Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің отбасым

10 желтоқсан 2017, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Менің отбасым
Мақсаты:
1. білімділік: отбасы туралы түсініктерін кеңейту, қонақжайлыққа үйрету, әдептілік ережелеріне баулу.
2. дамытушылық: бейнелі ойлауын дамыту. Отбасындағы өзара сыйластық қарым қатынасын дамыту.
3. тәрбиелік: жанұя мүшелеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, оларды сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: отбасылық суреттер, тақпақтар, жұмбақ, ойындар, санамақ.

Сабақтың барысы:
I. Шаттық шеңбері:
Тәрбиеші:
- Балалар бәріміз ортаға шығып, шаттық шеңберін құрайық. Бәріміз бір – біріміздің қолымыздан ұстап алақан жылуларын сезінейік. Қандай тамаша?!
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Ата - ананы құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Қайырлы күн, менің сүйікті балаларым! Бүгін біз үшін өте ерекше, әрі әсерлі сабақ. Бүгін бізге қонақтар келіп отыр.
- Балалар мына суретке назар салыңыздаршы! Мына суреттерді бір сөзбен айтқанда қалай деп атай аласыңдар: ( отбасының суреті)
- Қанеки балалар біз саусақ жаттығуларын жасап көрейікші!( балалар саусақтарын бүгіп отырып орындайды)
Санамақ айту
Бас бармағым – әкем, балаң үйрек апам,
Ортан терек – ағам, шылдыр шүмек мен.
Титтей бөбек сен
Бір үйде нешеуміз?
Бір үйде бесеуміз.
Тәрбиеші:
- балалар санамақ кімдер туралы айтылған? Кім айтады?
Отбасында аталған адамдардан басқа кімдер айтылмай қалды?
Балалар, қазір сендерге мен жұмбақ жасырамын.
- Кітапты көп оқитын, немерелерін жақсы көреді, ақ сақалды, кісіні кім дейміз? (Ата)
Бала шығып атаны көрсетеді.
Ата туралы тақпақ.
Айтады ертек жан атам,
Ақ сақалы салалап,
Құмарымды тарқатам,
Жермен көкті аралап.

Өзі салмақты, байсалды, бос уақытын балалармен өткізгенді жақсы көреді,
циркке, саябаққа апарады, отбасын қорғаушы, сақтаушы ол кім? (Әке)
Көрсету.
Әке туралы тақпақ
Атам айтса «Ұлым» деп,
Әжем айтар «Күнім» деп,
Екеуінен қаймығып,
Айтады әкем «Інім»деп.
Ол өте мейірімді, ақ шашты, тәтті бауырсақ пісіреді, бізге жылы қолғап, шұлық тоқиды. Бұл кім? (Әже)
Көрсету.
Әже туралы тақпақ.
Әжемдей данадан,
Ертекке қанамын.
Шақырса даладан,
Жүгіріп барамын.
Балалар, сендерді жақсы көретін, сүйікті адам кім? (Ана)
Көрсету.
Ана туралы тақпақ
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған.
Тәрбиеші:
- Балалар, Ендеше мен сендерге өлең жұмбақ айтып берейін. Сендер соның шешуін айтыңдар
Дегенімді жасайтын
Қалған тамағымды асайтын
Ертіп алып жетектеп
«Немерем» – деп атайтын?
*** *** *** ***
Ертегі айтып беретін
Айтқаныңа сенетін.
Дегеніңді екі етпей
Жаңында сенің жүретін.
*** *** *** ***
Кіріңді сенің жуатын
Үйді шаштың деп қуатын
Тамағыңды дайындап
Жақсы көріп тұратын.
– Бәрекелді балалар, өлең жұмбақты шештіңдер. Сендер ақылды, білімді балалар болып өсіп келе жатсыңдар. Өте жақсы. Шаршаған шығарсыңдар. Ойын ойнап бір сергіп алайық.
«Кім жоқ?» – дидактикалық ойын
Тақтада отбасы мүшелерінің суреті ілулі тұрады. Балалар көздерін жұмады. Тәрбиеші тақтадағы бір отбасы мүшесінің суретін алып тастайды. Балалар көздерін ашып, мұқият қарап шығып, кімнің суреті жоқ екенін айтады.

Сергіту сәті:
1. Айтары мол ғұлама,
Көп жасасын бұл адам,
Әкесі ол әкеңнің
Білер оны сұраған.
Ол кім? Барлығы – атам.
Аталарының суретін ағаштың тамырларына іледі.

2. Атаңның баласы,
Кей кезде таласып.
Қаласың әжеге
Білгенің асады кәдеге.
Ол кім? Барлығы - әкем. (әкесінің суретін іледі)

3. Бала бала, бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған.
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей.
Иісін жұпар аңқытқан.
Бұл кім? Барлығы – ана. (анасының суретін іледі)

Ойын: «Неге теңеймін».
Балаларға күннің, айдың, бұлттың, алманың, гүлдің суреттері таратылып беріледі. Оқушыларға «анаңды кімге теңейсің» деп сұрағанда қолдарындағы суреттің біреуін көтереді. Сол сияқты атасын, әкесін, ағасын т. б. айтылады.
Тәрбиеші:
Балалар, кім бізге өзінің отбасы туралы айтқысы келеді?
1 - бала. Менің отбасымда 4 адам бар бұл әжем, атам, шешем, әкем. Менің әжем – зейнеткер. Шешем - әкем жұмыс істейді. Анам - мектепте мұғалім. Әкем – жүргізуші. Менің ағам оқушы. Ал мен балабақшаға барамын.
2 - бала. Менің отбасымда әжем, әкем, шешем бар. Мен әкемнің анамның жалғыз қызымын. Кішкентай інім немесе сіңлім болса ғой деп ойлаймын. Мынау менің мейірімді әжем. Ал мынау тәтем, ол ауылда тұрады.

Менің отбасым. жүктеу
4 408
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің отбасым
Менің отбасым
Балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым қатынас дағдыларын дамыту.
Менің отбасым
Менің отбасым
Балаларға отбасы мүшелері туралы түсінік беру. Отбасындағы өзара сыйластық қарым - қатынас дағдыларын дамыту. Үлкенге ізет көрсетіп, кішіге қамқор бола білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
My family
My family
Балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым қатынас дағдыларын дамыту. Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу Балалардың патриоттық сезімдерін ояту, отбасы туралы
Отбасындағы сүйіспеншілік
Отбасындағы сүйіспеншілік
Отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Отбасындағы сүйіспеншілік, сыйластық туралы ұғымдарын бекіту. Инабаттылық пен адамгершілікке тәрбиелеу
Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің
Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің
Шымкент қаласы, №97 «Ақмарал» бөбекжай - балабақшаның ортаңғы тобының тәрбиешісі: Жаннат Әшірәліқызы
Менің отбасым
Менің отбасым
Жамангарина Мейрамгуль Айтказиевна №134 "Гауһар" балабақшасының тәрбиешісі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×