Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


XXI ғасыр көшбасшысы

22 желтоқсан 2012, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «XXI ғасыр көшбасшысы»
Мақсаты: Оқушыларды әр түрлі пәндерге деген қызығушылығын арттыру, батылдығын шыңдау. Жылдамдыққа тәрбиелей отырып, сөйлеу қабілетін, мәдениетін, ой-өрісін дамыту.
Тәрбие сағатының түрі: Сайыс сабақ, ойын сабақ, жарыс сабақ.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиет, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, биология, география, музыка, бейнелеу, спорт, салт-дәстүр.
Тәрбие сағатының жүрісі: «БӘЙГЕ», «ДОДА», «ЖОРҒА»
Жүргізуші: Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады – демекші ендеше талай ғұламаларды туғызған қазақтың қасиетті ауылдарының бірі ретінде білім ордамызда өткелі отырған «XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысына қош келдіңіздер. Бүгін біздің ойынымызға 6 сынып оқушылары қатысқалы отыр. Ендеше оқушыларымызбен танысып өтейік.
Сайысымызды бастамас бұрын алдымен әділ қазы алқасымен таныс болайық.
Енді сайысымызды бастаймыз. Сайысымыз үш турдан тұрады: БӘЙГЕ, ДОДА, ЖОРҒА

I – тур «БӘЙГЕ»
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз – дей отырып ал жас қырандар бәйге кезеңін бастаймыз.
Шарты
1. Мұнда барлық сайыскерлерге ортақ мектеп бағдарламасынан және бағдарламадан тыс 11 сұрақ беріледі.
2. Әр сұрақтың 3 жауап нұсқасы бар.
3. 5 секунд ішінде қойылған сұрақтың жауабын бұрын қол көтерген оқушы айтады.
4. «Бәйгенің» сұрақтары оқылып болғаннан кейін сайыскерлердің ұпайлары есептелінеді.
5. «Бәйге» айналымында аз ұпай жинаған үш оқушы ойыннан шығады.

