Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіздік шапағаты

03 желтоқсан 2017, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Тәуелсіздік шапағаты
Мақсаты: Еліміздің өткеніне, бүгініне, ертеңіне көз жіберіп шолу жасау. Өз еліміздің тілін, тарихын, салт – дәстүрін, әдебиетін қадір тұтып, құрметтеу. Қазақ елімізді әлемдік деңгейге жеткізу – біздің қолымызда екенін айтып түсіндіру. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, плакаттар, буклеттер, музыкалық жабдық
1 - оқушы
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер,
Мейрамың құтты болсын, тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер.
2 - оқушы:
Тәуелсізбін мен бүгін,
Келді, міне азаттығым, теңдігім.
Бостандықта байлығым мен ендігім,
Шешіл енді шемен болған шерлі үнім!
3 - оқушы:
Өзіңдікі - Елің де,
Өзіңдікі – Жерің де
Өзіңдікі өзің еткен Бақ - Тәуелсіздік төріңде!
4 - оқушы:
Қанатыңнан қайрылып,
Қыр - арқаңнан айрылып
Қонақ -
Тәуелсіздіктен,
Қала көрме айрылып!
Мұғалім: Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген...
Ж. Молдағалиевтің осы өлең жолдары қазақ деген дана халықтың бүкіл болмысы мен өмір жолын айғақтап бергендей: ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама, 30 - жылдардағы ашаршылық, 37 - жылдардағы нәубет, 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысы, желтоқсан көтерілісі:
Тәуелсіздіктің құны міне осындай...
Биылғы жылы Тәуелсіздік таңының арайлап атқанына 24 жыл толып отыр. Осы жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңіске - 70 жыл, Ассамблеяға - 20, Қазақстан Конституциясына - 20 - дығы тойланып жатыр. Армысыздар қадірлі қонақтар, ата - аналар, ұстаздар мен оқушылар!
Биыл 2015 жылы дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан көтерілісіне 29 жыл болды.
Ал, егеменді еліміздің Тәуелсіздігін алғанына 24 жыл толған мерейлі тойына арналған «Тәуелсіздік шапағаты» атты әдеби кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
1 - жүргізуші: Шарықта, шарла көкті көк байрағым,
Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.
Мен сенің салтанатты сағатыңа
Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.
Ал самға, әлем кезіп, Әнұраным
Қалықта Елтаңбасы - шаңырағым.
Хор «Әнұран»
1 - жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
2 - жүргізуші
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
1 - жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
2 - жүргізуші:
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиын - дықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туаты - нына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
1 - жүргізуші
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз - өзінен жүрегім ән салады.
2 - жүргізуші: Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік.
1 - жүргізуші: 1723 - 1725 жылдар Ақтабан шұбырынды.
2 - жүргізуші: 1836 - 1838 жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы көтерілісі
1 - жүргізуші: 1837 - 1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс.
2 - жүргізуші: 1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт - азаттық көтеріліс.
1 - жүргізуші: 1932 - 1933 жылдар ашаршылық кезеңі.
2 - жүргізуші: 1936 - 1938 жылдар репрессия кезеңі.
1 - жүргізуші: 1941 - 1945 жылдар Ұлы Отан соғысы.
2 - жүргізуші: 1986 жылы Желтоқсан оқиғасы.
1 - жүргізуші: Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рұсқұлбеков, Ләззат Асанова, Жансая Сабитова, Ербол Сыпатаевтарды еске алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз. 1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап - жас қыз - жігіттер құрбан болды. Біз әрдайым Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз.

1 - жүргізуші: Озбырлық күшпен тұншығып,
Үміттің оты өшкен күн.
Жанына таппай бір шындық,
Ер Қайрат қыршын кеткен күн.
Қайғы езіп, елдің еңсесін
Жаншыды - ау жанын батпан күн!
оқушы:
Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып

Ән: «Желтоқсан желі»
2 - жүргізуші: «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқа - сында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды. 120 - дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Тәуелсіздік шапағаты. жүктеу
3 812
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
16 желтоқсан тәуелсіздік күні сценарий
16 желтоқсан тәуелсіздік күні сценарий
Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу.
Біз – Тәуелсіз елдің болашағы!
Біз – Тәуелсіз елдің болашағы!
Еліміздің өткеніне, бүгініне, ертеңіне көз жіберіп шолу жасау. Өз еліміздің тілін, тарихын, салт – дәстүрін, әдебиетін қадір тұтып, құрметтеу. Қазақ елімізді әлем - дік деңгейге жеткізу – біздің қолымызда екенін айтып түсіндіру.
Желтоқсан алауы (тәрбие сағаты)
Желтоқсан алауы (тәрбие сағаты)
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Жылыой Мұнай және Газ Технологиялық Колледжі Өндірістік оқу шебері: Исмагулова Анаргуль Топ кураторы: Қуандықова Самал
Тәуелсіздік – тірегіміз
Тәуелсіздік – тірегіміз
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бекманова Бибіхан
Тәуелсіздік-азаттығым, бақ күнім!
Тәуелсіздік-азаттығым, бақ күнім!
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тәжбенова Нұргүл Ұласарқызы «Тәуелсіздік - азаттығым, бақ күнім» Мақсаты: оқушыларға 1986 ж. көтерілісті, жастардың көтеріліске шығу себептерін, олардың
Тәуелсіздік жырлары
Тәуелсіздік жырлары
Еліміздің тәуелсіздік алғалы 30 жыл ішінде жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту Отанды сүюге, байлығын қорғауға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×