Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғажайыпқа толы - жаңа жыл!

11 қараша 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ғажайыпқа толы - жаңа жыл!
Мақсаты: Оқушыларды жыл он екі айдың иелерін білуге, жақсылық пен жамандықты айыра білуге үйрету. Шығармашылыққа баулу, эстетикалық тәрбие беру.

ЖҮРГІЗУШІ: Құрметті қонақтар, әріптестер, балалар келе жатқан жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын, береке, молшылық, бейбітшілік, тыныштық жылы болсын!
Жаңа жыл, жаңа жыл
Жаңа жылда жаңа нұр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр.
Жасыл шырша жанында
Қол ұстасып тұрайық
Өлең айтып, би билеп
Мерекені тойлайық.
Бір музыка ойналады ( сұлтанды қарсы алатын әуен)
Музыка ойналады: шығыс әнімен сұлтан ортаға шығады.
ШЫҒЫС БИІ 2А сынып
Сұлтанның сөзі:
Сұлтан: Бұл не жиналыс? Мен қайда тап болдым?
ЖҮРГІЗУШІ: Иа, сұлтан! Сіз Жаңа жыл мерекесіне тап болдыңыз
Сұлтан: Мен қалыңдық іздеп жүрген Шах сұлтанмын. Үйленгім келеді!
ЖҮРГІЗУШІ: Бірер уақыттан кейін бүгінгі мерекенің басты қонағы Аяз ата келеді. Оның айдай сұлу немересі бар! Сізге ұнайды деп ойлаймыз!... күтейік!
Сұлтан: Қайдан келген қыз? Өзі сұлу ма? Ақылы көркіне сай ма? Қызығып кеттім ғой! Кәне, жылдам көрсетші... көрсетші!
ЖҮРГІЗУШІ: Суық, қарлы Солтүстіктің аруы ғой!
Сұлтан: Шыдамым таусылды! Әкеліңдер! Көрсетіңдер! Барыңыздар да, алып келіңіздер!
Музыка ойналады (мыстан кемпірдің келуіне жағымсыз әуен орындалады)
Мыстан кемпір: Солтүстіктің қызын шақырдыңдар ма, міне солтүстіктің қызы. Мен келдім! Тойға дайындалыңыз!
Сұлтан: Құдай - ау, мынау не дейді? Жүрегі - і - і - ім!
ЖҮРГІЗУШІ: Жоқ, мыстан! Сұлтанның қалыңдығы Ақшақар! Олар Аяз Ата екеуі келе жатыр.
Сұлтан: Әлгі сұлу қыздарың осы ма? Бұл не қылған сұмдық?!! Дереу ұстап алып алдыма алып келіңдер!!!
ЖҮРГІЗУШІ: Сұлтаным бұл солтүстіктің қызы емес, бұл жалған айтып тұр.
Сұлтан: Басын алыңдар!!! жазалаңдар бұны.
Уәзірлер оларды сұлтанның алдында бас игізеді.
Мыстан: ой мені кешіре көріңіз! мен сіздерге арнап өз өнерімді көрсетейін! Балалар, маған көмектесіңдер! Өтінем!
ФЛЕШМОБ: «Я, банан!»
Доңыз: Мен бір жыл бойы жұмыс істеп, шаршап жатыр едім, сендердің әндеріңді естіп... қарным ашып кетті! Менің сүйікті асым туралы әнге билеген кім?
ЖҮРГІЗУШІ: Құрметті, Доңыз! Келгеніңіз жақсы болды! Бұл Мыстан ғой, Сұлтанды және мына қонақтарды алдағаны үшін өнерін көрсетіп жатыр!
Доңыз: Солай ма?! Мыстанның өнері ұнады ма сендерге балалар???
БАЛАЛАР: Иааааа!
Мыстан: Рұқсат болса мен кетейін! Сау болыңдар балалар!
БАЛАЛАР: Сау болыңыз!!
ЖҮРГІЗУШІ: Құрметті Ескі жыл! Сізге айтар алғысымыз көп! Доңыз жылы бәрімізге де берекелі жыл болды.
Доңыз: Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға тілегім.
Жасампаз заман, бұл заман
Бүгіннен ертең ғаламат
Алдыңғы сапта боларсың
Хош сау болыңдар балалар! (Ескі жыл кетеді)
БАЛАЛАР: Сау болыңыз!
Жүргізуші:
Аппақ бүгін қыр, далам,
Ақ дастарқан жапқандай
Халық біткен қарбалап
Қонақ күтіп жатқандай
Көңілде көп қуаныш
Әр көңілде - жақсылық
Кетер жылға мың алғыс
Әкелген көп жақсылық.
- Аяз ата мен Ақша Қардың келетін уақыты болып қалды... Олар келмей жатыр. Мүмкін, біз дауыстап шақырсақ келетін шығар. Балалар, қәнекей, Аяз ата мен Ақша Қарды дауыстап шақырайық!
БАЛАЛАР: Аяз ата, Ақша Қар! Аяз ата, Ақша Қар! Аяз ата, Ақша Қар!
(Музыка ойналады)
3 А сынып оқушылары: Аяз аталар шеруі, (флеш моб)
(Аяз ата мен Ақша қар келеді)
Аяз ата:: Амансыңдар ма, ұлдарым?
Амансыңдар ма, Қыздарым?
Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем жырларың
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
Керемет бір ән тыңдап
Келіп тұр аз дем алғым.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер Аяз ата, Ақша қар! Келгендеріңіз қандай керемет болды! Енді кешіміз әсемдене түседі! Ән де шырқалады! Би де биленеді!
ХОР: «Шырша әні»
ЖҮРГІЗУШІ: Аяз ата Байқасаңыз бізде Ертегілер әлемінен келген Шығыстың сұлтаны бар. Ол Ақшақарға үйленсем дейді.
СҰЛТАН: Иа Аяз ата, шынымен немереңіз сұлу екен! Ақшақарға үйленуге рұқсат беріңіз!
АЯЗ АТА: Мен бұл мерекеге Жаңа Жылмен бірге келе жатқанмын. Алдымыздан Мыстан шығып, Оны алдап өзімен алып кетті. Егер Жаңа Жылды Мыстаннан құтқарып, тойға алып келсең немереме үйленуге рұқсат беремін.
СҰЛТАН: Жарайды, тапсырмаңызды орындаймын. (жүгіріп, кетіп қалады)
Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар! Сұлтанымыз Жаңа Жылды алып келгенше жайғасыңыздар! Балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар!
ӘН: 2А және 3А оқушылары
АЯЗ АТА(мадақтап отырады, Ақшақар кәмпиттерін таратады!
АҚШАҚАР: Балалар енді СИҚЫРЛЫ ТАЯҚ ойынын ойнайық! Музыка әуені бойынша таяқты бір - бірімізге береміз. Музыка тоқтағанда таяқ кімде қалса, сол Жаңа жыл туралы тақпағын айтады.!
Сиқырлы таяқ ойыны. ЖАҢА ЖЫЛ ТУРАЛЫ ТАҚПАҚТАР
АЯЗ АТА(мадақтап отырады, Ақшақар кәмпиттерін таратады!
0 «А» НОМЕР (би)
(жылдам музыка ойналып, Сұлтан Тауық жылын әкеледі)
СҰЛТАН: Міне, Аяз ата! Мен бұйрығыңызды орындадым! Жап - жаңа Тышқан жылын алып келдім!
ЖҮРГІЗУШІ:
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бақыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Тышқан жылы кеп қалды ортамызға,
Жақсылықпен жалғансын жаңа уақыт! Қош келдің Жаңа Жыл! Қадамың құтты болсын!
ЖАҢА ЖЫЛ:
Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық,
Жаса, жаса достық бірлік туыстық.
Құттықтайық жаңа жылды өнермен,
Қуаныштың әр минуты тым ыстық.
ЖҮРГІЗУШІ: Келе жатқан жылымызды көтеріңкі күймен қарсы алайық! Жаңа жылды қалай қарсы алсаң, солай өткізесің деген сөз бар ғой. Ендеше біздің балаларымыздың Жаңа жылға дайындаған биін тамашалаңыздар!
БИ: ШӨЖЕЛЕРІМ
ЖҮРГІЗУШІ - Ал енді, бүгінгі сыйлы қонақтарымыз ата - аналармен бір ойын ойнап жіберейік!
Ойын шарты: Түрлі - түсті 3 шар тұрады. 3 ата - ана шығып өзіне ұнаған шарды жарады. Ішінде тапсырма жазылған қағаз болады.
Ән: 1. Жаңа жыл 2. Мектеп 3. Арман
Би: 1. Қара жорға 2. Грузин биі 3. Шығыс биі
Соңында көрерменнің үлкен қошеметіне ие болған адам жеңімпаз атанады. Бастайық!!!!
НОМЕР
АЯЗ АТА: Ал қарақтарым Уәдемді орындап Сұлтанға немереме қосылуға рұқсатымды беремін! Бақытты болыңдар! Енді Ақшақар екеуімізге тағы да серік қосылды! Жарайды! Бізді күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайық. Сендерге көп рахмет. Өнерлерің өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер! ЕНДІ БІЗДІҢ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ СЫЙЛЫҚТАРЫМЫЗДЫ ҚАБЫЛ АЛЫҢДАР; БАЛАЛАР!
Жаңа жыл жаңа бақыт, әкелсін далама құт.
Өнерлерің көп болсын, елде уайым жоқ болсын.
Тілектерің ақ болсын, бастарыңа бақ қонсын.
Келер жылы келермін, өнер тағы көрермін.
Сыйлық әкеп сендерге, көптен - көптен берермін.
Жақсылыққа толыңдар, тек биікке қоныңдар.
Келесі жылы көргенше, амандықта болыңдар.