Сұрақтары
1. Ең ұзын хорда
А) Диаметр В) радиус С) кесінді
2. Қазақстанда неше қорық бар?
А) 9 В) 8 С) 7
3. Іле Алатауының етегінде орналасқан қала?
А) Алматы В) Қызылорда С) Шымкент
4. «Қар ханымы» ертегісінің авторы кім?
А) Герберт Уэльс В) Андерсон С) Жюль Верн
5. Хамелеон мекендейтін жалғыз арал?
А) Мадагаскар В) Гренландия С) Ява
6. Қазақтар қандай дала өсімдігінің иісін отанымыздың символы санаған?
А) Қызғалдақ В) Раушан С) Жусан
7. Сақтарды «Азиялық скиф» деп атаған кім?
А) Парсылар В) Гректер С) Ирандықтар
8. Қан тоқтататын элемент?
А) Магний В) Марганец С) Йод
9. Картоптың отаны?
А) Солт. Америка В) Еуразия С) Оңт. Америка
10. Шоқан Уәлихановтың шын есімі?
А) Қанапия В) Шоқан С) Мұхаммедханафия
11. Ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбаев қай жылы туған?
А) 1845 Ж В) 1945 Ж С) 1855 Ж
Жүргізуші: Міне Бәйге турымызда аяқталды. Енді әділ қазылар шешімі бойынша ұпайы аз үш оқушымен қоштасамыз. Сіздерге көп-көп рахмет. Келесі турымыз «ДОДА»
II – тур «ДОДА»
Шарты
1. Бұл сайыста 6 ойыншыға мына экрандағы 11 тақырыпты таңдау ұсынылады.
2. Ойыншылар кезегімен екі тақырыптан таңдайды.
3. Алғашқы алты тақырып ашылып болған соң сараптама жүргізіледі.
4. Бұл айналымда алдыңғы айналымда жинаған ұпайларыңыз толығымен сақталады.
5. 12 тақырып ашылып болғаннан кейін ұпайы көп үш ойыншы келесі кезеңге жолдама алады.
ҚАЗАҚ ТІЛІ
1. Сөз таптарының неше түрі бар? – 9
2. Табыс септігіндегі толықтауыш қандай толықтауыш болып есептеледі? – Тура толықтауыш
3. Орфография қай елдің сөзі? – Грек
4. «Үлкен» сөзі заттың қай сынын білдіреді? – Көлемін
5. Белгілі бір аймақта қолданылатын сөз? – Диалект
ӘДЕБИЕТ
1. «Қазақ тілі» өлеңінің авторы кім? – Мағжан Жұмабаев
2. Жыл мезгілдеріне арналған өлеңдерінің авторы кім? – Абай
3. Бейімбет Майлин қай жылы қайда дүниеге келген? – 1894 ж қазіргі Қостанай облысының Таран ауданында дүниеге келген
4. «Анама хат» өлеңінің авторы кім? – Ахмет Байтұрсынұлы
5. Суреттелетін затты немесе құбылысты шамадан тыс асырып айту арқылы тілдің бейнелігін, әсерлігін арттыратын көркемдік тәсілдің бір түрі? – Әсірелеу (гипербола)
МАТЕМАТИКА
1. Жұп санды үшке бөлгенде қалдық қандай болуы мүмкін? – 1 және 2
2. Көшеде екі әкесі, екі баласы және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? – үшеу
3. 1 килограммда қанша грамм бар? – 1000 грамм
4. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кімнің бойы ұзын? – Жанат ұзын
5. 2 қатынастың теңдігі? – Пропорция
ОРЫС ТІЛІ
1. Сколько в русском языке падежей? – 6
2. Кто такой А. С. Пушкин? – А. С. Пушкин великий русский поэт
3. Что изучает лексика? – Лексика изучает словарный состав языка
4. Назовите виды устного народного творчества? – Сказки, загадки, пословицы, поговорки, скороворки
5. Какие слова называются синонимами? – Синонимы это близкие по значению слова
АҒЫЛШЫН ТІЛІ
1. What 3s the capital of USA? – Washington
2. What color is the flag of Kazakhstan? – Blue
3. How many states of USA? – 50
4. What is the English for «Тәуелсіз»? – Independence
5. What is the Kazakh for «signature»? – Подпись
БИОЛОГИЯ
1. Құрамында болатын бояғыш заттардың түсіне қарай 3-ке бөлінетін денешіктер? – Пластидтер
2. Тірі ағзалар туралы көп салалы ғылым? – Биология
3. Сүйекті, шеміршекті, майды, сіңірді, қан сұйықтығын түзетін ұлпа? – Дәнекер
4. Бауырмен жорғалаушыларды зерттейтін зоология ғылымының саласы? – Герпетология
5. Қазақстанда «Қызыл кітап» тұңғыш рет қай жылы шықты? – 1978 ж
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
1. «Сақ» мағынасы парсы жазбаларында қалай деп түсіндіреді? – құдіретті еркектер
2. Питекантроптың қаңқасы алғаш рет қай аралдан қай жылы табылды? – Ява аралынан 1891 ж
3. Үйсіндерді кім басқарды? – Гуньмо
4. Геродот Қазақстанның ежелгі тұрғындарын қалай атады? – Массагеттер
5. Шыңғыс ханның үлкен ұлына соғылған кесене атауы? – Жошы хан
СПОРТ
1. Футболдан әлемнің 5 дүркін чемпионы атанған командасы? – Бразилия
2. 2000 жылы жазғы олимпияда қайда болды? – Сидней
3. Биылғы жылы спортшыларымыз олимпиада неше алтын медальға ие болды? – 1
4. Шахмат ойыны неше жыл бұрын пайда болды? – 1500 жыл бұрын
5. Футболдың королі? – Пеле
ГЕОГРАФИЯ
1. Солтүстік жарты шардағы ең ұзақ түн? – 22 желтоқсан
2. Жер шарындағы ең терең шұңғыма? – Мариан
3. Жер шарындағы ең үлкен ойпат? – Оңтүстік Америкадағы Амазонка ойпаты
4. Дүние жүзіндегі ең биік тау? – Гималай
5. 0 градус ендік, 0 градус бойлықта орналасқан обьект? – Атлант мұхиты
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ
1. Натюрморт қай елдің сөзі? – Франция
2. «Тоғызыншы толқын» картинасының авторы кім? – И. К. Айвазовский
3. Үңгір қабырғалар мен тастарға салынатын суреттер қалай аталады? – Петроглифтер
4. Тұлғаның не заттың қырынан көрінісі? – Профил
5. Үйдің, ғимараттың сыртқы көрінісі? – Экстерьер
МУЗЫКА
1. «Қазақ вальсі» әнінің авторы кім? – Ахмет Жұбанов
2. «Ана туралы жыр» әнінің авторы? – Шәмші Қалдаяқов
3. Романс дегеніміз не? – Испан халқының поэтикалық, лирикалық әні
4. «Әке туралы жыр» әнінің авторы кім? – Нұрғиса Тілендиев
5. Адай күйінің авторы кім? – Құрманғазы Сағырбайұлы

Жүргізуші: Міне біздің екінші турымызда аяқталды. Енді сайыскерлеріміздің ұпайын білейік.

