Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Еліміздің еркіндігі – тәуелсіздік

10 қараша 2019, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Мұғалім: Хуаныш Г.
1 сынып
Тәрбие сағат тақырыбы: «Еліміздің еркіндігі – тәуелсіздік»
Тәрбие сағат мақсаты:
Білімділігі: оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алғалы 28 жыл ішіндегі жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту.
Дамытушылығы: отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін ұғындыру.
Тәрбиешілігі: бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу, оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел азаматы етіп тәрбиелеу.
Тәрбие сағат әдісі: шағын концерттік бағдарлама, суреттер, қанатты сөздер, Отан туралы видео.
Пайдаланылған көрнекіліктер: Қанатты сөздер, Қазақстан Республикасының Әнұраны, елтаңба, туы, Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаев суреті, слайд, фильмдер.
Ұранымыз: «Тәуелсіздіктің тура жолы - білімді»

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды тәрбие сағатына дайындау. Сыныпқа кіру.
1. 1. Мұғаліммен бірге барлық оқушылар қолдарына желбіреген көк туларын алып «Көк тудың желбірегені» әнін ортада билеп жүріп орындайды.
2. Негізгі бөлім.
2. 1. Кіріспе. («Менің туған жерім - егеменді Қазақстан» видеосы қосылып тұрады.
Мұғалім: - Сәлеметсіздер құрметті ұстаздар мен ата - аналар.
Біз тәуелсіз елдің пендесі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің Отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға берілесің. Бұл ұғымның аясы кең. Отан – далаң, орман, тауың, ауылың мен астанаң.
Отан әр жұмыр басты пенденің киелі мекені, жер басып жүрген әр тіршілік иесінің шексіз байлығы. Тәй - тәй басқан нәресте де, еңкейген қария да оның бір мүшесі.
Қазіргі кезде біз ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырмыз.
Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке. Сіздерді 16 - желтоқсан тәуелсіз Қазақстанымызға 25 жыл толу мерекесімен құттықтап, бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
2. 2 Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.
2. 3. Отан туралы видео.
3. Ортаға Қаз дауысты Қазыбек би шығып сөйлейді.
Абдумәлік: - біз Қазақ мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Басымыздан құт - береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Достықты сақтай білген елміз, дәм - тұзды ақтай білген елміз.
3. 1Мұғалім: Көрініс: «Егемендік деген не?» (Атасы мен немересі Ақырын басып қарт шығады. Орындыққа келіп дем алып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі келеді.)
1. Ақарыс (немересі:) - Ата, не ойлап отырсыз?
2. Архат(атасы): - Ә, балам, атаң не ойлайды дейсің! Сенің болашағыңды ойлаймын, еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын.
3. Ақарыс (немересі:): - Ата, өткен өмір деген не?
4. Архат(атасы): - Ә, балам, «Өткен өмір» сонау ежелгі ата - бабаларымыздың ерте кезден белгілі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?
5. Ақарыс (немересі:) - Ал, ол қандай болған?
6. Архат (атасы): - Ендеше, тыңда балам, тарихты тыңдайық.
3. 2. Зарина: 25 жыл шығып сөйлейді: «Тарихыңды таны» (Бастарында жылдары жазылған оқушылар шығып өз жылдарымен таныстырады)
Дидар: 1991 – жыл 1 желтоқсан - Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Президентін сайлау өтті. Сайлау нәтижесі бойынша дауыс беруге қатысқандардың 98, 78% дауысын жинаған Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.
Бекжан: 1991 жыл 10 желтоқсан Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы - Қазақстан Республикасы деп аталды.
Мансұр: 1991 жыл 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды.
Зрина: 1992 жыл қазан айында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында дипломатиялық қарым - қатынас орнатылды. Екі елде өз елшіліктері ашылды.
_____________1993 жыл Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Болашақ» бағдарламасын тағайындады. Осы жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелге жастарды оқыту басталды.
