Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күз сыйлықтары

15 қазан 2019, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Күз сыйлықтары
Мерекеге сай безендірілген зал. Әдемі сазды әуен ойналып тұрады. Бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге кіріп, орындықтарға жайғасады. Балалардың қолдарында жапырақтар.
Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгін Күншуақ тобының балалары дайындаған «Күз сыйлықтары» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Армысыздар, халайық,
Бармысыздар халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық!
Қараңдаршы, бүгін біздің залымыз қандай әдемі болып кеткен.
Жүргізуші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Күз мезгілі.
Жүргізуші: Күз мезгілінің ерекшеліктері қандай?
Балалар: Жапырақтар сарғайып жерге түседі, жаңбыр жауады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. т. б.
Қолымызға не ұстап келдік?
Жапырақтар.
Осы жапырақтардың түсі қандай? –
Сары.
(Сырттан бір дыбыс естіледі, желдің шуы)
Балалар, тыңдаңыздаршы бұл не шу? (Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді)
Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Күз ханшайымы:
Уа, халайық, дархан далам армысың,
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін
Ханшайымы Күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқымның алғысын.
Мен – Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын.
Жүргізуші: Қош келдің, Күз ханшайымы! Төрлет!
Күз ханшайымы: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын. Ағайынды бәрі,
Шықса – жасыл,
Түссе – сары.
Бұл не?
Балалар: Жапырақ
Күз ханшайымы: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар!
Мен өзіммен сиқырлы алтын жапырақтарымды ала келдім, жапырақтар сөйлеп тұр маған сыбырлап.
Жүргізуші: Жапырақтарыңыз не деп тұрғанын айтасыз ба бізге?
Күз ханшайымы: Айтайын жапырақтарым балалардың өнерін көргілері келіп тұр екен. Егер балалар мені және жапырақтарымды таң қалдырса, менің де сендерге деген сыйлығым бар.
Тәрбиеші: Әрине, қымбатты Күз ханшайымы! Біздің балалар Күз туралы өлең, тақпақ, ән айтып би билеп береді.
Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.
Ән: «Жайдарлы күз, жарқын күз»
Жүргізуші: Күз ханшайымы, балалардың өнерлері ұнады ма?
Күз ханшайымы: Иә, балалардың бәрі өнерлі екен.
Жүргізуші: Ортаға тақпақтарымен балаларды шақырамыз.
Амандық Күзім - ау, күзім - ау!
Мінезің бұзық - ау
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық - ау!

Манас Қарашы күз келді, күз келді,
Сары алтын жауыпты іздерді
Құс біткен керуен түзеді,
Көңілсіз неліктен күз енді?

Күз сыйлықтары. жүктеу
2 903
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Арайлы күз, алтын күз
Арайлы күз, алтын күз
Балаларды күз кереметімен таныстыру. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу
Жомарт күз
Жомарт күз
Мерекеге сай безендірілген зал. Әдемі сазды әуен ойналып тұрады. Бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге кіріп, орындықтарға жайғасады. Балалардың қолдарында жапырақтар.
Күз сыйы
Күз сыйы
Залдың іші күз мезгіліне қарай безендірілген. Балалар музыка әуенімен залға кіреді.
Жомарт күз
Жомарт күз
Астана қаласы, № 63 "Әсем ай" балабақшасыныңмузыка жетекшісі Измаханова Құралай Еламанқызы
Алтын күз
Алтын күз
Күз туралы түсініктерін кеңейту. Сөздік қорларын дамыту. Балаларға мерекелік көңіл – күй сыйлау.
Жомарт күз
Жомарт күз
Күз ханшайымы: Уа, халайық, дархан далам армысың, Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр, Алмақ болып бар халқымның алғысын. Мен – Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×