Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаздың хикаялары

30 қыркүйек 2017, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Жаздың хикаялары»
Көрнекіліктер: шарлар; гүлдер; Ашулы Тікенектің, Түймедақтың, Саңырауқұлақтың, Күн Шуағының, Қуыршақтың костюмдері;
торт салынған каталка.

Өту барысы:
Қуыршақ /өзімен - өзі айналдыра қарап сөйлесіп шығады/:
Ой, күн қандай тамаша! Айнала жап - жасыл, әдемі, күннің шуағы қандай жылы!
/Айналдыра қарап таңданады да, балаларды көріп қалып соларға сөйлейді./

Қуыршақ: Мәссаған, мына жерде балалар толып отыр ғой, мен оларды қалай байқамай қалдым? Балалар, сендер қандай әдемісіңдер? Сендер неге жиналып отырсыңдар?
Балалардың жауабы: Бүгін біздің мейрам.
Қуыршақ: Балалар, мен осы түсінбей тұрмын, бүгін неге күн жып - жылы, күннің нұры төгіліп тұр, айнала жап жасыл, торғайлар ән айтып жатыр, бәріде әп - әдемі?
Балалардың жауабы: Бүгін жаздың бірінші күні. Жаз мезгілі басталды. Жазда күн жылы болады. Айнала жап - жасыл болып, теректер жапырақтарға оранады, гүлдер өседі, жеміс - жидектер піседі. Күн ұзарады, түн қысқарады.

Қуыршақ: Мен ол жайлы ұмытып кетіппін, сендер менің есіме түсіргендеріңе көп рахмет.

Қуыршақ: Балалар, біздер жазды көп күттік - қой, солай ма? Ендеше, бүгінгі мейрамды жақсы етіп өткізейік. Сендер көңіл көтеруге, ойнауға дайынсыңдар ма?

Балалардың жауабы: Ия, дайынбыз.
/Дабыл әуен ойналады, Ашулы Тікенек шығады/.

Ашулы Тікен: Естимін, сендерде көңілді сияқты ғой. Және сендер бәрің сондай, мейірімді, сүйкімдісіңдер. Менің атым Ашулы Тікен.
Қараңдаршы, менде қанша ашу бар
/өзінің қандай семіз екенін көрсетеді, киім ішінде үрілген шарлар./
Және мен Жазды сиқырлап тығып қойдым. Бірақ ашудан есте сақтауым шамаланып, қалай дуаны қайтаратынымды және оны қайда тыққанымды ұмытып қалдым. Міне, сендерді көріп, сендер сияқты жақсы көңілді, мейірімді болғым келіп кетті. Сол үшін Жазды сиқырдан арылтқым келеді. Бірақ сендерсіз ештеңе істей алар емеспін, көмектесесіңдер ме?

Қуыршақ: Қалай, балалар, Ашулы Тікенге көмектесеміз бе? Ол да біз сияқты мейірімді болсын және оған Жазды қайтаруға көмектесеміз бе?
Балалардың жауабы: Ия.

Ашулы Тікен: Бірақ мен жазу білмеймін, сондықтан сендерге суретін көрсетемін. Міне бірінші бетте батпақ.
Қуыршақ: Ендеше батпақтан өту керек шығар?

«Батпақ» эстафетасы:
Балалар екіге бөлініп тұрады. Біріншісі допты аяғының ортасын қыстырып отырып гүл күлтелеріне дейін жүгіріп, оның күлтелерін алып өз командасына қарай кері жүгіреді. Содан келесісі жүгіреді.
/Жарыстан кейін Ашулы Тікенектің киімінің ішіндегі бір шар жарылады, ол арықтайды. Жарыс сайын оның шары жарылып, ашудан арылады./

Ашулы Тікен: Ой, ой маған не болған?
Қуыршақ: Бұл сенен кетіп жатқан ашу ғой. Кәнеки, екінші суретті көрейік. Жаз туралы суреттер, жақсы, балалар, сендер Жаз туралы мақал - мәтелдер білесіңдер ме? Білсеңдер, айтып берейікші.
Балалардың жауабы /балалар Жаз туралы мақал - мәтелдер айтады/.

