Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің отбасым

11 желтоқсан 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сынып: Даярлық тобы
Қазақ тілі
Тақырыбы: Менің Отбасым
Оқыту мақсаты: Балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Жаңа сөздерді меңгеру.
Дамыту мақсаты: Ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту. Ойын арқылы есте сақтау қабілеті, қарым қатынас дағдыларын дамыту.
Тәрбиелеу мақсаты: Сабақта өзін ұстау, әдепті болуға тәрбиелеу. Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрлері: жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, ойын
Көрнекілік құралдар: суреттер
Құрал жабдықтары:

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Амандасу, сабаққа дайындықты тексеру.
2. Тіл дамыту. Отбасы мүшелерін қайталау. Сұрақ - жауап. Бұл кім?

II. Негізгі кезең:
Шаттық шеңбері:
Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй болып көрінер.
- Балалар, біз қандай заттың бейнесін жасадық?
- Ал, киіз үйде кімдер тұрады?
- Оларды бір сөзбен қалай атаймыз?
- Дұрыс айтасыңдар.
- Бүгінгі біздің тақырыбымыз өз отбасымыз туралы болмақ.
- Балалар, айналамызға қарасақ, көптеген үйлерді көреміз.
- Ол үйлерде кімдер тұрады деп ойлайсыңдар?
- Иә, балалар, барлық үйдің өз отбасы болады, олар бір - бірімен тату - тәтті тұрады.
- Олай болса бәріміз тақтаға назар аударайықшы.
Бұл суретте кімдердің суретін көріп тұрсыңдар?
- Иә, бұл суретте сүйіспеншілігі мол, бір - біріне ыстық ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған дастархан басындағы отбасы мүшелерін көріп отырмыз.

III. Отбасы туралы әңгімелеу.
Сұрақ: " Мынау кім?"
Мақсаты: Балаларды тапқырлыққа, есте сақтау қабілетін дамытуға баулу.

IV. Сергіту сәтті:
Ойын сұрақ: " Көңілді доп"- Отбасы мүшесін ата.
- Отбасында кімді жақсы көресің?
- Отбасында кімге сыйлық жасайсың?
- Анаңа қалай көмектесесің?
- Үйге қонақ келгенді ұнатасың ба?
- Дастархан басында өзіңді қалай ұстайсың?
- Үйдегі ініңе, қарындасыңа қалай көмектесесің?
- Жарайсыңдар, балалар, өте жақсы.

Қорытынды: Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат отбасымыз туралы әңгімеледік. Біз оларды жақсы көруді, сыйлауды, көмектесуді үйрендік. Отбасы ең жақын адамдардың ошағы екенін білдік. Ойын ойнадық. Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатысып, сұрақтарға жауап бере білдіңдер. Бәріміз бірге отбасымызға тілек сөздер айтып, бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз!
Балаларды бағалау
4 917
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің отбасым
Менің отбасым
Балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету.
Менің отбасым
Менің отбасым
Балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым қатынас дағдыларын дамыту.
My family
My family
Балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым қатынас дағдыларын дамыту. Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу Балалардың патриоттық сезімдерін ояту, отбасы туралы
Ата - баба дәстүрі амандықтың белгісі
Ата - баба дәстүрі амандықтың белгісі
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек селосы «Шұғыла» балабақшасы МКҚК Джанизакова Тлектес
Менің отбасым
Менің отбасым
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №14 "Малышок" балабақшасының тәрбиешісі Искакова Жаңагүл Әбдіқызы
Көрікті Астана
Көрікті Астана
Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы, №5 «Ақбота» МДҰ МКҚК әдіскері: Есжанова С. Т.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×