Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мәңгілік ел идеясы - Жұбан жыры

04 қазан 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Мәңгілік ел идеясы - Жұбан жыры

1 Жүргізуші (41 топ студенті Бекеева Диана):
Армысыздар, сөз өнерін құрметтеуші, жыр сүйер қауым!

2 Жүргізуші (52 топ студенті Бейбіт Аңсар):
Жайық өңірінің перзенті, ел тарихында биіктен көрінер ұлы тұлға, «қазақпын» деуге ұлтшыл атанудан қорқып, көбі жалпақтап жүретін заманда, «Мен қазақпын» деп жариялап келген, өмірде де, поэзияда да оңай жол іздемеген, қазақтың халық жазушысы, КСРО және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, ақын Жұбан Молдағалиевтің туғанына биыл 95 жыл.

1 жүргізуші (41 топ студенті Бекеева Диана):
Ж. Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми - әмбебап кітапханасымен бірлесіп өткізгелі отырған Жұбан Молдағалиевтің 95 жылдығына орай шығармаларын насихаттау бағытындағы «Жұбан жыры - Мәңгілік ел идеясы» атты жыр кешіне қош келдіңіздер!

2 жүргізуші(52ктоп студенті Бейбіт Аңсар):
Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде табыстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Дауылпаз ақын бұл поэмасында қазақ халқының өткен өмірі мен тағдыры жайлы лирикалық - публицистикалық стильде толғана жырлады. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін ашуда, оның ерлік дәстүрі, туған жер мен ел, оның байлығы, адамдары жайлы асқақтата көркемдеп жырлай білді. Сонымен қатар ақын қазақ халқының сан ғасыр бойында ауыр азаппен өткен тағдырын еске түсіреді. Қазақ елінің талай шапқыншылыққа ұшырағанын, бірақ халық бәріне төтеп беріп, өзін қорғай білгенін, елдігі мен салтын, ұлттық қасиетін сақтап қалғанын мақтана асқақтата жырына қосады.

1 жүргізуші(41 топ студенті Бекеева Диана):
Осы жыр кешін ашу үшін атты Батыс Қазақстан индустриалды колледжі директоры міндетін атқарушы ------------------------------ сөз беріледі.

2 жүргізуші(52ктоп студенті Бейбіт Аңсар):
Келесі сөз кезегін Ж. Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми - әмбебап кітапхана директорының орынбасары Кенжебаева Сара Көшәліқызына беріледі.

1 жүргізуші(41 топ студенті Бекеева Диана):
Ұлы аманат етейік еркіндікті,
Ел құлдықты білмесін, жер күндікті,
Аңсаймын мен, сенемін, туады ертең.
«Қазақ болу – зор бақыт» дер күн тіпті...-
деген өлең жолдары бүгінгі «егемендікті» жыр еткендей әсерге бөлейді. Ақын Жұбан Молдағалиев 30жылдан соң 1986 жылы ұлттық намыс туын қолына ұстап, халқының ар - намысы үшін шыбын жанын тігіп, Алаш тәуелсіздігіне жол ашты, еліміздің егемендігінің алғашқы қазығын қадап кетті.
«Қазақ тілі» өлеңі, оқитын 52к топ студенті Калиев Нұржалғас.

2 жүргізуші(52ктоп студенті Бейбіт Аңсар):
Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске –
Айта бергім келеді, айта бергім.-
деген өлең жолдары дәл бүгінгі нұрлы дәуірдің, егеменді еліміздің болашағы мен кемел келешегін дөп басқандай сезіледі.

2 жүргізуші(52ктоп студенті Бейбіт Аңсар):
51ск топ студенттері ақын шығармашылығынан өлеңдерін ұсынады.
1. «Сағындым Жайық»
2. «Ақ жайық»
3. «Мұғалім»
4. «Отан»
5. «Туған ауылымда»

1 жүргізуші(41 топ студенті Бекеева Диана):
Ақын туған өлкесіне келген сайын өзі өскен ортаның өткені мен бүгінгісін салыстыра қарап, қай жақта жүрсе де өзі туып - өскен жерлестерінің жүрегіне жылы тиер өлеңдерін сыйлады. Солардың бірі –«Еділ мен Жайық» әні бүгінгі қазақ музыкасының алтын қорына айналған құнды мұра.
22к топ студенті Хафез Жалғасқанның орындауында ән «Еділ мен Жайық» сіздерге арналады.

