Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жетім көрсең жебей жүр

27 қазан 2017, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәрбие сағаты: Жетім көрсең жебей жүр
Тәрбие сағатының мақсаты: 1. "Жетім" сөзінің мән-мағынасын аша отырып, оқушыладың ұғымын кеңейту, өмірге деген құштарлықтарын, қызығушылықтарын ояту.
2. Жетім ақысын жемеуге, өмірден өз орындарын таба біліп, айналасына қуаныш сыйлай білуге үйрету, жетімге көмек қолын соза білуге дағдыландыру.
3. Жетімге құрметпен қарауға, жәрдем көрсетуге, мейірімділікке, ізгілікке, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, өмірді қадірлей, бағалай білуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: интерактивті тақта, бейнеқойылымдар.
Тәрбие сағатының түрі: ауызша журнал.

Тәрбие сағатының барысы: І Ұйымдастыру Сәлемдесу.

ІІ Мұғалімнің кіріспе сөзі. Сынып сағатының тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.
«Жетім көрсең, жебей жүр» деп дана бабаларымыз жетім - жесірін жылатпаған. Адам баласының бәрінің баратын жері – біреу. Бірақ біреуге – ерте, біреуге кеш. Жастай үзілген жандардың артында еңіреп аяқтанбаған ұрпағы қалады. Тұл жетім қылған тағдырға дауа бар ма, ал қазіргі заманда жетімнен тастанды бала көп.
Жетімін жылатпауға Үкіметіміз барынша жағдай жасаған. Оларды жан - жақты қолдайтын заң да бар, қаржы да аямай бөлінуде. Жетімдер үйін аралап жүріп бұған көзіміз жетті. Бірақ қамкөңіл жандардың әлі де барлық мәселесі шешілді деп айтуға болмайды.
Бүгінгі «Жетім көрсең жебей жүр» атты ашық альбом сағатымызда осы мәселелерге кеңінен тоқтала кетуді жөн көрдік.

1 - жүргізуші:
Өмір, өмір! Өмірдің мәні қандай?
Қайратыңды жігерге жанығандай.
Жүріңдер бұл өмірде қол ұстасып
Достықтарың жарасып дәл осылай.

2 - жүргізуші:
Шыдамдыны мына өмір ұнатады,
Бірде қуантып, бірде жылатады,
Сүріндіріп кейде сені құлатады.
Жылатып тұрып жұбатады.
Дұшпандарға кейде сені сынатады,
Қатал тағдыр бірақта шыдатады,
Мына өмір бірақта қымбат әлі,- демекші өмір жолы сан тарау, қия шатқал, қия шың.

1 - жүргізуші:
Сол жолдан адаспаудың ең бірінші жолы ол – өзіңді өзің тану, өзіңді өзің сыйлау, өзіңді өзің қадірлеу.
Өмір деген – алланың берген сыйы. Өмірдің ащы да, тәтті кезеңдері болады. Бұл кезеңдерді жеңе білу керек. Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы, жарқын өмір сүруі тиіс. "Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам бар ма?" деген сұраққа, жетім балалар үйін көре отырып, әлі де ойланбайтын адамдар көп екеніне көз жеткіздік. Сондықтан біз бүгін сіздерге өмірдің көлеңкелі жақтарын бейнелейтін «Жетім көрсең жебей жүр» атты ашық альбомымызды ұсынамыз.

2 - жүргізуші:
Алдымен «жетім» сөзінің астарына үңілелік. Олай болса альбомның бірінші беті «Жетімдер үйі көбірек»
Оқушы:
Жетім атауының өзі кезінде соғыс заманында ата - аналары қайтыс болған кезде баланың қараусыз қалып отырған. Міне осындай соғыс, қиын - қыстау, ашаршылық кезеңдерде пайда болған болатын. Оның өзінде Тәуке ханның – Жеті Жарғы, Есім ханның – Ескі жолы сияқты заңдарында жетімдерді бай қауқарлы адамдарға асырап алуға беріп отырған. Х - ХХ ғасыр аралығындағы «жетім» ұғымының анықтамасы – толық жанұялық тәрбие көрмеген. Оларға тән қасиеттер: агрессия, алаңдаушылық, мінездегі жат қылықтар. Кейінгі жылдары әлеуметтік - экономикалық себептерге байланысты және әртүрлі себептер тұрғысынан әлеуметтік жетім балалар саны артуда.
Оқушы:
Жетім – ата - анасының екеуi де немесе жалғыз басты ата - анасы қайтыс болған бала. Сондай – ата - ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айырылуына, ата - анасы хабар - ошарсыз кеттi деп танылуына, олар өлдi деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектеулi) деп танылуына, ата - анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата - анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата - анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай - ақ ата - анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата - анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған бала.
Оқушы:
Жетімдіктің түрлері
Әлеуметтік жетім – ата - анасы бар немесе қайтыс болмаған, бірақ ата - ана өз келісімдерімен баладан бас тарту, сондай - ақ ата - ананың түрлі сол қылықтарға бару арқылы олардың құқықтарын шектеп баланы айырып алу.
Тұл жетім – ата - анасының екеуi де немесе жалғыз басты ата - анасының біреуінің қайтыс болуы. Қазіргі таңда әлеуметтік жетім тұл жетімге қарағанда 80 пайызды құрап отыр. Қалған пайызы ғана тұл жетімдер.

Жетім көрсең жебей жүр жүктеу
1 643
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Жетім әңгімесі. 4 - сынып. (Блум таксономиясына құрылған сабақ)
Жетім әңгімесі. 4 - сынып. (Блум таксономиясына құрылған сабақ)
Табиғат балаға қатал, суық көрінді. Әрі салқын, әрі қорқынышты күйді есіңе түсіргендей болады. Жүрегін қорқыныш басып, жалғызсырап келе жатқан баланы не бастап келеді? Жеті түнде айдап шыққан айдаушы кім? Айдаушы сол баланың тағдыры еді...
Өмір – таңғажайып әлем
Өмір – таңғажайып әлем
Өмірдің мәні туралы ой пікірлерін ортаға салады, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей, бағалай білуге тәрбиеленеді; Өмірден өз орындарын таба біліп, айналасына қуаныш сыйлай білуге үйренеді.
Мұхтар Әуезов «Жетім» әңгімесі
Мұхтар Әуезов «Жетім» әңгімесі
М. Әуезов туралы мағлұмат алу, әңгіменің тақырыбын ашу. Топтық жұмыстар арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру.
Аман бол – асыл қарттарым!
Аман бол – асыл қарттарым!
Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Ақадыр ауылы. Малик Армангуль
Мұхтар Әуезов "Жетім"
Мұхтар Әуезов "Жетім"
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №8 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Досмағамбетова Жанаргүл Бағытқызы
Өмір теңіз
Өмір теңіз
Атырау облысы, Исатай ауданы, Нарын селосы, жалпы білім беретін Нарын орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бөбек Есмағанбетова Ғалымжанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.