Білімділер поралы
загрузка...

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте

Сынып сағатының тақырыбы: Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте.
Қатысатын сыныптар: 5 - 9 сыныптар.
Өткізілетін күні: 21. 09. 17 ж.
Тәрбие сағатының мақсаты:
1) Білімділік: Оқушыларды қазақ, орыс және шет ел ақын – жазушыларының шығармаларымен таныстыру.
2) Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін, тілге деген көзқарастарын, әдеби шығармаларды оқуға деген құлшынысын ояту.
3) Тәрбиелік: Оқушыларды тілін, жерін, елін сүюге, өзге тілдердің бәрін біліп, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: Баяндама, сұхбат.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, қазақ әдебиеті, орыс тілі, ағылшын.

«Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге
Көкірегінде болсын көз» - деген Абай атамыздың өлең жолдарымен бүгінгі 22 – қыркүйек тілдер күні мерекесіне арналған «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты сынып сағатын бастауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі сабақ түрі конференция түрінде өтеді, сіздердің алдарыңызда қазақ, орыс және шет елінің әдеби туындылары көрсетілген. Әр елдің өз мақтаныштары, ақын – жазушылары бар, олардың бізге қалдырып кеткен туындылары бар. Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов, Мағжан Жұмабаев, Александр Сергеевич Пушкин, Лев Николаевич Толстой, Уильям Шекспир, Оскар Уаильд, Онре де Бальзак сынды ақын – жазушылардың өз елінде ғана емес басқа елдерде де оқып, құрметтейді. Бұған дәлел ретінде Абай Құнанбаевке арналып Мәскеуде орнатылған Абай ескерткіші, ал А. С. Пушкинге арналып Алматы да қойылған ескерткіштерін айтуға болады. Тағы бір айта кететін жайт Абайдың қара сөздері 40 – тан астам тілге аударылған.
Қазақ тілі өзге тілдер секілді өз тарихы бар. Қазақ тілінің кешегісі – тарих, бүгінгісі – жаңалық, ертеңгісі – белгісіздік. Тарихымызға көз жүгіртетін болсақ – әліппені қазақ танымына, ұлттық түсінігіне лайықтай жазған, Ахмет Байтұрсыновтың 1912 жылы Орынборда басылып шыққан «Оқу құралы» деген еңбегін атамай кетуге болмайды. Тәуелсіздік алған соң «қазақ тіліне – мемлекеттік тіл» деген статустың берілуі. Қазақ тілінің бүгіні деп оның заман талабына сай дамуы, жаңалықтардың енгізілуін айта кетуге болады. Қазақ тілінің ертеңгісі – белгісіздік дегеніміз ол сіздердің араларыңыздан болашақ лингвисттер шығып тағы бір тілдік жаңалық ашар.
А. Байтұрсынов былай дейді «Атадан балаға екі нәрсе қалады, бірі – байтақ жер, бірі – байтақ тіл». Біріншісі – байтақ жер ол ата – бабаларымыздың найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап, бізге аманат еткен жеріміз. Екіншісі – байтақ тіл ол ата-бабаларымыздан қалып бізге жеткен әдеби шығармалар, жырлар, дастандар, романдар, повестер, т. б. бұл туындыларды халық тарихы жатыр. Халықтың өмірі, тыныс – тіршілігі, әдет – ғұрпы, т. б.
Ендігі кезекте осы үш елдің ақын - жазушыларының өмірі мен шығармашылығы туралы аздаған мағлұматтарды дайындап келген оқушыларды ортаға шақырамыз.
1. Алдымен сөз кезегін 6 - сынып оқушыларына береміз.
2. Келесі сөз кезегін 8 - сынып оқушыларына береміз.
3. Келесі сөз кезегін 9 - сынып оқушыларына береміз.
Жақсы барлық біздің тілшілерге алғыс білдіріп, тағы да бір рет қол шапалақтап қояйық.

«Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Бұл мақрұм қалмағыма кім жазалы,
Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?
Адамның бір қызығы - бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.
Өзім де басқа шауып, төске өрледім,
Қазаққа қара сөзге дес бермедім.
Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ,
Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім.». – дей отырып, осы тілдер апталығына арналған сынып сағатымызды жабық деп жариялаймын! Назарларыңызға рахмет!

Халық арасында небір жаңа сөз, небір жаңа ұғымдар туып жатады, бұл – табиғи процесс. Солардың шала туғандары өліп, мезгілін біліп туған өміршеңдері қанаттанып, азаматтық сөздер қатарына қосылады. Құдайға шүкір, сөздік қоры жағынан қазақ тілі ешкімнен кем де, кедей де емес, әдебиетіміздің қаулап өсуінің бір себебі осында жатқан сияқты.
(М. Әуезов)
Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде.
(Н. Назарбаев)

Қазіргі қазақ тілі – небір керемет философиялық толғаныстарды да, күрделі терең ойларды да, қылдан нәзік, жіптен биязы, аяулы сезім тебіреністерін де емін - еркін әсерлі жеткізетін көсілмелі, кең құлашты көркем тіл, «толқынның жүргенің хаттай танытар» ғажап тілдердің бірі. Бұған қазақ баласы мақтана алады.
(М. Әлімбаев)
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
5 күндік оқу кестесі дұрыс па?
Ия керемет
Бұрыннан күткем
Еш өзгеріс келтірмеді
Маған бәрібір
Жоқ бұрынғысы дұрыс еді
Сайтта кім бар
Барлығы: 368
Қолданушылар: 2
Қонақтар: 366
Роботтар: 3
Cарагул InkarBimaganbetiva
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика