Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаңа жыл мерекесіне арналған сценарий

12 желтоқсан 2017, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Жаңа жыл мерекесіне арналған сценарий

Қатысушылар: бастауыш сынып оқушыларына арналып ұйымдастырылған (1-4 сыныптар)

Мақсаты: Қыс мезгіліндегі балалардың сүйікті мерекесі жаңа жылмен таныстыру. Мерекелік көңіл күйлерін ояту. Әр баланың мерекеге қатысуын қадағалап, мерекені балалардың есінде қалатындай етіп өткізу.

Барысы
Фанфары. Сахнаға күлдіргіштер жүгіріп шығады.
Күлдіргіш 1: Сәлеметсіздер ме, балалар!-
Қояндар мен марғаулар,
Қонжықтар мен түлкілер,
Перілер мен қарақшылар!

Күлдіргіш 2: Қане, достар келейік,
Қол ұстасып жүрейік.
Бір - бірімізге күлімдеп,
Ән әндетіп, билейік!

Би «Аррива»

Күлдіргіш 1: Бұл - Камила!
Күлдіргіш 2: Бұл - Али!
Күлдіргіш 1: Ал, сенің атың қалай? (балаларға қарап айтады)
Күлдіргіш 2: Сенікі ше? Сенікі ше?
Күлдіргіш 1: Ойбай, егер бұлай таныса беретін болсақ, мерекеміз де аяқталып қалар!
Күлдіргіш 2: Солай ма? Енді не істейміз?
Күлдіргіш 1: Былай істейміз.
Айналаға қарайық,
Досымызды санайық.
Алихан мен Наргиз бұл,
Рахат пенен Назгүл.
Бірақ, жаңа достарымыз да аз емес. Менің командам бойынша әркім өз атын дауыстап айтады. «Танысу» ойыны
Күлдіргіш 2: Міне, танысып та болдық!
Күлдіргіш 1: Балалар, біз бүгін жаңажылдық қалың орманға саяхатқа шығамыз!
Күлдіргіш 2: Ол қызықты ғажайыптарға, құпияларға толы!

Ән айту
Сауысқан: Кар! Кар! Кар!
Мен сауысқанмын, сауысқан!
Алыстан ұшып, адасқан.
Орманды аралап ұштым,
Жаңалықты мен білдім.
Асығыспын мен қазір,
Күлдіртуге мен әзір!

Ой, не деп кеттім! «Бәрін ескерту керекпін» дегенім дұрыс болар. Бәрі қайда жоғалып кеткен? Ешкім жоқ! Енді не істеймін? Қайда ұшамын? Барлығын қайда іздеймін? Бәріне барлығын айту керек қой! Ой, не болып қалды екен? Не болып қалды екен?

Музыка... Қонжық шығады
Қонжық: Балалар, мен бүгін сендерге келуге асықтым. Сендерге сыйлық ретінде жаңғақ әкелдім! Қане, көңілімізді көтеру үшін би билеп, ән салайық!
Сауысқан қонжыққа бас салады..
Сауысқан: Кар! (қонжық шошып, құлайды.) Неге сонша қорқасың?! Әлі сөзімді бастаған да жоқпын ғой, сен болсаң шошып қалдың!
Қонжық орнынан тұрады.
Қонжық: Мәссаған, не деген сөзің – ай!
Сауысқан: Болды, қойсаңшы енді!
Қонжық: Мен ешкімге тиіспей, әндетіп келе жаттым.
Сауысқан: Бұл қандай өлең?
Қонжық: Мерекелік өлең ғой!
Сауысқан: Өлең айту әлі ерте, қонжық! Бүгінгі мереке болмайды!
Қонжық: Неліктен? Ештеңе түсініп отырған жоқпын!
Балаларға көрсетеді
Міне, балалар жиналып қалды ғой! Аяз атаны күтіп отыр, солай емес пе?!
Сауысқанды итеріп, кетеді
Болды, сауысқан, маған кедергі жасама!
Сауысқан: Қонжық, сен әлі асықпа! Болған жағдайды балалар әлі білмейді ғой!
Қонжық: Қандай жағдай туралы білмейді?
Сауысқан: Балалар, мыстан кемпір біздің мерекеміздің шырқын бұзамын деп шешкен екен. Ол біздің аяз атамызды сырқаттанып қалдым деп алдап, оны ормандағы үйшікте қамап қойды! Енді, Аяз атамыз бізден көмек сұрап жатыр.
Күлдіргіш 1: Балалар, болған жағдайды естідіңдер ме? Аяз атамыз біздің мерекеге келе жатқанда, қиын жағдайға тап болды!
Қонжық: Түлкіні шақырсақ, қайтеді? Ол Аяз атаның қайда екенің бірден сезіп, тауып алады!
Музыка... Түлкі келеді
Түлкі: Әрине, көмектесемін! Аяз атамызды тауып, балаларға ертіп әкелемін. Бірақ, сыйлықтарын жеткізу маған қиын болар.
Күлдіргіш 2: Ендеше, тезірек аңдарды жіберейік! Біреу атамызды тауып, мерекеге алып келсе, біреуі жолды тазартып, сыйлықтарды әкеледі.
Сауысқан: Сонымен, орман тұрғындары,
Орманға баруға келісеміз бе?

Қоян, Тиін, Кірпі жүгіріп шығады.
Түлкі: Тамаша, барлығымыз жиналдық. Енді жолға аттанайық!
Қоян, Тиін, Кірпі: Тезірек жетіп алайық,
Аяз атаны табайық!
Күлдіргіш 1: Иә, баратын жерлерін алыс, қиын сапар болмақ, бірақ біз мұңаймаймыз!
Күлдіргіш 2: Біз сендерге көмектессек, қалай қарайсыңдар? Ендеше, аттанайық!
Би «Вокзалда қауышқан қыз»
Музыка ойнайды.. Ақшақар кіріп келеді
Ақшақар: Ой, балалар тоқтаңдар! Мереке менсіз қалай өтпек? Тууф, аңдарды кездестіре алмадым ғой!

Ақшақар шырша бойымен жүріп өтеді
Міне, керемет! Мерекеге қаншама балалар жиналып қалыпты! Сәлеметсіздер ме, менің достарым! Бәрі мені Ақшақар деп атайды, осындай жаңа жылдық шыршада асыға күтіп отырады! Мерекеге барлық балалар келіпті, бірақ біздің Аяз атамыз қайда екен? Келетін уақыты жақындап қалды. Ау, ау, Аяз ата! Естіп тұрмысың сен мені?

Музыка ойнайды.... Аққала жүгіріп келеді, шырша бойымен жүгіріп өтеді
Аққала: Ау, ау, мен келе жатырмын! Не болып қалды? Неге айқайлайсыңдар!
Ақшақар: Бұл не деген ғажап! Кімсің сен? Қайдан боласың?
Аққала: Мен Аққала боламын! Шыршаны әдемі қылып безендіргені, барлығын да мерекеге шақырғаны жайлы орман аңдарынан естідім! (өкпемен айтады) Ал, мен жайлы ұмытып кеттіңдер! Мен сендерге қатты ашулымын! Иә, иә! (балаларды қуып, ұстағысы келеді)
Ақшақар: Аққала, сен бізге өкпелеме! Айналаға қарашы, бұл балалар сені көруге өте қуанышты! Қане, бізбен бірге билеп, күлімдесеңші!

«Аррива» биі
Аққала: Ох, ыстықтап кеттім ғой! Қазір еріп кетемін деп қорқамын!
Ақшақар: Тоқтай тұр! Қазір сиқырымды көрсетемін. Балалармен бірге саған үрлейміз!
Аққала бойымен жүріп, балалармен бірге аққалаға үрлейді

Аққала: Оо, енді салқындап кетті! Тамаша!
Күлдіргіш 1: Шыршамыздың қасында,
Ғажайыптар болуда!
Күлдіргіш 2: Тыңдайықшы балалар, бұл не деген айқай - шу?

Гүріл, айқай - шу естіледі. Мыстан кемпір және Орман перісі (леший) кіріп келеді.

Мыстан кемпір: Сәлеметсіздер ме, қыздар мен ұлдар!
Бұзақылар мен мақтаншақтар!
Жалқаулар мен салақтар!
Сабаққа кешігіп келетіндер!

Орман перісі: Ұқыпсыздар мен сотқарлар,
Олақтар мен Өтірікшілер!

Мыстан кемпір оны әр сөзден кейін итеріп отырады.

Орман перісі: Мен көңілді Аяз атамын,
Міне, сендерге зақпы әкелдім (зақпыны шығарады)
Сендерге сағызды да әкелдім, (үлкен қорап сағызды шығарады)
Темекіні де ала келдім!
(Мыстан кемпір оны қатты итереді)

Жаңа жыл мерекесіне арналған сценарий. жүктеу
22 052
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Күлкі жәрмеңкесі
Күлкі жәрмеңкесі
Балаларға «1 сәуір – күлкі күнін» тойлай отырып көтеріңкі көңіл – күй сыйлау. Ойын шарттарын түсініп ойнауға тәрбиелеу. Ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Қош келдің, Жаңа жыл!
Қош келдің, Жаңа жыл!
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
1 қыркүйек - Білім күні
1 қыркүйек - Білім күні
Мақсаты: 1 қыркүйек - Білім күні мерекесінің маңызын түсіндіру, сезіндіру.
Білімнің бастауы – балабақшада
Білімнің бастауы – балабақшада
Білімнің бастауы – балабақшада (Ертеңгілік)
Біреу және көп
Біреу және көп
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, № 23 «Балауса» мектепке дейінгі гимназиясы тәрбиеші Шахметова Анар
Қарлы ханым
Қарлы ханым
Ақтөбе каласы, №20 Дидар балабақшасының тәрбиешісі Мукатова Жанылсын Беспайкызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×