Ашулы Тікен /тағы да шар жарылады/:
Ой, балалар, мен мейірімді болып бара жатқан сияқтымын.
Қуыршақ /суретке қарайды/:
Күн сәулесі салынған. Ия, расында, күн шуағынсыз, жаз болмайды, ол адамдарға жылылық, мейірімділік сыйлайды.
Ашулы Тікен: Есімде, күн шуағы мені мейірімді жасағысы келген, ал мен қашып кеттім.
Күн шуағы келеді.
Күн шуағы: Мен – алтын түсті күн шуағымын. Мен жарқыраймын. Менімен жолда қорқынышты емес, біз бірге жауынды, бұлтты, қөңілсіздікті қуамыз.
Ән:
Күн шуағы: Мен сендерге күн сәулесін сыйлаймын. Ол сендердің жолдарыңды жарық етіп, сендерді ешқашан жауыздыққа, ашуға апармайды.

Күн шуағы: Балалар, кәнеки Ашулы тікенді қоршап, оны өзіміздің шуағымызбен, жылуымызбен жылытамыз.
Ашулы Тікенек /тағы бір шар жарылады/:
Ой, қандай жылы, Ашуым кетіп барады.
Қуыршақ: Күн шуағы бізбен бірге қалып, бізді өз шуағыңмен жылыт.
/ суртке қарайды / Балалар, мұнда Түймедақ салынған.

Ашулы Тікен: А, мен Түймедақты да ренжіткен едім. Мен алаңқайдағы барлық гүлдерді тапатап тастадым. Мен қандай жаман едім!
Қуыршақ: Сен уайымдама! Қара алаңқайға қайта гүлдер шығады.

Ойын «Алаңқайды әсемде»: Түймедақ шөпке әр түсті гүл күлтелерін өз себетінен алып жайып тастайды. Балалар өз түстеріне қарай гүлдерді салады. Кім тез жинаса, сол жеңеді. Ойын әуен арқылы жүреді.
Қуыршақ: Қанша гүл бар мұнда қара, солда, оңда, алда. Ал ана жолмен бізге қарай біреу жақындаған сияқты, қандай әдемі!

Түймедақ: Сендерді тағатсыздана күткен ем, сендер Жазды іздеп жүр деп естіген едім, Ашулы Тікенді мейірімді қылды деп естідім.
Қуыршақ: Сәлем, Әдемілік патшалығының иесі.

Түймедақ: Гүлдердің иісі жағымды, сиқырлы жұпар аңқиды, Ашулы тікен гүлдердің иісін иіскесе кішірейе түседі. Кәне бәріміз шығып билейік.

Би «Гүлдер».
Ашулы тікен: Қандай ғажап би, тамаша биледіңдер
/тағы да бір шар жарылады/. Балалар, мен мейірімді болып бара жатырмын.
Қуыршақ: Келесі сурет ауа шарлары.
Ашулы тікенек: Ия, мен, ашудан шарша үрілген едім.
Ойын «Кім шарды көп тереді» Екі топқа бөлінген балалар шарды екінші жаққа тасиды қай топ көп жар тасыса сол топ жеңімпаз болады.

Қуыршақ: Келесі сурет «Саңырауқұлақ».
/Саңырауқұлақ шығады./
Саңырауқұлақ: Жаз қайда кеткен?
Ашулы тікен: Сен кімсің?
Саңырауқұлақ: Мен Жаздың көмекшісімін.
Қуыршақ: Ашулы Тікен Жазды сиқырлап тастапты, ал біз оны құтқаруға барамыз.
Түймедақ: Ал мен оны неге кешікті, неге келмей жатыр деп ойласам. Жазды Ашулы Тікен тыққан екен ғой.
Қуыршақ: Ашулы Тікен оны қалай сиқырдан арылту керек екенін ұмытып қалыпты, біз оған көмектесіп жүрміз.
Ашулы Тікен: Саңырауқұлақ, сен маған ренжіме. Жазды сиқырлап тастадым, енді алдағы уақытта мейірімді боламын /шар жарылады/.
Саңырауқұлақ: Жақсы, мен сендердің көңілдеріңді көтеремін, сендермен ойын ойнаймыз. Демалған соң, жолға шығарсыңдар. Бізге Жазсыз болмайды.
Ойын? /ойынды Саңырауқұлақ өткізеді/
/Бұл уақытта Ашулы Тікеннің тағы да бір шары жарылып, ол арықтап кетеді./
Қуыршақ: Біздің Жазымыз бостандықта. Рахмет саған, Саңырауқұлақ, бізбен бірге қал.
Ашулы Тікен: Мен қандай арықпын, әрі мейірімдімін. Қараңдар, әнеки, Жаз да келе жатыр.
Жаз шығады.
Жаз: Сәлем, достарым, сендермен кездескеніме қуаныштымын. Сендер өсіп, есейіпсіңдер. Мен өзіммен жылу әкелемін, өзендерді жылытамын, сол үшін сендер мені жақсы көресіңдер. Айтыңдаршы мен кіммін?
Балалардың жауабы: Жаз.
1 бала: Біз сені ұзақ күттік, сені ұзақ шақырдық. Біздің қызыл жазымыз, сыңғырлаған ақыры келді – ау. Қанша бақыт әкелді, қанша жылу мен жарық берді!.
2 бала: Сен біздерге не сыйлайсың?

