Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ана – аса қымбатты жан

10 желтоқсан 2017, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ана – аса қымбатты жан
Мақсаты: - мерекелік көңіл - күйін құру;
- ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру;
- балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру;
- өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Кейіпкерлер: Жүргізуші, «Кәмпит - Ханшайым»
Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал - жабдықтар: Безендірілген әсем зал, гүлдер, құмыра, сыйлықтар, әсем әндер жазылған үнтаспа, т. б

Ертеңгіліктің барысы:
Балалар залға қол ұстасып, жұптасып әдемі әуенде вальс ырғағында айналып, билеп өтеді. ( «Тәттім - ау» әуенімен)
Тәрбиеші: - Құрметті аналар, әжелер сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке! Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан – ақ бірінші сөзін «Ана» деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгінгі аналарға, әжелерімізге арналған 0«а» сыныбының бүлдіршіндерінің «Ана - аса қымбат жан!» ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Барлық балалар хормен: Құттықтаймыз анашым, 8 - ші Наурызбен!

Тәрбиеші:
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.
Хор: «Ақ мамам»
Тәрбиеші: - «Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзы да жібітеді»- демекші, балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар!
Темірхан
Анам болса қасымда
Басқа бақыт не керек.
Анашымның жүрегі,
Мейірімді ғой керемет
Айым
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар,
Құттықтаймын мерекеңмен,
Құрметті Аналар!
К. Камила
Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз баланың,
Анаға айтар лебізі.
З. Камила
Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түземіз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
Жанель
Бәрімізге анамыз
Біз үшін күн боп жанасың
Құтты болсын мерекең
Құттықтаймын анашым!
Тәрбиеші:
Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге
Қол соғып қарсы алайық «Мамочка биін»
Би: «Мамочка»
Тәрбиеші: - Балалар туған күнде, мерекелерде аналарымыз дастарханға қандай тәтті тағамдар салады.
- Дұрыс айтасыңдар, кәмпитті балалар да, үлкендер де жақсы көреді. Кәмпитсіз дастарханның сәні кірмейді. (әсем әуенмен залға «Кәмпит – Ханшайым» кіреді)

- Кәмпит - Ханшайым: (кіріп билейді)
Мен тәттімін,
Балалардың сүйікті дәмімін,
Мерекенің сәнімін,
Дастарханның әрімін.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар, мені таныдыңдар ма? Мен, «Кәмпит - Ханшайыммын»
Балалар сендер өнерлеріңмен, білімдеріңді, үлгілі тәртіптеріңді көрсетіңдер. Ол үшін менің мына ыдыстағы үлкен кәмпиттер бар, онда әртүрлі тапсырмалар берілген. Сол тапсырмаларды ашып орындасақ қайтеді. Тапсырмаларды түгелдей орындасаңдар мереке соңында әкелген сыйлығымды үлестіремін. ( бір балаға ыдыстығы кәмпитті аштырады, тапсырманы барлық бала орындайды).
Тәрбиеші: - Расында да, бізге тәтті «Кәмпит - Ханшайым» қонаққа келіпті. Қараңдаршы, кәмпиттері көп екен, тәтті десе тәтті екен. Қане өнерімізді көрсетейік, тапсырмаларды орындайық.
1 - кәмпиттегі тапсырма:
Ойын: «Қағаз киім» (аналар ұлдарымен)
Ойын жарыс түрінде өтеді. Ұлдарымыздың аналары ортаға шығып сайысқа түседі.

Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы,
Ақсай қаласының №3 ЖОББМ КММ
Дайындаған: А. Ж. Гапуова

Ана – аса қымбатты жан. жүктеу
2 841
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Анамызға мың алғыс
Анамызға мың алғыс
Құрметті аналар! Сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Ардақтысың сен – ана! мерекесі
Ардақтысың сен – ана! мерекесі
Музыкалық тақырыптық шығармаларды сауатты орындау арқылы балалардың рухани мәдениетін қалыптастыру. Анаға, әжеге деген сүйіспеншілікті ән құдіретімен жеткізу. аналарымызды сыйлауға тәрбиелеу.
Аяулы анашым! 8 - наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
Аяулы анашым! 8 - наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8 - наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Ана махаббатымен әлем тербелген...
Ана махаббатымен әлем тербелген...
Ана - барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана - ұлы адам, Ана - құдіретті жан, ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын, Аяулы
Мерекеңмен анашым!
Мерекеңмен анашым!
анасына, әжесіне сыйластық тәрбиелеу, махаббат тарту ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру
Әлемнің жарығын сыйладың сен маған
Әлемнің жарығын сыйладың сен маған
Жезқазған қаласы, №10 жалпы білім беретін орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Муканова Манат Умиржановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×