Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош келдің, Әз - Наурыз

01 желтоқсан 2017, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Қош келдің, Әз - Наурыз
Мақсаты: Халқымыздың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып Наурыз қазақтың ұлттық мейрамын ашып көрсетіп, балалардың көңіл күйін көтеру. Ұлттық өнерін паш ету.
Нені игереді: Көктем мезгілінің ерекшелігін, үш тілде тақпақ айту туралы тілдерін дамытады, салт - дәстүрлерді, әдет - ғұрыптарды игереді.
Пән аралық дамыту: тіл дамыту, айналамен танысу, шығармашылық өнер, орыс тілі, көркем әдебиет, ағылшын тілі.
Жүргізуші:
Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық, ән салайық
Қаһарлы қыстан өтіп, Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа халайық!
Бибісара ханым шашу шашады.

Армысыздар ата - аналар, қадірлі қонақтар, үлкен кіші ағайын! Наурыз "жаңа күн"деген сөз. Бұл күн біздің ата - бабаларымыз арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі Наурыз тойы мерекесі құтты болсын! Ақ мол болсын. Бейбіт заман! Ағайын - жұрт тегіс аман болсын!

Ендеше сөз кезегін "Атамұра - орда" балабақшасының құрылтайшысы Серікбай мырзаға және балабақша меңгерушісі Ботагөз ханымға сөз кезегін берейік.
Жүргізуші: Құрт - бауырсақ шашылсын
Наурыз тойы ашылсын
Бір - бірінен мынау жұрт
Өнерлерін асырсын деп алдарыңызда Серікбай А орындауында "Мереке" әні.

Жүргізуші: Күй ойнайды қазағымның қанында
Күй ойнайды қазағымның жанында
Жүрегімнің жүрегімнің дүрсілі
Ол алтын саз күмбірлеген домбыра деп алдарыңызда қыздарымыздың орындауында "Домбыра" биі: Ақтілек, Инабат, Айару, Диана.

Жүргізуші: О жараңдар, жараңдар
Бәрің бері қараңдар
Наурыз тойы басталды
Жайым жоқ тосып амалдар
Терме жырлар есілсін
Арадағы араздық
Татулықпен шешілсін.
Балабақшаның бүлдіршіні Бағжанның орындауында "Балапан" әні қабыл алыңыздар.
Інжу: Уа, халайық, халайық
Әсем әнге салайық
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық
Берік: Қарық қып құтты Наурыз!
Қазанға толсын сары уыз
Қайнасын наурыз көже де
Толтырып ішкей кесеңе
Нұрасыл: Малдар төлдеп, қой қоздап
Сүттен бұлақ ағызған
Жаңа жылдың сипаты
Басталыпты Наурыздан
Нұриман Ш: Ұлыстың ұлы күнінде
Көппен бірге күлімде
Көбейсін жаң достарың
Молайсын елге қосқаның
Жүргізуші: Елін қорғап, кең байдақ жерін қорғап
Ұрпағына аманат еткен, ол біздің қазақтың батырлары. Қанекей, ұлдарымыздың "Батырлар" биін тамашалаңыздар. Айсұлтан, Нұрғиса, Бексұлтан, Мирас, Ерсайын, Әбдімансұр.

Жүргізуші: Бала деген салтанатың,
Жарығың ол сөнбейтұғын жәннатің,
Шөлдеп келсең, шаршап келсең үйіңе,
Сусының ол сүйсең мейірім қанатын.
Балалардың орындауында "Қуыршақ" әні: Жасұлан, Нұргүл, Гаухар, Інжу, Аяулым, Айару, Каусар, Райым.

Кішкентай бүлдіршіндеріміз Қуыршақ биін билейді. Қабыл алыңыздар.
Даная, Каусар.

Қайрат. Күй мен түн теңелді
Жер шуаққа кенелді
Нұрғиса: Clean the blackboard
clean the door
clean the tаble
clean the floor.
Ерсайын: Hickety, pickety, my plack cat
like to sit in my blue hat
Айсұлтан: My family
I have a father
I have a mother
I have a sister
I have a brother
father mother, sister, brother
hand in hand with one another

Ағылшын тілінде ән. Бағжан, Мирас, Бексұлтан My boni
Анеля: В степи, на жайляу,
Пасутся овечки,
Там дедушка юрту
Поставил у речки.

Жүргізуші: Біз қазақ елі қонақ жай тату елміз, Еліміз бірнеше өкілдерден тұрады. соның бірі орыс халқы. Орыс биі "Калинка" Анеля

Гаухар: Наурыз тойың, наурыз тойың
Құтты болсын халайық
Күй төгілсін, күй төгілсін
Шырқап әнге салайық
Дінмұхамбет: Ән менен күй жарасқан,
Нұрын төгіп күлімдейді көк аспан
Қадірлейік бейбіт аспан ақ құсын
Қадірлейік халқымыздың дәстүрін.
Нұрияның орындалуында өзбек биі:

Жүргізуші: Қонақтар екі ауылдың әкімі Сейілов Медет, Арысбаев Бауыржан мырзаларға құттықтау сөз берейік. Балабақша басшыларына алғыс хат беріп шапан жапты.

Қош келдің, Әз - Наурыз. жүктеу
2 509
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Наурыз
Наурыз
Халқымыздың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып Наурыз қазақтың ұлттық мейрамын ашып көрсетіп, балалардың көңіл күйін көтеру. Көктем мезгіліндегі табиғат сұлулығын байқай білуге тәрбиелеу. Наурыз — қазақ халқының жаңа жыл екенін түсіндіру.
Қош келдің, Наурыз!
Қош келдің, Наурыз!
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;
Қош келдің – әз Наурыз!
Қош келдің – әз Наурыз!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын,
Армысың әз Наурыз
Армысың әз Наурыз
Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Әз, Наурыз
Әз, Наурыз
«Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Балаларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра
Қош келдің, Наурыз,көктемім!
Қош келдің, Наурыз,көктемім!
Наурыз тойының ерекшелігін, табиғат пен адамның байланысын баланың жас ерекшелігіне байланысты өзін қатыстыра отырып түсіндіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×