_____________1994 жыл 6 шілде Жоғары Кеңес депутаттары астананы Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдады.
Архат: 1995 жыл Абай жылы деп жарияланды.
Еламан: 1996 жыл Алматыдағы Республика алаңына Қазақстан тәуелсіздігінің бес жыл толуына байланысты 16 желтоқсанда «Тәуелсіздік монументі» ашылды.
Фариза: 1997 жыл 11 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Малика: 1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» деп жарияланды.
Даниял: 1999 жыл 10 қаңтар - өткізілген мерзімінен бұрын болған президенттік сайлауға қатысушы дауыс берушілердің 79, 78 %- ы Н. Ә. Назарбаевты қолдады.
Наргиза: 2000 жыл «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды.
_____________2001 жыл ХХІ ғасыр бастамасы. 2001 жыл – осы жаңа ғасыр тұсында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл толды.
Нұрия: 2002 жыл «Денсаулық жылы» деп жарияланды.
_____________2003 - 2005 жылдары - «Ауылды қолдау жылы» деп жарияланды.
Абдумәлік: 2004 жыл Ресейдің Қазақстандағы жылы.
Әділхан: 2005 жыл 4 желтоқсан - Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы өтті. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 65 - бабына сәйкес, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.
Арслан: 2006 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін е 15 жыл толды. 2006 жылы - Желтоқсан көтерілісіне 20 жыл толды.
Ақниет: 2007 жыл «Қазақ тілін қолдау жылы» деп жарияланды.
Арайлым: 2008 жыл 23 қазан Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІV сессиясы өтті.
Елбек: 2009 жыл 12 қаңтар - Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Астанада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің бірінші интелектуалдық мектебін ашты.
Ерлан: 2010 жыл 20 тамыз - ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев Ереванда өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымына мүше - елдер Мемлекет басшыларының бейресми саммитіне қатысты.
_____________2011 жыл «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» деп жарияланды.
Аянат: 2012 жыл 1 желтоқсан – «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» болып жарияланды.
Нұрсәлім: 2013 жыл 8 қазан - Қазақтың рухын көтерген Абылайдың 300 жылдық мерейтойы өтті.
Махаббат: 2014 жыл Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы ашылды.
Мерей: 2015 жыл - Ассамблея жылы деп жарияланды.
Мұғалім: 2016 жыл 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 28 жыл.
7. Архат (атасы:) - Бұған да тәубә. Егемендік алып, әлем таныды ғой елімізді.
8. Ақарыс (немересі:) - Ата. «Егемендік» деген не?
9. Архат (атасы:) - Егемендік – «иесі мен» деген сөз. Егемендік ел болудың белгісі.. Енді міне, желбіреген көк байрағымыз, айбынды ән ұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр. Егемендік Еліміздің келешегін өзің сияқты ұрпақтарыма тарих етіп баяндап аталарың тұр. Ұмытпаңдар айналайын ұрпақтарым!
3. 3 Туу, Елтаңба, Әнұран – ақпарат беру (видео көрсетіледі).
2 363
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Желтоқсан қаһармандары
Желтоқсан қаһармандары
Оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алғанына 18 жыл толуына байланысты Қазақстан туралы білімін кеңейту. Отанды сүюге, байлығымызды қорғауға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру.
Көк тудың желбірегені
Көк тудың желбірегені
Тәрбие сағатының мақсаты: Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру.
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Атырау қаласы жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахмеджанова Гүлжан Утеуовна
Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік
Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік
Астан қаласы, №63 балабақшасының ән күй жетекшісі Ізмаханова Құралай Еламанқызы
Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік
Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің I санатты бастауыш сынып мұғалімі Саулебаева Ләззат Шәкиқызы Тақырыбы: Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік
Тәуелсіздік жырлары
Тәуелсіздік жырлары
Еліміздің тәуелсіздік алғалы 30 жыл ішінде жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту Отанды сүюге, байлығын қорғауға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×