Білімділер поралы
загрузка...

1 - қазан Қарттар күніне арналған тәрбие сағаты: Қарттарым асыл қазынам

«Қарттарым асыл қазынам»
Тәрбие сағаты 4 сынып
1 - қазан Қарттар күніне арналған тәрбие сағаты
Қош келдіңіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған.
Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас - көз бола білген қарттарымыздың орны ерекше. Олай болса, әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең, ақылы тілегей теңіз болып келеді. Міне, осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1 - қазан Қарттар күнімен құттықтай отырып «Қарттарым асыл қазынам» атты кешімізге қош келдіңіздер дегім келеді. (пауза). Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін ------- береміз.

Той деп бүгін шашу шашады
Той деп бүгін әлем сырын ашады
Қарттар күні мейрамына арналған
Бишілер өнерлерін шашады.
Сыныбымыздың биші қыздарын сіздердің қошеметтеріңізбен ортамызға шақырайық!
(«Қазақ биі»)

Қадірлі ата - әжелер бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздер жас ұрпаққа әрқашан төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып келесіздер. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз.
Халқымызда «Бала деген бал екен,» деген сөз бар.
Бала, немере туралы ақын Мұзафар Әлімбаев былай дейді.

Бала деген бал екен,
Бал дегенің бала екен.
Немеренің бойында,
Бар жақсылық бар екен.
Туған балаң жай ғана,
Демесең де жат бөтен,
Нағыз бала ойласаң.
«Немере» екен тәтті екен.

«Немере» екен тәтті екен. дегендей, келесі кезекті
оқушылардың ата - әжелеріне деген жыр шумақтарына берелік.

Сіздерсіздер бүгінгі ұлықпандар,
Мың жасаған ұрпақпен ұлық жандар.
Қарттар тарих, қазына, ел қазығы,
Ей, адамзат, осыны ұмытпаңдар!
«Асыл әжем» әні

Қарттарды құрметтейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсету сынды қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – ол баланың ата - анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Қарт кісіні құт - береке деп танысақ – ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата - ана әр кезде де бақытты.

(Видио жазба)
Ата - әжем мақтанышым менің де,
Қонақ болып отыр менің төрімде.
Өзіңе арнап былай тәтті үніммен,
Ән салатын кезім келді менің де.
«Туған жер» әні
ата, апайларымызға сұрақтар
Сіздер қандай оқушы болдыңыздар?
Балалық шағыңызда кім боламын деп армандадыңыздар?
Сіздерге алғаш әліппені ұстатып, білім нәрімен сусындатқан алғашқы ұстаздарыңыз кім болып еді, және де ол кісі несімен ерекше естеріңізде қалды?
Сіз адам бойындағы қандай қасиетті бағалайсыз?

Оқушылардың ата - әже туралы эсселеріне кезек берелік
Ата - бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.
Сіздерден бата берулеріңізді сұраймыз! (Бата).

Қорытындылау
Көп жасаған қария,
Ақылы теңіз - дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі соқпақ, сөзі нәр.
Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.

міне, балалар, біз өзіміздің ата - әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.
Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер! қарияларды тек қариялар күні еске алмайық, әрқашан жадымызда жүрсің.
Өзгерген не?
Адам ба? Әлде заман ба?
Ата – анаға деген парыз қалмаған ба, адамда,
Ей, адамдар!
Құрметтеңдер үлкенді
Одан ешкім кем болған жоқ ғаламда!- деп бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталады.
Келіп қатысқандарыңызға көп рахмет, келесі жүздескенше сау - саламат болайық!

Ж. Ташенов атындағы №20 орта мектебі
Сынып жетекшісі: Шаймерденова А. Е.
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
Өз пікіріңді білдір
5 күндік оқу кестесі дұрыс па?
Ия керемет
Бұрыннан күткем
Еш өзгеріс келтірмеді
Маған бәрібір
Жоқ бұрынғысы дұрыс еді
Сайтта кім бар
Барлығы: 365
Қолданушылар: 2
Қонақтар: 363
Роботтар: 3
Cарагул InkarBimaganbetiva
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика