Білімділер поралы

Елбасы – Ұлт мақтанышы

Елбасы – Ұлт мақтанышы
Сабақтың мақсаты: Елбасының өмірі мен еңбегін үлгі тұта отырып, елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу; ел болашағын ойлайтын, халқы үшін қызмет ететін, ұлттық сана - сезімі жоғары, саяси - құқықтық мәдениеті қалыптасқан тұлға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Н. Ә. Назарбаевтың кітаптарынан көрме, портреті, қанатты сөздері.

1 - Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар және оқушылар. Бүгін біз 1 - желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арналған «ЕЛБАСЫ – ұлт мақтанышы» атты әдеби сазды қойылымды тамашалауға шақырамыз.
2 - жүргізуші: Біздің Президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
1 - Жүргізуші Бүгінгі тәрбие сағатымызды әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың құрметіне арнағалы отырмыз! 1 желтоқсан – Президент күніне орай өткізіліп отырған « Елбасы ұлт мақтанышы» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймын!
2 Жүргізуші
«Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады - ау кісілік!
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен - кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
1 - жүргізуші: Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н. Ә. Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар - намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.
2 - жүргізуші: Бүгінгі күн бізге ОҢАЙЛЫҚПЕН КЕЛГЕН ЖОҚ. Тәуелсіз ел атану үшін, қаншама аға - апаларымыз, ата - бабаларымыз тер төкті. Соның арқасында бүгінде біз, Тәуелсіз, дербес, әлем таныған Қазақстан атанып отырмыз. Қазақ деген атымызды алғанға дейін қазақ халқының басынан не өтпеді, не көрмеді.
1 - оқушы
Қазақстан дейтін менің бар елім.
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
2 оқушы
Бар әлемге шын танылдық міне, біз
Елін сүйген Елбасы деп білеміз
Тең аталып Қазақстан Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз
3 оқушы
Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп
Елдің даңқы бар жаранға естіліп,
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік
4 оқушы
Азаттық пен елге қонды тосқан бақ
Қазақ елін мойындауда дос таңдап
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспандап
5 оқушы
Елі үшін олжа салып қиырдан
Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған

1 - Жүргізуші: Анасы түсінде буырқанып дөңбекшіп жатқан теңізді көреді. Теңізге түссе түбінен қару тауып алады. Иығына мылтықты асып алып еш тұншықпастан, қиналмастан жағаға шығады. Анасы ағайындарына түсін жорытқанда: Алла жар болсын, түсін жақсы екен, дүниеге шекесі торсықтай ұл келеді екен. Міне, бұл 1940 жылдың 6 шілдесінде шыр етіп дүние есігін ашқан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еді.

Елбасы – Ұлт мақтанышы. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • ramuk_b
    Жазған: ramuk_b
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Эвфемизм мен дисфемизм
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адам және табиғат
  • Қамқа
    Жазған: Қамқа
    Мына жаңалықта: Менің Елбасым
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қыс қызығы
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 13
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 13
Роботтар: 3
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика