Білімділер поралы
загрузка...

Мен және менің отбасым

Тақырыбы: Мен және менің отбасым
Мақсаты:
1. Халқымыздың салт - дәстүрі, әдет - ғұрыптары жайлы білімдерін дамыту, ата - ана шығармашылығын ұштау, балалардың бойындағы өнері мен дарындылығын дамыта түсу.
2. Балабақшамен ата - ана бірлігін нығайту.
3. Отбасы – Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, балаларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа, мейірімділікке, ата - аналарының шексіз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу
Барысы:

І. Ұйымдастыру
Жүргізуші: Жиналыппыз бүгін міне бәріміз де,
Үлкен – кіші, жасымыз, кәріміз де
Төрлетіңдер, қадірменді қонақтар,
Гүл жайнаған біздің мына төрімізге.
1 - бала: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар.
«Отбасы» тойы басталды.
Қызықтан тыс қалмаңыздар!
2 - бала: Қастерлейміз халық боп,
Салт дәстүрді дәріптеп
Айтып кеткен бабалар,
Дәстүріңді таныт деп!
Жүргізуші: Қадірменді қонақтар, ата - аналар, ұстаздар!
«Мен және менің отбасым» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Осы отбасыларымыздың қадамдары құтты болып, мәртебесі биік болсын, мәре төрінен көріне берулеріне тілектестік білдіре отырып, ортаға отбасы мүшелерін шақырайық.
1. Жұмысты терең меңгерген
Жақсылықты жөн көрген
Отбасы тұр құлшынып,
Қалмайын деп сендерден
(Ортаға ____________________ отбасын шақырамыз)
2. Әділдік іздеп талпынып,
Тынбайтұғын шарқ ұрып
Бұл отбасы жарыста
Озам дейді талпынып.
(ортаға _____________________ отбасы шақырылады)
3. Мінезге бай салмақты,
Байыптайтын жан - жақты.
Мерейлі бүгін сайыста
Жеңімпаз боп қалмақшы.
(ортаға ____________________ отбасы шақырылады)
Отбасыларды ортаға шақырамыз.
Әділқазылар алқасымен таныстыру.
ІІ. Негізгі бөлім
Сайыс 6 кезеңнен тұрады
Ақыл - көрік бойларыңа жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршаңызға ізетпен,
Отбасылар таныстырып өтеді.
1 - ші кезен. «Тегімді менің сұрасаң» (Ортаға отбасылар шығып, өздерін таныстырады)
Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатар жолында
дей келе 2 - ші кезең «Өнерлінің өрісі кең» кезеңі (Топтың өнерін тамашалау ән, би т. б)

Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек тапқырлықта танытар.
Бұл сыннан де өтсең егер сүрінбей
Жүлде сенде, қуана бер, күлімде - деп,
3 - ші кезең «Ата мұраң - асыл қазынаң» қазақтың салт - дәстүрлері байланысты сұрақтар қойылады
«Қонақ - Құдай елшісі», «Қонақ келсе құт» деген қазақтың мақалдарынан халқымыздың қонақжайлылығын көреміз. Осы қонақ жөн-жолағысына қарай неше түрі болады?
/1. Құдайы қонақ - көлік күтіп, кеш болып кеткенде келген қонақ. Ондай қонақты үй иесінің қабылдамауға хақы жоқ.
2. Сый қонақ - арнайы шақырылған қонақ.
3. Қыдырма қонақ - ауыл үйдің қонағы/
2. «Жасау», «Енші» салт дәстүрі, айырмашылығы
3. Бала шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, үлкен азамат болғанға дейін жасалатын салт – жоралардың түрлері қандай?
4. Қазақтың ұлттық ойындарын атаңыз
5. Малайсары қария Сырымға «Кеудең тола бауыр болсын, арқаң қара нардай жауыр болсын, үйіңнің сыртынан дүбір, құлағыңның сыртынан сыбыр кетпесін» деп бата беріпті. Осы батаны қалай түсінесіз?/ кеудең тола бауыр болсын - өкпешіл болма, кешірімді бол дегені, арқаң қара нардай нардай жауыр болсын - ел жүгін арқала, шыдамды бол дегені, жора жолдасың көп болсын дегені/
6. «Домбыра сенде мін бар ма,
Мінсіз болсаң - тіл бар ма.
Тіл жоқ деуге бола ма,
Тілден артық үн барда.
Домбыраның күші мол
Көмейінде күй барда»,-
деп дүлдүл ақын, күйші І. Жансүгіров айтқандай, күйді тыңдағанда жаныңды қуаныш сезімі терең толғаныспен өрнек бояуын табады. Олай болса, бірге күй тыңдап, сіз сол күйдің атын табыңыз, мүмкін болса авторымен (күй қойылады)

4 - ші кезең.
Өнерлінің өнерін
Тағыда байқап көрейік
Жүйрік аттай желейік
Ептілерге кезек берейік «Ептілер сайысы»
Ойын шарты: Топ басының қолында 5 көкөніс салынған қорап болады. Топтағы сайыскердің біреуі егеді, екіншісі, жинайды. Қай топ ұқыпты отырғызып, тез жинап шықса сол отбасы жеңген болып есептеледі.

5 - ші кезең «Тіл өнері»
Шарты: Жұмбақ жасырылып, жауабын екі тілде айту керек: қазақша және орысша. 1 тілде жауап - 5 ұпай, 2 тілдегі жауап 10 ұпай болып есептеледі.
Жұмбақтар:
Жұпар исі еседі, жайнап бақта өседі, аты не, кім шешеді? /гүл - цветок/
Суда қалқиды, жылыда балқиды /мұз - лед/
Жылт - жылт еткен, жылғадан өткен /су - вода/
Ашылып жабылады, әр үйден табылады /есік - дверь/
Желден желігеді, судан шегінеді /от - огонь/

Шеберлерім өнер тамып қолынан,
Жаңылмаған ата - баба жолынан
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін
Біз айталық төрелігін соңынан
6 - шы кезең «Үй тапсырмасы» ( сайыскерлер өз шығармашылықтары бойынша жасалған жұмыстарын көрсетеді)

Қорытынды:
ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ
Жүргізуші: Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
Кезекті әділқазалар алқасына береміз.

Қорытындылау
Ата салтым - асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірін,
Өткенімді бүгініммен жалғадым!
Құрметті ата - аналар ұстаздар! Сіздер бүгін отбасы сайысын көріп тамашаладыңыздар. Балабақша тәрбиеленушілерінің, өз ұл - қыздарыңыздың білімі мен өнерін аңғардаңыздар. Сіздерге әрқашанда сәттілік тілей отырып, отбасыларыңызға береке, ынтымақ тілеймін. Балабақшамен жиі байланыста болыңыздар!
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
5 күндік оқу кестесі дұрыс па?
Ия керемет
Бұрыннан күткем
Еш өзгеріс келтірмеді
Маған бәрібір
Жоқ бұрынғысы дұрыс еді
Сайтта кім бар
Барлығы: 364
Қолданушылар: 2
Қонақтар: 362
Роботтар: 4
InkarBimaganbetiva aiboll
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика