Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіз Қазақстан - жарқын болашақ жолында

14 желтоқсан 2017, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сайыс тақырыбы: «Тәуелсіз Қазақстан - жарқын болашақ жолында»
Түрі: интеллектуалдық ойын
Көрнекілігі: презентация
Мақсаты: 1. Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
2. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан - жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу.
3. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдық мерейтойы қарсаңында оқушылардың мектепте меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан - жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру.
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған мерекеміз құтты болсын!
Еліміздің тәуелсіздігіне биыл 26 жыл толып отыр. 26 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. Осыған байланысты бүгін өткізгелі отырған«Тәуелсіз Қазақстан - жарқын болашақ жолында» атты интеллектуалдық сайысқа қош келдіңіздер!
Сайыс үш кезеңнен тұрады. Сайыскерлердің міндеті: Тәуелсіз Қазақстанның тарихына, Елорда - Астананың гүлденуіне, Елбасы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ғибратты ғұмырына қатысты сұрақтарға жауап беріп, еліміздің дамуына байланысты өз болжам - ойымен бөлісу.
І кезең «Түрлі, түрлі сұрақтар ой түртеді»
ІІ кезең «Суреттер сыр шертеді тереңінен».
Ш кезең «Үздік үштік» сұрақтар.

Сайысқа қатысушы командалармен таныс болыңыздар:
1. «Қазақстан» командасы. Топ басшысы
2. «Тәуелсіздік» командасы. Топ басшысы
3. «Болашақ» командасы. Топ басшысы
Бүгінгі сайысымызда төрелік ететін әділ - қазы алқаларымен таныс болыңыздар:
1. Мектеп директорының оқу - ісі жөніндегі орынбасары -
2. Бастауыш бірлестік жетекшісі –
3. Бастауыш мұғалімі –

Тәуелсіз ел атандық
Биік даңқың.
Бар әлемге әйгілі
Мәлім атың.
Ата - баба қанымен
Келген бізге
Тәуелсіздік құт болып
Қонды елге

1 - кезең «Түрлі, түрлі сұрақтар ой түртеді»
Сайыскерлерге төмендегі сұрақтар қойылады, дұрыс жауап берсе, соған ұпай беріледі. Бір сұрақ 5 ұпаймен бағаланады.
1 - топ
1.. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік туралы Заңы қашан қабылданды? 1991жыл.
2. Еліміздің рәміздері қашан қабылданды? 1992 жыл 4 маусымда.
3. Қазақстан компартиясы қашан таратылды? 1991жыл.
4. Қазақстан ұлттық гвардиясы қашан құрылды? 1992 жылы.
5. Елтаңбадағы шаңырақ нені білдіреді? (бірлікті )

Өткізген: Баймбет Ғалия

Тәуелсіз Қазақстан - жарқын болашақ жолында. жүктеу
4 496
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алғашқы қоңырау мерекесінің салтанатты жиыны
Алғашқы қоңырау мерекесінің салтанатты жиыны
Армысыздар, құрметті қонақтар! Аяулы ұстаздар! Қадірменді ата - аналар! Сыңғырлай соққан қоңырау үніне келген жас бүлдіршіндер мен оқушылар! Сіздерді 1 - қыркүйек білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Тәуелсіз елім - Қазақстан!
Тәуелсіз елім - Қазақстан!
Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру. Тәуелсіздік жолында құрбан болған қазақ халқының ерлігімен таныстыру. Еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерімен таныстыру. Балаларға туған жерін, елін сүйетін, ұлтжанды, намысшыл, адамгершілігі
Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ
Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ
Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
Мен елімнің патриотымын!
Мен елімнің патриотымын!
Отанды сүюге, туған еліне, жеріне Отанға деген мақтаныш, елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыру арқылы патриоттық жауапкершілік сезімдерін ояту, болашақта елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу. «Патриот» сөзінің мағынасының терең
Тәуелсіздік - бақытым атты интеллектуалды – танымдық ойын
Тәуелсіздік - бақытым атты интеллектуалды – танымдық ойын
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерей тойы қарсаңында балалардың меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан - жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру.
Тәуелсіз елге – білімді ұрпақ
Тәуелсіз елге – білімді ұрпақ
Өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын, зиялы тұлғаларын тануға шақыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан - жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл текті, намысты
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×