаркүл
Біздің туған өлкеде
Біздің туған өлкеде
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Х.Досмұхамедұлы орта мектебінің география пәні мұғалімі Утеулиева Шайза
"Елім менің" интеллектуалдық ойын
"Елім менің" интеллектуалдық ойын
Қазақстан Республикасы туралы оқушылардың алған білімін жинақтап, одан әрі танымдылығын арттыру. Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білу.
Елім менің
Елім менің
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы, №14 орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Чайканова Гүлбану
Елім менің
Елім менің
Алматы облысы, Қаратал ауданы, Көкпекті ауылы, Жұбан Молдағалиев атындағы МДШО орта мектебінің география пәнінің мұғалімі: Дандыбаев Ерлан Жолдыбайұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×