Білімділер поралы
загрузка...
загрузка...

Тәуелсіздік – таусылмас тарих

Тәуелсіздік – таусылмас тарих.

«Тәуелсіздік»... Осынау тарихқа тұнған ұлы сөзді естігенде «Мен қазақпын» деген әрбір жанның жүрегінде үлкен сезім орнайды. Себебі, сонау алмағайып кезеңдерде қазақ халқы үшін қымбатқа түскен, ғасырлар бойы ата - бабаларымыздың аңсаған арманы болған осы тәуелсіздік еді. Біз бұл кезеңді көрмесек те, қазақтың таңғажайып тарихын, деректерін оқу арқылы білеміз. Бұл қол жетпес бақытқа жету жолында Алаш ардақтыларының басын бәйгеге тіккені, әсіресе 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасына қатысқан қайсар аға - апаларымыздың ұмытылмас ерліктері көз алдымызға елестейді.

Жер бетіндегі қарапайым тірі жандарға зер салсақ та, олардың өз бетімен ешкімге бағынышсыз тіршілік етіп жатқанын байқаймыз, тіпті көк байрағымыздың символы болған қыран құс та аспанда еркін самғағысы келеді емес пе!
Әлемде екі жүз қырыққа жуық мемлекет болғанымен, оның ішінде күні бүгінге дейін басқа мемлекетке бағынышты өмір кешіп, тәуелсіздігін алмағаны қаншама! Сонау 1776 жылдың 4 шілдесінде Америка Құрама Штаты құрылып, тәуелсіздік декларациясын қабылдады, ал осы кезде қазақ халқының тағдырына егеменді ел болу үшін жоңғар, қалмақтармен соғысу жазды. Бұл күндері Қазақстан - егемендігін алған жас мемлекет, алайда, оның үш мың жылдық тарихы бар қасиетті ел екенін біреу білсе, біреу біле бермейді. Сол уақыттан бері қазақ халқы егеменді ел боламыз деп талай тар жол тайғақ кешті, сондықтан мен тәуелсіздікті таусылмас тарих деп білемін.

Бүгінде біз де еліміздің тәуелсіздік алған жылдарымен қатар өсіп келеміз, яғни тәуелсіздік атты өшпес ұғымның құрдасымыз десек қателеспеймін. Қазіргі жастар бақытты, себебі олар тәуелсіз елдің ұрпақтары. Ендігі алаңдайтын мәселе, әлемнің басқа елдеріне көз салсақ, мемлекет ішінде болып жатырған қақтығыстар, төңкерістер жүректі ауыртады. Жастарымыз түрлі діни ағымдарға еріп кетпей, қасиетті аталардың жанын қиған оқиғалар қалған еліміз тыныш болсын деп тілейміз.
Әлемнің алпауыт елдерінде өтіп келе жатырған ЕХРО - ның 2017жылғы көрмесі өзіміздің Астана қаласында өтетіні белгілі болды. Бұл бағындырған биік белестер Қазақстандай жас елдің күннен - күнге өркендеп келе жатқанын көрсетеді. Бір кездері арман болған азаттықтың жоғары жетістіктері жанымызды жадыратады.

Тұңғыш рет қолымызға тиген тәуелсіздіктің асыл құсын ұшырып алмай берік ұстау бүгінгі ұрпақтың қолында. Сондықтан, егеменді еліміздің қазіргі өскелең ұрпақтарына тәуелсіздіктің тарихын тереңірек түсіндіру, қастерлете білу баршамыздың міндетіміз болуы тиіс.

Маңғыстау облыстық дарынды балаларға арналған
қазақ - түрік лицейінің география пәнінің мұғалімі
Нұрболат Жалжанов
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
загрузка...
Өз пікіріңді білдір
5 күндік оқу кестесі дұрыс па?
Ия керемет
Бұрыннан күткем
Еш өзгеріс келтірмеді
Маған бәрібір
Жоқ бұрынғысы дұрыс еді
Сайтта кім бар
Барлығы: 186
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 185
Роботтар: 2
Амангуль
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика