Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тіл мерейі, ел мерейі

26 қазан 2017, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тіл мерейі, ел мерейі»
Мақсаты: Жас ұрпақты ана тілінің қадір - қасиетін түсіне білуге шақыру. Олардың халқына деген, тіліне деген махаббатын арттыру.
Көрнекілігі: «ана тілін білмейтін адам мәдениетті адам санатына қосылмайды.» М. Әуезов.

І жүргізуші: Қайырлы күн ұстаздар мен қонақтар. Сіздерге арнап «Ана тілім – ардағым» атты тәрбие сағатымызды ашуға рұқсат етіңіздер.
ІІ жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Қазақстан Республикасының Конституциясында «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл» деп жарияланған. Тіл мерекесіне орай бүгінгі «Ана тілім – ардағым» атты кешімізге қош келіпсіздер.
Тіл – ұлттық белгі, халықтық мұра, дүниетаным құралы. Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты.
Тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті, болмысы. Қазақ тілі дүние жүзіндегі ең бай, беделді тіл.
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас,- деп ұлы Абай атамыз таңырқап, тағзым еткен осы қасиетті тіліміз.

1 оқушы:
Күш кеміді, айбынды ту құлады,
Кеше батыр – бүгін қорқақ, бұғады.
Ерлікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,
Қан суынған, жүрек солғын соғады.
Қыран құстың қос қанаты қырқылды,
Күндей күшті, күркіреген ел тынды.
Асқар Алтай – алиын ана есте жоқ,
Батыр, хандар – асқан жандар ұмтылды.
Ерлік, елдк, бірлік, қайрат, бақ, ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұры жұлдыз, бабам тілі сен қалдың.

2 оқушы:
Ана тілі – біздің туған анамыз,
Анамыздай сыйлап, бағып қағамыз.
Ана тілін бағаласақ қалай біз,
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Ана тілін кім аялай білмесе,
Анасынан безінген ұл деп қараңыз.

3 оқушы:
Ана тілі бар білімнің қайнары,
Аталардың өсиеті пайдалы.
Алақаны мейірімді ананың,
Ұстазыңның жаққын жүзі – жайдары.
Ана тілім – тайтамайтын әліппем,
Болғаным жоқ әріптерін танып мен.
Өз тілімді жақсы көру арқылы,
Достасамын басқа барлық халықпен.

І жүргізуші: Халық өзінің тілін ең ардақтысы деп санайды, оны ерекше сүйеді. Қырғыз ақыны Сарноғайовтың айтқанындай, «ана тілін сүймеген адам, халқын сүйіп те жарытпайды».
ІІ жүргізуші:
Қалқам,
Мен Лермонтов, Пушкин де емеспін,
Есенинмін демедім ешкімге мен
Қазақтың қара өлеңі құдіретім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген.
Жат жерде жатқанымда жазатайым,
Қанымен жазды мүмкін ағатайым.
Қасиетіңнен қара өлең айналайын,
Қазақтың дәл өзіңдей қарапайым,- дей отырып, алдарыңызда
Ән: «Ананың үні» (хормен)
І жүргізуші: Қазақстан Республикасы Тіл туралы алғашқы заңы 1989 жылы 22 - қыркүйекте қабылданды. Біздіңелімізде тұратын барлық ұлт өкілдері қазақ тілін оқып үйренуде.
ІІ жүргізуші: Қазақ тілі түркі тектес тілдерге жатады. Соның ішінде қыпшақ тобындағы тілге жатады.
1. оқушы:
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде мың - мың ыстық қаным бар.
Туған тілде әнім менен сәнім бар,
Туған тілім – жүрек үнім наныңдар.
Нанбасаңдар,
Жүрегімді суырып - ақ алыңдар.

1. оқушы:
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда - ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнім
Сол тілімнен үйрендім нәрсе аттарын,
Сол тіліммен әдепті мен жаттадым.
Ең бірінші сол тілімнен сыртқа шықты,
Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным.

1. оқушы:
Қымбат маған анан тілім, бал тілім,
Қымбат маған дана тілім, ар тілім.
Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,
Ана тілі – ардақ тұтар алтыным.
Ана тілін – жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті менің ана тілімде,
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.
І жүргізуші:
Сая болып жаныңа емен, терек,
Жетеренді жатқаның көлеңкелеп.
Өгейсінбей өзі боп қалу үшін,
Өнер керек ұрпаққа, өлең керек, - дей отырып, алдарыңызда
Би: «Наурыз биі»

1. оқушы:
Сен болмасаң, о туған тіл, құным не?
Мен жетпейтін маржан жатыр түбінде.
Аспан, жұлдыз, жетім ай да телміріп,
Тіл қатады маған ана тілінде.
Жігіт бірде кедейленер, байыр да,
Ақ атымды, қанатымды қайырма.
Айырылсам да талай бір,
О, тағдырым, тек тілімнен айырма.
I жүргізуші:
Домбырам, жүрегіммен үндес едің,
Сенімен сырласымдай тілдесемін.
Бабамнан қалған мұра сен болмасаң,
Өнерің не екенін білмес едім, - «Кеңес» күйі.

I жүргізуші:
Өнерге әркімнің - ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы,
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын,
Қазақтың келістірер қай баласы – демекші алдарыңызда үнді биі.

I жүргізуші:
Тілім менің,
Тілім үшін мың өліп, тірілді елім.
Адалыммен, арыммен қатар қойып,
Тілді қорғау парызым бүгін менің.

II жүргізуші:
Әкең – қазақ, шешең – қазақ қарағым,
Сен де ұлысың мынау дархан даланың.
Әр халықта ұлттық намыс деген бар,
Оны биік, қасиет деп санағын.

I - II жүргізуші бірге.
Отан, Ана, Ана тілінің – үш анық.
Осыларсыз болашақта күнің жоқ.
Ән.
Қортынды:
«Тіл дегеніміз – қай халықтың болмасын кешегі, бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры» атты қабырға газеттері, ақын - жазушылардың тіл туралы айтқан пікірлерін ілу.

Қызылорда облысы, Төретам кенті,
№80 мектеп - гимназия
Сынып жетекшісі: Әбдімәлікова Ш.

Тіл мерейі, ел мерейі жүктеу
2 380
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
22 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күніне. Тілім менің – тірлігімнің тірегі
22 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күніне. Тілім менің – тірлігімнің тірегі
Оқушыларды ана тілін құрметтеуге, ұлттық тіл ретінде бағалауға, оны туған Отанында аға тіл дәрежесіне көтеретіндей қызмет жасауға үйрету; Жас ұрпақты ана тілінің қадір қасиетін түсіне білуге шақыру арқылы халқына деген сүйіспеншілігін, тіліне деген
Мемлекеттік тіл - Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл
Мемлекеттік тіл - Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл
1989 жылы «Республикадағы қазақ тілінің жайы» туралы қаулы қабылданды. 1989 жылы қыркүйектің 22 - і күні «Қазақстан Республикасындағы тілдер» Заңы қабылданып, қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды.
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім
Ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тілдің қоғамдық - әлеуметтік қызметін таныстыру, тіл мерейін көтеру. Ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, шешендік сөздердің мән - мағынасын түсіндіріп, бойларына сіңіру. Ізденімпаздыққа, шешендікке,
Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім атты жас ақындар байқауы
Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім атты жас ақындар байқауы
Ана тілім, дана тілім - Тәңірім Сақтай білген сан ғасырлар жарығын Тілім менің, Абай, Ахмет сөйлеген Бұғаулауға, шұбарлауға көнбеген.
Ана тілім – қанатым
Ана тілім – қанатым
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қазтұрғанова Мейрамгүл
Тілім барда білмеймін мен қайғыны
Тілім барда білмеймін мен қайғыны
Атырау қаласы №35 мектеп-гимназиясының мұғалімі Құбиева Нұргүл Паңгерейқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×