III – тур «ЖОРҒА»

Шарты

1. Экранда көрсетілген төрт тақырып таңдау ұсынылады.
2. Әр тақырып 10, 20, 30, 40, 50 санды ұяшықтарға бөлінген.
3. Ұяшықтағы сұраққа жауап берсе ойыншы сол ұяшықтағы тиесілі ұпайды иеленеді.
4. Ұяшықтағы ұпай көбейген сайын сұрақ та күрделене түседі.

САЛТ-ДӘСТҮР

10. Айтыстың ең көне түрі – Бәдік айтыс
20. Сәукелені желегімен кім, қай уақытта киген киген? – Жаңа түскен келін
30. Өмілдірік деген не? – Ер тұрман әбзелі
40. Үш қуатты ата? – Ақыл, жүрек, тіл
50. Жеті атаны ата? – Әке, бала, немере, шөбере, немене, шөпшек, туажат

ӨНЕР

10. «Фигароның үйлену тойы», «Сиқырлы сыбызғы» операсының авторы, 36 жасқа жетпей қайтыс болған атақты неміс композиторы? – Амадей Моцарт
20. Әлемге әйгілі «Мона Лиза» портретінің авторы кім? – Леонардо Да Винчи
30. «Қыз Жібек» фильмінде Жібек ролін сомдаушы актриса? – Меруерт Өтекешова
40. Қазақстанның атын әлемге паш еткен музыкалық топ? – Ұлытау
50. «Одиссея» поэмасының авторы кім? – Гомер

ТҰЛҒАЛАР

10. Қазақстанның тұңғыш саяхатшысы? – Ш. Уәлиханов
20. Қазақта тұңғыш генерал атағын алғанжәне мектеп ашқан кім? – Жәңгір Бөкейханұлы
30. Сүйінбайдың ізін жалғастырушы, шәкірті болған ақын? – Ж. Жабайев
40. Қазақ әліппесін жасаған және алғаш оқу құралын жазған кім? – Ахмет Байтұрсынұлы
50. «Миллион» ұғымын алғаш қазақ жеріне таратқан ғалым? – Әл-Фараби

ЕРКІН ТАҚЫРЫП

10. Мезгіл-мезгіл ыстық су шашып тұратын қайнар? – Гейзер
20. Робин Гуд мекендеген арал? – Шервуд
30. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы кім? – Сара Назарбаева
40. Англия валютасы? – Фунт, стерлинг
50. Біздің ата заңымыз неше бөлім, неше баптан тұрады? – 9-бөлім, 98-бап

Жүргізуші: Міне біздің үшінші турымызда өз мәресіне жетті. Өте жақсы енді әділ қазылар сайыскерлеріміздің ұпай сандарын қорытындылап болғанша, әсем әуенге кезек берейік.
Ән: «Ұстазым» орындайтын Чапай Таңшолпан
Жүргізуші: сайыскерлеріміздің ұпай сандары дайын болса, сөз кезеңін әділ-қазы алқасына береміз.
«XXI ғасыр көшбасшысы» атанған Молдағали Албина осы дипломмен марапатталады.
Жүргізуші: Оқушыларымыздың білімін, санасын, оқуға деген құштарлығын оятатын зияткерлік сайысымыз көбейе берсін. Көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.
26 862
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
ХХI ғасыр көшбасшысы
ХХI ғасыр көшбасшысы
Шалқар қаласы, № 3 мектеп. Бастауыш сынып мұғалімі Батырова Назгуль Шахматовна
XXI ғасыр көшбасшысы
XXI ғасыр көшбасшысы
Интеллектуалдық ойын «XXI ғасыр көшбасшысы»
XXI ғасыр көшбасшысы
XXI ғасыр көшбасшысы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің география пәні мұғалімі Ысқақ Есенкелді
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
XXI ғасыр көшбасшысы
XXI ғасыр көшбасшысы
[right]Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Құмсай ауылы, Құмсай бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Аймухамбетова Ләззат Сәндібековна
Тәуелсіздікке тарту ( XХІ ғасыр көшбасшысы)
Тәуелсіздікке тарту ( XХІ ғасыр көшбасшысы)
Абилхайрова Толқын Бисенбіқызы. Атырау обл, Исатай ауданы , Жанбай селосы. Х. Наубетов атындағы орта мектеп. Технология пәнінің мұғалімі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×