Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шебер сынып, ЖБ және ҚБ бойынша оқытудың белсенді әдістері

13 қараша 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Шебер сынып
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1. Тыңдалған материал бойынша сабақтың әр кезеңінде оқытудың белсенді әдістерін қолдануды үйрену (Бағалау түрлерін қолдану).
2. Берілген тапсырмалар бойынша мұғалім жетекшілігімен өз пікірлерін білдіру.(Кері байланыс жасауға дағдылану)
3. Топқа бөлу түрлерімен топтық жұмыс үдерісін үйрену (Бағалау түрлерін үйрену)
(Шебер сынып.)
Сабақтың мақсаттары Барлығы: Жаңа әдісті түсініп, меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде, тәжірибеде қолдана алады.
Жетістік критерийлері: Ұйымдастырылған тәжірибелік әдістерді дұрыс қайталай алады, өз ойымен бөліседі.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін дәлелдей алады.

Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут
№1. Көзбен амандасуды ұсыну
– Құрметті ұстаздар бізде шебер - сыныпты осы жаттығудан бастаймыз.
Мен барлығыңмен осылай амандасамын, сөз айтпаймын, үндемей – көзбен. Сонымен бірге, мен көзіммен, мен бүгін қандай көңіл – күйде екенімді көрсетемін.
№2 «Әр күнге арналған рецепт» жаттығуы.
Екі жақты күнделік
№3 Ой қозғау
Бүгінгі шебер – сыныптан нені күтесіздер?
Сіздер үшін не қиындық тудырады?

Сабақтың ортасы 8 минут
№1 Ойлан да тап.(СТО)
Қысқаша шолу
«Гүлдер» өлеңінің авторы: Т. Молдағалиев.
Тұманбай Молдағалиев 1935 жылы Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында туған. Оның «Көктем таңы», «Жаңа дәптер», «Зулайды күндер» т. б. өлең жинақтары бар. Көптеген ән мәтіндерін жазған. Оның «Құстар қайтып барады», «Шақырады көктем» т. б. әнге жазылған мәтіндері халық арасында кең тараған
• №2
• Қандай гүлдердің атын білесіңдер?
• Гүлдердің өсетін орындарын айт.
• Гүлдер қалай көбейеді?
• Гүлдер немен қоректенеді? Т. б. сұрақтар төңірегінде көршіңнің не білетінін сұрап ой бөлісіңдер.
№3 Топпен жұмыс

Сергіту сәті 1 минут
Аппақ гүлдер. (әуенімен қосылып айту)
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап демалам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.

Аяқталуы 16 минут
Қызықты тапсырма 8 минут
№4
Ι топ.
«Гүлдер жайлы» мәтін құрастыр. Сөз тіркесі
ережесін айт.
ΙΙ - топ. «Гүлдер жайлы» өлең шығару.
ΙΙΙ топ. Гүлдерді қалай өсіреді. Құрылысымен айт.
ΙV топ. Гүлдердің суретін сал. Гүлдер жайлы өлең орында.
№5
«Шығармашылық шыңына талпыныс»
Қағаздан гүл жасау
№6 Топтастыру «Мен не білемін»

Қостанай облысы, Рудный қаласы,
Қашар кенті, «№»2 Қашар орта мектебі»КММ
Бастауыш сынып мұғалімі: Бержанова Жумагул Гудебаевна

Шебер сынып, ЖБ және ҚБ бойынша оқытудың белсенді әдістері. жүктеу
4 184
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ас - адамның арқауы. Дыбыстар мен әріптер
Ас - адамның арқауы. Дыбыстар мен әріптер
Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту.
Табиғатқа саяхат. Ө дыбысы мен әрпі
Табиғатқа саяхат. Ө дыбысы мен әрпі
Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Кел, танысайық! Осы менің туған елім! Сөйлем
Кел, танысайық! Осы менің туған елім! Сөйлем
Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Оқу құралдарымен таныс болайық! Сөз.
Оқу құралдарымен таныс болайық! Сөз.
Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.
Сыныптағы танысу. Сөйлем
Сыныптағы танысу. Сөйлем
Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну. Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту.
Гүлдер Т. Молдағалиев
Гүлдер Т. Молдағалиев
Гүлдер Т. Молдағалиев (қысқа мерзімді жоспар)
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×