Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көктем – өмір бастауы

03 қазан 2017, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Көктем – өмір бастауы
Мақсаты: Мақсаты: Оқушыларға Наурыз мерекесі туралы мәлімет беру, оның қазақ халқы салтында алатын орны жайлы, мән – мағынасы жайлы түсінік беру. Оқушыларды өнерге баулу, өз өнерлерін сахнада көрсете білуге дағдыландыру, қазақ тіліне деген, қазақ халқының салт дәстүрлеріне деген қызығушылықтарын оята отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд – Наурыз мерекесіне байланысты, оқушылардың тақпақтары, қазақша ән, бата беру салттары, шашу шашу, арқан тарту ойыны, нақыл, қанатты сөздер, дастархан, бауырсақ, шелпек, айран, Қима қағаздар. Роза Рымбаева. “Наурыз” әні.
Тәрбиелік: Қазақтың салт - дәстүрлері, ұлттық ойындары арқылы ұлттық тәрбие беру.

Барысы: Кіріспе.
Мұғалім: - Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық.
- Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар
Той дабылын қағып мұнда біз бар.
Естімеген естіңіз, тыңдамаған тыңдаңыз,
Наурыз тойы басталды, бір орында тұрмаңыздар!

- Уважаемые учителя, ученики!
Разрешите начать наш празник посвященный праздику Наурыз!
Народ мой, шлю тебе привет!
С полей, степей просторных.
Началом радости пусть будет твой!
Встречай, народ и мы начнем наш той!
Шашу! Шашу! Көп шашайық шашуды,
Уа, жамағат, теріп ал несібеңді,
Ризығың болсын көл – көсір!
Қашанда құт – береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу - салты елімнің. Шашу шашылады. Мұғалім.

Көрініс. Қазақтың ұлттық тағамдары, ойындары, Наурыз көже туралы айтып береді. Ануар:- Алақай, бүгін мереке! Қандай мереке білесіңдер ме?
- Наурыз мейрамы. - Ұлыстың ұлы күні. Бұл күні күн мен түн теңеледі. Араз адамдар достасады. Әжелер «Наурыз көже» пісіреді. Ол не білесіңдер ме? - Аяжан: Білеміз, мен айтайын,
Бидай, күріш, тары бар,
Бар сүр ет пен шұжығы.
Ащы құрты тағы бар,
Көже елдің ырзығы.
Специально к празднику “Наурыз” из семи компонентов готовится Наурыз көже и пекутся румяные баурсаки.
Ануар: - Ұлттық тағамдар дайындайды. Қандай тағамдар білесіңдер ме?
- Света: Мен айтайын. Олар: құрт, бауырсақ, ірімшік, сүзбе т. б
Дарина: Қазақтың ұлттық ойындары ойналады. Көкпар, аударыспақ, асық ойыны, қыз қуу, тақия тастамақ т. б.
Ануар. - Жақсы, онда келіңдер ойын ойнайық.
«Арқан тартыс» ойыны ойналады.
Ортаға ұлдарымызды шақырайық.
Мұғалім: Наурыз тойында ән де шырқалады.
Ортада 3 - сынып оқушыларының орындауында Ән:«Ойыншықтар»
Біздерде бар қуыршақ Бұзау, қозы, құлыншақ.
Ойыншықтар тыңдайды, 2рет
Әмір беріп, бұйырсақ.
Ойыншықтар ұйықтайды Айтқанымнан шықпайды
Ал, қозы мен құлыншақ 2рет
Ұйықта десем ұқпайды.
Мұғалім: 4 «А»сынып оқушылары: Бейгель Ольга. Романико Анна. Малинкова Иринаның Наурыз мейрамына арналған тақпақтары бар екен, соны тыңдайық.
1. Жыл басы Наурыз мереке
Ақ нұрға әлем боянды
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды.
2. Жылдың басы - Наурыз
Жердің басы - Наурыз
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр әніміз.
3. Наурыз келді еліме,
Наурыз келді жеріме
Байлық, бақыт тілеймін,
Бүкіл қазақ еліне.
4. Наурыз тойым, Наурыз тойым,
Құтты болсын халайық
Қане достар, қане достар,
Шырқап әнге салайық.
Мұғалім: Ойын ойнап, бір сергіп қалайық.
Ойын ойнатылады. Тақия тастамақ.
Мұғалім: Әжелер бар еркелеткен баласын,
Төлге теңеп, ат қоятын данасың, - деп, ортаға Әжесі мен немересін шақырайық.
Көрініс: «Әженің немересін еркелетуі»
Жумадилова Айгерим мен Алимжанов Аубакир.
- Менің жаным кім?
- Мен
- Менің күнім кім?
- Мен.
- Менің айым кім?
- Мен.
- Менің қозым кім?
- Мен.
- Қарғам сол!
- Жоқ әже мен қарғаң емеспін, қарға болғым келмейді, қарға қарқ етеді, алысқа ұшып кетеді, ал, мен өмір бойы сенің қасыңда қалғым келеді.
- Құлыным сол! Жүр үйге.
Мұғалім: Енді 3 «В» сынып оқушылары Чеганова Нина мен Каримова Каринаны шақырайық. «Дорога добра» әні.
Келер күнге бар үмітті табынтып, Бар халықты қуантатын бұл қай кез?
Хормен: Наурыз! Онда ортаға Қыдыр ата мен Наурыз қызды шақырайық.
Наурыз қыз - Крашенникова Ксения:
- Жақсы ма, ата, қалыңыз?
- Менің атым - Наурыз
Балдай тәтті сары уыз
Алып келдім алыңыз деп, сусын ұсынады.
Қыдыр ата: Сагындыков Роллан - Рахмет, балам! Дәмді екен. - Жаңбырмен жер көгерер, Батамен ел көгерер деген. Батаңызды беріңіз.
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле – жала жерге енсін! Әумин!
Мұғалім: Рахмет. Ақ тілеуіңіз қабыл болсын! Осымен бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Көктем – өмір бастауы» атты іс шарамыз аяқталды. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет.
Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!
2 537
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош келдің - Әз наурыз!
Қош келдің - Әз наурыз!
Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Қош келдің – әз Наурыз!
Қош келдің – әз Наурыз!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын,
Армысың әз Наурыз
Армысың әз Наурыз
Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Әз, Наурыз
Әз, Наурыз
«Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Балаларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра
Қош келдің, әз Наурыз!
Қош келдің, әз Наурыз!
Наурыз мейрамы туралы тусінік беру арқылы Қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Ұлттық қазақи бұйымдар: сандық, асық, көрпе, домбыра, қамшы, ұлттық дастархан.
Қош келдің, Әз - Наурыз!
Қош келдің, Әз - Наурыз!
БҚО, Орал қаласы, №20 ОЖББМ мектепалды даярлық топ мұғалімі Ажгалиева Айнур Шапагатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×