Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Рухани жаңғыру: Болашаққа бастар жол

02 желтоқсан 2017, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
1 - жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2 - жүргізуші: "Рухани жаңғыру: Болашаққа бастар жол" атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
1 - Жүргізуші:
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
Ол бірақ, өз үйіңнен басталады..
2 - жүргізуші: Өз Отаныңын, өз еліңнің патриоты болғанға не жетсін! Сайын дала — атажұрт бабаларымыздың көздің қарашығындай сақтап, найзаның ұшы, білектің күшімен қорғағанының арқасында бізге жетіп отыр. Ендеше осындай алып Отанды сүйіп өту кімге де болсын парыз әрі қасиетті міндет. Отанды сүю оның әрбір тасын сүюден басталады. Яғни, туған анаңа, туған жұртыңа деген махаббат Отанға деген махаббатқа ұласпақ.
Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел — қазақ халқы. Қазақ халқы — ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халықтың тәуелсіздік алғалы бері жүріп өткен жолдарын еске түсірейік.
1 - жүргізуші: 1991 жылы 16 желтоқсанда қазақ халқы азаттық жолындағы екі жарым ғасыр бойғы үздіксіз күрестен кейін мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізді.
2 - жүргізуші: 1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық елдің тұңғыш Президентін сайлау өткізілді, сайлау нәтижесінде мемлекет басшысы болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1 - жүргізуші: 1993 жыл 28 қаңтар — Егемен Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды.
2 - жүргізуші: 1995 жыл 30 тамыз — Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды.
1 - жүргізуші: 1997 жыл 10 қазан — Президенттің жарлығымен мемлекеттің астанасы болып Ақмола жарияланды.
2 - жүргізуші: 1997 жыл 11 қазан — Президент Н. Ә. Назарбаев республика халқына «Қазақстан — 2030» Жолдауын қабылдады.
1 - жүргізуші: Жыл сайын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы назарбаев қазақстан халқына жолдау жолдап келеді. 2017 жылғы 31 қаңтардағы жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»
2 - жүргізуші: Осы жолдау аясында Елбасымздың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты мақаласы жарық көрді.
1 - жүргізуші: Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың басым идеялары оқушылар арасында кеңінен насихатталуда. Аталмыш мақала Кіріспе, қорытынды және екі бөлімнен тұрады. 1 - бөлім, 21 - ші ғасырдағы ұлттық сана туралы. 2 - бөлім, таяу жылдардағы міндеттер
Қазір сіздердің назарларыңызға осы мақала туралы 5 сынып оқушыларының пікірлерін ұсынамыз.

1 - оқушы: 1. Бәсекелік қабілет
Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.
2 - оқушы: 2. Прагматизм
Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек.
Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз.
3 - оқушы: 3. Ұлттық бірегейлікті сақтау
Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт - дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.
4 - оқушы: 4. Білімнің салтанат құруы
Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет.
Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді
5 - оқушы: 5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы
Біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақиқатқа - эволюциялық даму ғана ұлттың өркендеуіне мүмкіндік беретініне көзімізді жеткізеді.
6 - оқушы: 6. Сананың ашықтығы
Біріншіден, адам жер шарының өзіне қатысты аумағында және өз елінің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.
Екіншіден, Ол жаңа техологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз.
Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі.
Ән:

Әдеби музыкалық монтаждар:

Оқушы:
Қазақстан – атамекен, құт қонған жер,
Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған жер.
Көкорай белестері мақпал кілем,
Қырлары қызғалдағы құлпырған жер.
Қазақстан, замананың заңғарында,
Халқыма мекен болған жайлауың да.
Алатау ақ самайлы басын иген
Қайратты қарт Қаратау қойнауында.

Өзіңсің, Қазақстан, ән, арманым да,
Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.
Бір нәрсе жетпейді деу қате болар
Өзіңдей ұлан байтақ далам барында.
Гүл дала – Қазақстаным.

Сен үшін бар сөздіктен сөз таңдайын көп,
Сен барда басылмайды жез таңдайымда от.
Мен сенен кете алмаспын, амалсыздан
Бір кетсем, оралармын бозторғайың боп.
Ән дала – Қазақстаным.

Сен барда ғажап шебер, ғажап ұстамын,
Түсінем өзендердің саз ағыстарын.
Қалай ақын болмайын, мен түгілі
Ұшады көгіңе жыр жаза құстарың.
Қырандар қанатында даңқы кеткен,
Дән дала – Қазақстаным.

Рухани жаңғыру: Болашаққа бастар жол. жүктеу
37 239
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстан еліне саяхат
Қазақстан еліне саяхат
Оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі - туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.
Мәңгілік ел Мен өз Отанымның патриотымын тәрбие сағаты
Мәңгілік ел Мен өз Отанымның патриотымын тәрбие сағаты
Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос – жарандарың, туған туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана.
Мен өз Отанымның патриотымын!
Мен өз Отанымның патриотымын!
Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой - пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Мен өз Отанымның патриотымын
Мен өз Отанымның патриотымын
Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос – жарандарың, туған туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің.
Менің Отаным - Қазақстан
Менің Отаным - Қазақстан
Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Оқушыларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа тәрбиелеу.
Менің Отаным - Қазақстан
Менің Отаным - Қазақстан
Мақсаты: Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×