Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Арайлы алтын күз күзгі бал кешінің сценарийі (8 - 10 сыныптар аралығы)

09 қазан 2023, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Арайлы алтын күз» күзгі бал кешінің сценарийі (8 - 10 сыныптар аралығы)

Мақсаты: Оқушылардың әртістік қабілетін дамыту, еңбексүйгіштікке баулу, табиғатты сүюге тәрбиелеу, ауызбіршілікке бейімдеу.
Көрнекілігі: Билбордтар, шарлар, плакаттар.
(Сахна сыртында «Сары ала күз...»атты өлең оқылады.)
(Фанфар) Жүргізуші шығады.

Жүргізуші:
Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің мектебімізде өткелі отырған «Арайлы алтын күз» атты күзгі бал кешіне қош келдіңіздер!
Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз - жазира даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз - байлық, молшылық.

Қош келдіңіз көрермен,
«Күзгі балдың» кешіне.
Отырыңыз қол соғып,
Шат күлкіге бөлене.
Көбейді құт - береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке,
«Алтын күзді» тойлаймыз.
Ендеше, бүгінгі алтын күзге қатысушы топтарымызды ортаға шақырайық.
8 А сынып....................................................
8 Б сынып.....................................................
9 А сынып....................................................
9 Б сынып..................................................
10 А сынып..................................................
Жүргізуші:
Күз мейрамы құтты болсын баршаға,
Күздің сәні келіп қапты ортаға.
Әділқазы алқасымен таныстырып,
Кетейінші осы отырған баршаңа.
Бүгінгі сайысымыздың сарапшылары:

.........................................................................
..........................................................................
..........................................................................

Жүргізуші:
Бүгінгі сайысымыздың ережелерімен таныстырып өтейік:
1. Кел танысайық (таныстыру музыкамен, плакат, эмблема)
2. Өнерлі өрендер (ән, би, күй т. б)
3. Күз сыйы (күзгі дақылдардан қолөнер, экибана жасау)
4. Пародия (әншіге, жарнамаға, киноға т. б)
5. Кел күлейік (қызықты көрініс қою)
6. КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ (күзгі киім үлгісі, балдық би)
Ендеше, дайын болсақ бірінші сайысымыз таныстыруды бастаймыз.
(әр топ өздерін музыка ырғағымен таныстырады)
(Әр сайыс сайын әділқазылар баға беріп отырады)
Жүргізуші:
Асыл тастан, өнер жастан,
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалт айтпас,
Әрқашанда нанымды
Сол шындықты күнделікті,
Көріп жүрміз өмірден
Өнерімен танысайық,
Тілекші боп көңілден.
Ортада сайыскерлеріміздің өнерлерін тамашалайық.
(Сахнада өз өнерлерін көрсетеді)
Жүргізуші:
Сайысымыздың келесі бөлімі «Күз сыйына да» келіп жеттік. Қатысушыларымызға күзгі дақылдардан қолөнер, экибана жасап әкелуге тапсырма берген болатынбыз. Олай болса, қолдарынан бал тамған сайыскерлерімізді ортаға шақырайық. Сайыскерлеріміз өздерінің жасаған жұмыстарын таныстырып өтсін.
(Сайыскерлер жұмыстарын таныстырып өтеді)
Жүргізуші:
Сайысымыздың келесі бөлімі «Пародия». Әншіге, жарнамаға, киноға пародия жасауға да кезек келді. Сайыскерлеріміз ортаға өнерлерін көрсетсін.
(Сахнада әр топтан пародия қойылады)
Жүргізуші:
Сайысымыздың қызықты бөлімі «Кел күлейік» қызықты көрініс көрсету бөліміне келдік. Сайыскерлер өздерінің өнерлерін ортаға салсын.
(Сахнада сайыскерлер қызықты көрініс көрсетеді)
Жүргізуші:
Арулар неткен сымбатты,
Ғажайып нұрға бөленген.
Алтын күзге үн қатты
Сәнді киім түрімен,- деп сайысымыздың соңғы кезеңіне де келіп жеттік.
Қатысушыларымыз өз шығармашылықтарымен жасаған киім үлгілерін көрсетеді. Бұл сайысымыздың ерекшелігі, «Күз ханшайымы» бөлек марапатталады. Олай болса, қол соғып қошеметтеп отырайық!
(Сахнада сайыскерлеріміз күздік киім үлгілерін көрсетеді және балдық би билейді)

Жүргізуші:
Білім - теңіз, мектепті кеме дейміз,
Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,
Әдемі мен тәлімі үндесетін,
Жастарды болашаққа жетелейміз.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Өмір - күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін күннен - күнге
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,- дей келе бүгінгі сайсымызды қорытындылап, жеңімпаздарды анықтау үшін сөз кезегі әділқазыларға беріледі!

(Әділқазылар жеңімпаздарды анықтап, марапаттайды)

Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі «Арайлы алтын күз» атты күзгі бал кешіміз осымен тәмамдалды.
Жеңісті күндерде кездескенше, сау - саламатта болыңыздар!
78 038
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Аяулы күз, алтын күз!
Аяулы күз, алтын күз!
Мұнда назар салайық Мерекесі халықтың Алтын күзге арналған Ертеңгілікті бастайық.
Күз - береке, молшылық
Күз - береке, молшылық
«Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз - байлық, күз - береке, күз - молшылдық, күз - шаттық, күз - қуаныш екенін оқушы санасына жеткізу. өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.
Берекелі Алтын күз!
Берекелі Алтын күз!
Армысыздар құрметті ата - аналар, барша қонақтар! Ортаңғы топ бүлдіршіндерінің «Берекелі Алтын күз!» атты мерекелік ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Алтын күз (ертеңгілік)
Алтын күз (ертеңгілік)
Құрметті қонақтар, балабақша қызметкерлері, балалар! Сіздерді «Айна» тобының «Алтын күз» мерекесін тамашалауға шақырамыз!
Арайлы алтын күз
Арайлы алтын күз
Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын, Көңілді серіппелі күйін ашсын. Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып, Береке бірлікпенен ортақтассын.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×