2жүргізуші(52ктоп студенті Бейбіт Аңсар): Бүгінгі кешімізге ақынның замандас достарының бірі............................. ағамыз келіп отыр. Ақын туралы өз естелігін айтуға ағамызды ортаға шақырамыз.

1 жүргізуші:(41 топ студенті Бекеева Диана)
Ақиық ақын өз үнімен, дауылпаз жырларымен поэзия өлкесінде шоқтығы биік алып тұлғаға айналды. Ақын қанша биікке самғаса да, «алып та анадан туатынын» еш ұмытқан емес. «Ана жүрегінің жылуы күліп тұрған күн қызуынан кем емес», бәрімізде ананың ақ сүтімен, әлдиімен, жан шуағымен өсіп, жетілдік. Ананың балаға деген мейірімі, баланың анаға деген махаббаты шексіз, мұны тілмен айтып жеткізу мүмкін емес.
«Мен әйелге тәңірімдей табынам,
Гүл ұсынам поэзия бағынан.
Хауа анаға қара жер де қарыздар,
Содан туса адам атты бағыбан» - деп ақын ағамыз жырлағандай.
22к топ студенті Хафез Жалғасқанның орындауында «Абзал ана» әнін қабыл алыңыз.

2 жүргізуші(52ктоп студенті Бейбіт Аңсар):
Өсер ұрпағы әлі талай «Мен - қазақпын» поэмасын тұмар ғып қастерлеп, көкейге жаттап өспек. Сағыныш сазына айналған туған өлкесінің кешегі ерке ұлы, бүгінгі арқа таңар азаматы – Жұбан ақын нұрға малынған жасыл Жайығының тек төрінде, көгінде ешқашан ұмытылмай, жұлдыздай жарқырай түспек. Ұрпағы мақтанып, Ақ Жайық – Жұбан ақынның елі демек. Осымен «Мәңгілік ел идеясы -- Жұбан жыры» атты әдеби танымдық кешіміз аяқталды. Келесі кездескенше аман - сау болыңыздар!

Батыс Қазақстан индустриалды
колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы
Габдуллина Гуля Әлібекқызы
2 775
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жұбан Молдағалиев «Ар - ұят туралы» өлеңі
Жұбан Молдағалиев «Ар - ұят туралы» өлеңі
Қазақтың ұлы ақыны Жұбан Молдағалиевтің өмірі туралы мәлімет беру, ақынның өмірбаянына тоқталу, бұрынғы білімдерін тереңдету. Өлеңнің идеясымен таныстырып, ақын мұратын ұғындыру.
Жұбан Молдағалиев «Мен – қазақпын» поэмасы
Жұбан Молдағалиев «Мен – қазақпын» поэмасы
Ж. Молдағалиев өмірі, шығармашылығымен танысу. Ақиық ақынның «Мен – қазақпын» поэмасына талдау жасау. Ж. Молдағалиевтың қалам өнеріндегі асқан дарынын, шеберлігін таныту, ақынның шығармашылығына сүйіспеншіліктерін арттыру, оқушылардың поэзия туралы
Жұбан Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығы
Жұбан Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығы
ШҚО, Көкпекті тауданы, Тассай ауылы, «М. Әуезов атындағы орта мектебі»КММ Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Бибаракова Маруаш Шарипхановна
Желтоқсан ызғары
Желтоқсан ызғары
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш класс мұғалімі Бураханова Айгүл Абдулхаққызы
Қазақтың бағы да, байлығы да - Тәуелсіздік
Қазақтың бағы да, байлығы да - Тәуелсіздік
Қазақстан – көк байрақты нұр едің, Сен дегенде лүпілдейді жүрегім. Өзің менің қуанышым, бақытым, Өзің менің мақтанышым, тірегім.
Тәуелсіздік-азаттығым, бақ күнім!
Тәуелсіздік-азаттығым, бақ күнім!
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тәжбенова Нұргүл Ұласарқызы «Тәуелсіздік - азаттығым, бақ күнім» Мақсаты: оқушыларға 1986 ж. көтерілісті, жастардың көтеріліске шығу себептерін, олардың
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×