Ғажайыпқа толы - жаңа жыл! жүктеу
78 414
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Жарқыра шырша
Жарқыра шырша
Құрметті ата - аналар, қонақтар! Жаңа жылыңыз құтты болсын! Жаңа жылға арналған «Жарқыра шырша» атты ертеңгілігімізді қабыл алыңыздар.
Жаңа жыл 2023
Жаңа жыл 2023
Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын. Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт - береке әкелсін.
Жаңа жыл жаңа бақыт
Жаңа жыл жаңа бақыт
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы, Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды. Жаңа жылмен құттықтаймын бәрінді, Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық, Бәрімізге әкелсін мына арай жыл.
Күлте қыздың сауық кешіне баруы (жаңа жылдық ертегі)
Күлте қыздың сауық кешіне баруы (жаңа жылдық ертегі)
Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар бүгінгі Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын!
Жасыл шырша жанында
Жасыл шырша жанында
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы «Амангелді орта мектебі»КММ Бастауыш сынып мұғалімі Ибраева Гульфаира Токтаргазиновна
Жаңа жылдық шыршада
Жаңа жылдық шыршада
Жаңа жылдық шыршада. Музыка ойналып тұрады. Ортаға жүргізушілер шығады. 1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата - ана, қымбатты ұстаздар, оқушылар және қадірлі қонақтар! 2 - жүргізуші: Сіздерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×