Білімділер поралы
загрузка...

Тәуелсіздік - ел тірегі!

Ашық тәрбие сағаты.
Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік - ел тірегі!
Сабақтың мақсаты: Оқушы бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Тақырып бойынша сөйлесім жұмыстарын ұйымдастыру. Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендігін ұғындыру;
Сөйлеу мәдениетін дамыту.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: коммуникативтік, салыстырмалы, СТО технологиясының элементтері, сұрақ - жауап, кроссенс
Көрнекіліктер: видеосюжеттер, презентация, суреттер

Сабақтың өту барысы:
Қызығушылықты ояту
Видеосюжет арқылы тақырыпқа көшу. «Отан» деген сөзді естігенде есіңізге не түседі. Ассоциация туғызу. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Мағынаны ажырату.
1. - Отаным - сонау Каспийден Алтайға дейін созылып жатқан қасиетті өлке – Қазақстан. Қазақстан – тәуелсіз, азат ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе ХХ ғасыр қазақ халқы үшін ауыр, қайғыға толы кезеңдерімен есте қалады. 1916 жылғы көтеріліс 1928 - 1932 жылдардағы аштық, Ұлы Отан соғысы, 1986 жылғы жерді дүрсілкендірген желтоқсан оқиғасы.
Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де біз оны ешқашан ұмытпаймыз. Себебі бұл – тарих.
Оқушылар Қазақстанның кешегі күніне, яғни тарихқа шолу жасайық.
2. Әр топқа тапсырмалар беріледі. Берілген тапсырмаға 3 мин ішінде постер жасау.
1-топ – 1465 - 1986 жылдардағы тарихы.
2-топ – 1986 жыл.
3-топ – 1986 - 1991 жылдар.
4-топ – 1991 - 2015 жылдар.
3. Постер қорғау.
1-топ бастайды.
2-топ қорғайды.
1 минут үнсіздік жариялау.
Видеосюжет көрсету.
«Желтоқсан желі» өлеңін бүкіл сыныппен бірге айту.
1991 - 2015 жылдар. Қазақстан бүгін.(Бүгінгі күннің тарихына шолу)
Қазіргі кезде Қазақстан қандай? Біздің туып - өскен жеріміз, еліміз – Қазақстан. Еліміз мұнайға пайдалы қазбаларға өте бай. Қазір ынтымағы жарасқан көптеген ұлттың өкілдері тұрады. Олар: орыс, татар, өзбек, неміс, түрік т. б. көп ұлттар тұрады. Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Біздің еліміздің президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілікті нығайту жолында көп жұмыстар атқарып келеді. Еліміз ЕД, ТМД, БҰҰ ұйымдарына мүше. Қазір еліміз алдыңғы қатарлы дамыған 30 елдер қатарына қосылуға талпынып жұмыстар атқаруда. Мемлекетіміз заман талабына сай заманауи техникалар мен машиналар, өнеркәсіптер қарыштап дамып келеді. Мен осы тәуелсіз Қазақстан Республикасының азаматы болғаныма мақтанамын.
Қазіргі таңда Қазақстан өркениетті, дамыған елдер қатарында енген мемлекет. Еліміз, тәуелсіз, дербес ел атанды. Ел өз қалауымен президентті сайлап Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерді қабылдадық. Ана тіл - қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Ол күннен күнге жаңарып, жаңа белестерге көтерілуде. Осы мемлекетті одан да биіктен көрсету ұрпақтың, қазақ ұландарының қолында деп есептеймін.
Оқушылар тақта алдына шығып ант етеді:
Біз тәуелсіз, бәсекеге қабілетті, бай, экономикасы дамыған, алдыңғы қатарлы елдің нағыз патриоты болуға ант етеміз!
“Елдің жастарға жасауы”
Тәуелсіз елдің жастарына жасалып жатқан шараларды топтастыру.
Бала құқығын қорғау конвенция.
Үштұғырлылық – заман талабы.
Оқу кабинеттері жасақталуда.
Мектептер, балабақшалар саны көбеюде.
Интерактивті жүйе енгізілуде.
Халықаралық “Болашақ” степендиясы тағайындалды.
Жоғарғы оқу орындарын ашу.
Жастар саясаты қолдау алды.
4. Ендеше сендердің өнерлеріңді тамашалайық.

«Оралхан Бөкей атындағы №44 мектеп - лицейі» КММ
Сынып жетекші: Раисова Б. Т.

Тәуелсіздік - ел тірегі! жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
загрузка...
Өз пікіріңді білдір
5 күндік оқу кестесі дұрыс па?
Ия керемет
Бұрыннан күткем
Еш өзгеріс келтірмеді
Маған бәрібір
Жоқ бұрынғысы дұрыс еді
Сайтта кім бар
Барлығы: 272
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 272
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика