Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ

08 желтоқсан 2017, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәрбиелік шара тақырыбы: Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ
Мақсаты: Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Ел таныған Елбасы», слайдтар, желтоқсан құрбандары, кітап көрмесі.
Қазақ биімен ашылады /Фанфар орындалып, ортаға екі жүргізуші шығады/

1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата - аналар және де тәуелсіз еліміздің тірегі еліміздің білімді болашағы, оқушылар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

2 - жүргізуші: Биыл үлкен мереке. Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толды. 1991 жылы 16 желтоқсан - тарихындағы ұлы күн. Тәуелсіздік - біздің ең басты бақытымыз. Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді.

1 - жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
О, халайық! Құтты болсын қуаныш! - дей келе, бүгінгі сайысымыздың жүру барысымен таныс болайық.

Сайыстың жүру барысы: (слайдтан көрсету)
І бөлім: «Бүгінгі білім - ертеңгі байлығымыз» /топқа бөлініп, постер қорғау/
ІІ бөлім: «Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ» /сұраққа жауап беру арқылы ұпай жинау/
ІІІ бөлім: «Біз - Үлкен Ел - Үлкен Отбасы» /жұмбақ шешу және үш тілде аударып айту/
ІV бөлім: «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» / «Тәуелсіздікке тарту» яғни, әр топ бір өнерден көрсетеді/

1 - жүргізуші:
Қазақ дейтін менің бір елім,
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл далаға жылап келіп қуанған, дегендей, әрі қарай, бейнероликке назар аударсақ. /бейнеролик «Тәуелсіздікке жету жолында...»/

2 - жүргізуші: Оқушылар, өздеріңіз көріп отырғандай тәуелсіздік біздің жерімізге оңайлықпен келген жоқ. Тәуелсіздікке 25 жыл. "Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен" келген Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке еліміздің ең басты құндылығы. Осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз сан ғасырлар бойы армандап, күтумен өткен еді.

1 - жүргізуші: 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптасып, қиын өткелектерден аман өтіп келді. Осы кезеңде Қазақстанды дүние жүзінде ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. Себебі, елдің тірегі - білімді ұрпақ болмақ.. Сайысымыздың алғашқы бөлімі: «Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ» еліміздің одан әрі көркеюіне сіздер де өз үлестеріңізді сапалы білімдеріңізбен қосатын боласыздар. Сайысымызды бастамас бұрын екі топқа бөлінейік... /слайдтағы сөзжұмбақ арқылы топ атауын ашу «Отан», «Тәуелсіздік»/

1 - жүргізуші:
Бабадан қалып жеткен көрегендік,
Арқалап аманатын келіп жеткен,
Еркіндік жастығында өлең өрдік.
25жыл! Құтты болсын егемендік! дей келе, сөзжұмбақты өте жақсы шештіңіздер. Енді, балалар, әр топ «Отан», «Тәуелсіздік» сөздерін топтастыру арқылы постер қорғайды.

1 - топ: «Отан» сөздерін топтастырады да, ортаға шығып қорғайды және топ жетекшісі:
Отан! Бұл сөз әрбір дала перзентінің көкірегін кернеген мақтанышпен айтатын сөзі.
Менің Отаным - Қазақстан. Қазақстан байтақ ел! Осы сөзді естігенде көз алдымызда жазық дала, кілемде өрнектелген көк шалғын, айдын көлде қиқулаған аққу, қаз, үйіріле жусаған отар - отар қой, құлын - тай ойнақтаған үйір жылқы, еркін сайраған бозторғай үні елестейді.

2 - топ: «Тәуелсіздік» сөздерін топтастыру.
Тарих толқынында толқып отырып, телегей теңіздей тасып жеткен мәртебесі биік тәуелсіздікке 25 жыл толды. Ата - бабамыз азаттық үшін күресте талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ, ешқашан да мойымады, күресе білді 1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заң қабылдады.

Атырау облысы,
Мақат ауданы, Мақат поселкесі
Хамза Санбаев атындағы орта мектебінің
Мансариева Нургуль Темирбаевна

Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ. жүктеу
6 129
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Тәуелсіз Қазақстан - жарқын болашақ жолында
Тәуелсіз Қазақстан - жарқын болашақ жолында
Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
Бүгінгі мектеп түлегі - ертеңгі елдің тірегі...
Бүгінгі мектеп түлегі - ертеңгі елдің тірегі...
Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Ел тарихын білу. Қазақ еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, туған жерін, Отанын сүюге шақыру. Оқушылардың сөйлеу қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізуге, тарихи оқиғаларды есіне сақтауға
Тәуелсіздік – ата бабам аңсаған
Тәуелсіздік – ата бабам аңсаған
Жезқазған қаласы, №10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Батаева Зағира Карабековна
Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш)
Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш)
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Бисенбай Ақмарал Жексенбайқызы
Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіз Қазақстан
Астана қаласы, №63 «Әсем - Ай» балабақшасының «Алпамыс» шағын орталығының тәрбиешісі Нұрманова Гүлжан Орынбайқызы
Желтоқсан жаңғырығы - егемендік
Желтоқсан жаңғырығы - егемендік
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің химия пәні мұғалімі Файзуллаева Әсем Тұрақбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×