Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


16 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесіне байланысты атқарылатын іс - шара сценарийі «Тәуелсіздік – елдігімнің бастауы»

03 желтоқсан 2017, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
16 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесіне байланысты атқарылатын іс - шара сценарийі «Тәуелсіздік – елдігімнің бастауы»

Жүргізушілер: 1 - Амангелдин Ақжол, 2 - Қайроллаева Индира, 3 - Төлеуғазин Елжан, 4 - Мұхтарова Назерке.
1. Тәуелсіздік, тәуелсіздік – жыр - әнім
Ел іргесі берік болсын – ұраным
Тәуелсіздік – өзіңді еркін сезіну
Салт - дәстүрім – қолдан түспес құралым.

2. Тәуелсіздік!
Не деп оны түсіндік?
Тәуелсіздік – ар - ожданың, кісілік
Адамға адам жолдас, бауыр - туыс боп
Ел - жұртыңның алма құнын түсіріп.

3. Тәуелсіздік! Менің байтақ Отаным,
Бір өзіңсің Мұхтар, Абай, Шоқаным.
Тәуелсіздік – сәбилердің шаттығы,
Тәуелсіздік – ақ батасы атаның.

4. Тәуелсіздік, тәуелсіздік – жыр - әнім
Көк байрағым, Елтаңба, Әнұраным
Атыңнан айналайын, Тәуелсіздік
Қолда елімді қасиетті Құраным!

1. Қандай бақыт, қуанышты күн бүгін,
Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.
Арман еткен, қыршын кеткен ағалар,
Елің алды егеменді теңдігін.

2. Қазақ жері - қонақжай, төрдің жері,
Қазақ жері - қас сақтай елдің елі.
Елі кедей болмаған - жері байтақ,
Едігедей, Бабырдай ерлер жері.

3. Қазақ жері көп шеккен қасіретті,
Қазақ елі өнерлі, өсиетті.
Египетті билеген Бейбарыстың
Елі текті, киелі, қасиетті.

4. Құзырына қол сұқпаймыз көптің біз,
Тұнжыраған түн емеспіз, тек Күнбіз.
Елдігіміз кең әлемге танылып,
Желбіреген аспан түстес Көк тумыз.

1. Қымбатты қонақтар, 16 желтоқсан - Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Тәуелсіздік – елдігімнің бастауы» - атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер.

2. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Тәуелсіздік – еліміздің басты құндылығы»- деп атап көрсеткен егемендігіміздің туы желбіреп, тәуелсіз ел атанғанымызға биыл 24 жыл толып отыр.

3. Тәуелсіздік күніне арналған құттықтау сөз сөйлеу үшін ортаға мектеп директоры Б. К. Тілеубайға беріледі.

4. О, кең дала!
Ен қызыққа батқаның
Шалқып толқып, бақытты боп жатқаның.
Халқымыздың қуанышын молайтқан
Егемендік сенің алып жатқаның.

3. Жеткен арман, жаса тәуелсіздігім,
Өз қолыма берген ерік тізгінін.
Ие болған әлем ілтипатына,
Дербес, бейбіт мемлекетпіз біз бүгін.

2. Қына көктеп қоңыр қырдың тасында,
Бастағандай көгім бүгін ашыла.
Еңсесі тік, егеменді ел болып,
Бақыт қонды қазағымның басына.

1. Ұмытпаймыз біздер әрқашан
Тағдырдың берген бұл сыйын
Еліміз болып тойлаймыз
Тәуелсіздік мейрамы күнін!
Тәуелсіздік мерекесіне арналған әдеби монтаж. Дайындаған мектебіміздің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Азамат Бауыржанұлы Қабиденов.

2. Үлгі – өнеге ұлтына ұлағаты,
Бәрі бауыр,
Жоқ жанның сірә, жаты.
Алты құрлық, төрт мұхит ар жағына
Алашымды әйгілеп тұрады аты.

3. Туын тікті Азаттық тұңғыш рет,
Кеудесіне ұя сап Күн кішірек.
Симпозиумда, саммитте салиқалы
Күллі әлемге ұсынған үлгісі көп.

4. Асқақтатқан Ақордам көкке айдарын,
Төле бидей төрінде төкті ойларын.
Тұңғыш рет БҰҰ - да желбіретті,
Қазағымның әнекей көк байрағын.

1. Арманымның алысқа көші кеткен,
Ақыл – ойын халқына несібе еткен.
Мұратына мына елді жеткізеді,
Ақ кемедей мұхитты кесіп өткен.
Тәуелсіздік – атты қасиетті ұғымның алты құрлықта қалай қабылданып, осы күнге жеткен шет елдегі қандастарымыздың шаттыққа толы қуаныштарын бейнелейтін бейнебаянға назар аударуларыңыз сұралады.

4. Өнерпаздар жарысып сан – салалы,
Жиын десе, той десе жан салады.
Бүгінгі мерекенің құрметіне
Әуелеген әсем ән жолданады.
Ән «Көк тудың желбірегені». Орындайтын Әбдікәрім Серік.

1. Тәуелсіздік – сан ғасырлардың жеңіс пен жеңіліске, қайғы мен қуанышқа, арман мен ниетке толы тарих парақтарының нәтижесі, қаншама жылдардың аса зор қуанышы екені бүгінгі күні баршамызға белгілі.

2. Тәуелсіздіктің алғашқы бастауы осыдан 550 жыл бұрын Қозыбасыда туы тігілген Қазақ хандығынан бастау алғаны баршамызға белгілі. Олай болса, Қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібек хандардың өмірін насихаттап көрсек қайтеді?!

16 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесіне байланысты атқарылатын іс-шара сценарийі «Тәуелсіздік – елдігімнің бастауы». жүктеу
3 753
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жас талант патриоттық әндер байқауы
Жас талант патриоттық әндер байқауы
«Жас талант» патриоттық әндер байқауының сценарийі
Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш)
Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш)
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Бисенбай Ақмарал Жексенбайқызы
Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіз Қазақстан
Астана қаласы, №63 «Әсем - Ай» балабақшасының «Алпамыс» шағын орталығының тәрбиешісі Нұрманова Гүлжан Орынбайқызы
Менің Отаным – Қазақстан
Менің Отаным – Қазақстан
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ельжанова Баян Турехановна
Тәуелсіздік таңы атты
Тәуелсіздік таңы атты
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің 8- сынып оқушысы Бақтыбай Бақтияр Мұғалімі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қамбарова Сағира Тәуелсіздік таңы атты.
Желтоқсан
Желтоқсан
Тәуелсіздік мерекесіне арналған презентация
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×