/Осы жерде Жаз өзі туралы мәнерлеп тақпақ айтады/

Жаз: Рахмет, менің, достарым! Сендер мені Ашулы Тікеннің сиқырынан құтқардыңдар. Мен сендерге өзімнің алғысымды білдіргім келеді. Ол алғыс ретінде мен сендерге сыйлық әкелдім, ол тәтті торт. Сыйлықты бермей тұрып мен сендерді алдыменен өзімнің көмекшілерімен таныстырып кетейін.
Олар, Күн шуағы – бұл маусым
Түймедақ – бұл шілде
Саңырауқұлақ – бұл тамыз.
Жаз: Ал, енді менің көмекшілерім сендерге менің сыйлығымды үлестіреді.
/Үш көмекші шығып балаларға тортты әкеліп балаларға үлестіреді/.
Жаз: Енді балалар, бәріміз тұрып билейік, көңіл көтерейік.
/Балаларды көңілді әуенге билетеді/
Жаз: Көп рахмет, сендерге менің достарым, менің әліде баратын жерлерім бар, сондықтан мен сендермен қош айтысамын, бірақта мен әлі сендерге келемін.
/Барлық кейіпкерлер кетеді./
Қуыршақ: Міне біздің мерекемізде аяқталды. Балалар, бәріміз Жазға «Қош сау бол»деп айтайық.
/Балалар қолдарын бұлғап «Қош сау бол» дейді.
2 127
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қуыршақ бізде қонақта
Қуыршақ бізде қонақта
Тәрбиешінің үлгісі бойынша сөйлем құрап, айта білуге үйрету. Балалар қуыршақтың келбетіне қарап, оның шашының, көзінің түсін, көйлегін, аяқ киімін өз беттерінше суреттеп әңгімелеу.
Мейірім мен сыпайы біздің жанымызда ойын - сауық
Мейірім мен сыпайы біздің жанымызда ойын - сауық
Балаларға мерекелік көңіл - күй сыйлау, адамгершілікке, мейірімдікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Қуыршақ, бізге қонаққа келді
Қуыршақ, бізге қонаққа келді
Үлгі бойынша балалардың ойыншықтарды сипаттай білуі білігін жетілдіру, өз ойын еркін жеткізуге, жаңа сөздерді меңгертуге баулу. Эстетикалық талғамын арттыру. Балаларды ойыншықтарды ұқыпты, таза ұстауға баулу. Бірін - бірі сыйлауға, кішіпейілділікке
Қуыршақ Айгүл бізде қонақта
Қуыршақ Айгүл бізде қонақта
Балалардың тілін дамыту. сөздік қорын байыту. Сабақтың мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, заттарды бір - бірімен салыстыруға, оларды ажыратуға және танып білуге үйрету.
Сәлем жарқын жаз
Сәлем жарқын жаз
1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ашып көрсетілген «Қазақстан – 2050» Стратегиясының
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған ойын-сауық "Жаздың хикаялары"
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған ойын-сауық "Жаздың хикаялары"
Өту барысы: Қуыршақ /өзімен - өзі айналдыра қарап сөйлесіп шығады/: Ой, күн қандай тамаша! Айнала жап - жасыл, әдемі, күннің шуағы қандай жылы! /Айналдыра қарап таңданады да, балаларды көріп қалып соларға сөйлейді/.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×