Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің туған өлкем!

16 желтоқсан 2017, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ашық сабақ «Менің туған өлкем!»
Сабақтың тақырыбы: Маңғыстау туған өлкем!!!
Сабақтың мақсаты: Туған өлкенің мұнай мен газдан да басқа тек пайдалы қазбаларға ғана емес, сонымен қатар осы аумақта өмір сүрген қазақтардың тарихына бай екендігіне оқушылардың көзін жеткізу. Отансүйгіштікке тәрбиелеу, өлке тарихына оқушылардың қызығушылығын арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: буклеттер, кітаптар көрмесі, слайд (презентация)

Сабақтың барысы:
- Пай! Пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүбірлеп өткен жер!
Тұлпарлар дүбірлеп өткен жер!
Ғашықтар бірін - бірі өпкен жер!
Сарылып сал - серілер кеткен жер!
Бас иіп, иіскеп топырағына
Тағзым етпей өтпеңдер
Маңғыстау... Бұл атауды естігенде соңғы кездері көп адамдардың санасында ашылып, игеріліп жатқан мұнай мен газ кен орындары ғана тұрады. Ал, осынау ежелгі мекен тек пайдалы қазбаларға ғана емес, сонымен қатар осы аумақта өмір сүрген Кіші жүз қазақтарының тарихына да бай.
Біз бүгінгі «Маңғыстау туған мекенім!!!» атты тәрбие сағатымызда, өлкенің еркін дала аптап жартылай шөлдің, ежелгі таулар мен ойпаттарды, сорлар мен әсем борлы жартастардың өлкесі екендігін, тарихи ескерткіштер мен аңыздарға бай өлке екендігін айтып өтеміз.
Таңшолпан:
«Пірі - Бекет, жырым - зекет» Сабыр Адай
Қайран елдің қабағында мұңы бар,
Перзент керек жан жарасын жазатын.
Ей, қарағым бұл сөзімді ұғып ал:
Онсыз енді, күнің - тозақ, аза - түн.

Ай тербеген аспан еді - бесігім,
«Іңгәлаған» ұлтым қайда, ұланым!
Құлағымнан кетпей қойды есіл үн,
«Бұрынғыдан сәл өзгерек бұл әнім»

Әліби:
Жылап айсам, көз жасыма тұншығып,-
Өртер ме екен өзегіңді жалыным?
Қауыз жарды өлең атты - бүр шыбық,
Самал желмен, сар даланың зарымын.

Раушан:
Пірім - Бекет, жырым - Зекет тараттым,
Жүрегіңде, орын бар ма, мөлдірім?
Жыр - астарын, жатыр дейсің, қарап кім?
Бекіреден жұлдыз шашып, өлді күн.

Майгүл:
Бекет қолдап, Әулиелер дем бермей,
Біздің ұрпақ қайран қылып жарытпас.
Жерден - Мәді, көктен – Айса келгендей,-
Сордан құтқар?!.. Сорлы елді алып қаш!
Назерке:
Жаным Бекет, не айтайын, Пір Бабам!
Қолтығымнан өзің деме, намыс бер!
Ұлы көште Ұлт бақытын ұрлаған,
Сол қарақшы, қалтаманшыл «Таныс Төр!..»

Тәрбиеші:
- Бекет атаның мешіттерінің саны төртеу. Біріншісі - Оғаландыда, екіншісі – Ескі Бейнеуде, үшіншісі - Жем өзені бойында Ақмешітте, төртіншісі - Арал теңізі жағасындағы Баялыда.
Бекет Мырзағұлұлы – Маңғыстау, Үстірт, Атырауды мекендеген адай тегінен шыққан. Туған жері қазіргі Атырау облысының Жылыой ауданы, Ақкиізтоғай ауылы, Жас кезінде қолына қару алып, көршілес қалмақ, түрікмен тайпаларымен шайқасып, халқының егемендігін қорғаған Бекет батырлығын танытып, ел аузында «Ер Бекет» атанады.
Бекет Ата Қарақия ауданы, Оғланды жеріндегі жерасты мешітінде жерленген.
Көрініс: «Бекет ата»
Мейіржан:
- ОТПАН ТАУ - тарихи – мәдени кешен, кесене. 2007 жылы 25 - қазанда ашылды. Кешен Сабыр Адайдың бастамасымен 2004 жылы қолға алынған. Әулиелі кешен жобасына байқау жарияланып, оған бірнеше үміткерлер қатысты; сарапшылар ұйғарымымен К. Демесіновтың жобасы бойынша Отпантаудың басына салынған 12 құлпытас ортасынан қос күмбез көтеріліп, ол алтынмен апталады. Үш құлпытастың ортасындағысының қас беті алтын әріппен «АДАЙ АТА» деп жазылады.

Еркебұлан:
«Отпан» Сабыр Адаев
Қадіріңді Хақ білер,
Халалдан болған Ақ білер,
Ақ білмесе, жат білер.
Қаратауда -
Қалың Ел
Ұрандап алау жақты дер.
«Адай» деген бір сөзге
Алтынан күмбез салдырып,
Арулап белгі қалдырып,
Аспанға моншақ тақты дер.
Бала тілек - бал қылық,
Баба тірек – арлы үміт.
Көк төрінен нұр ұрттап,
Көкбөрісін ұлықтап,
Қыранша қанат қақты дер,
Батасы бірге Алашты,
Атасы бірге Алшынды
Отпан таудың басында,
Адайдың ұлы асында,
Ордалы жұрт күтті дер.

МКҚК «Балбөбек» балабақшасы
Тәрбиеші: А. Бергенова

Менің туған өлкем! жүктеу
5 945
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ө. Тұрманжанов. Туған өлкем
Ө. Тұрманжанов. Туған өлкем
Ө. Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңінің мағынасын түсіндіру және туған өлке, туған жер, атамекен туралы түсінік беру.
Өтебай Тұрманжанов «Туған өлкем»
Өтебай Тұрманжанов «Туған өлкем»
Өтебай Тұрманжановтың өлеңін түсініп, мәнерлеп оқу, ұлттық құндылық туралы түсінікті кеңейту.
Туған өлкем Ө. Тұрманжанов
Туған өлкем Ө. Тұрманжанов
Ө. Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңімен танысу. Көгінде күн нұрын төккен, Жерінде гүл жұпар сепкен. Неткен сұлу, неткен көркем! Осы менің туған өлкем!
Туған жердің киесі
Туған жердің киесі
Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Изобильный аулының орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Даирова Ғалия Жетпісқызы
Туған жер туралы ой
Туған жер туралы ой
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Опорный орта мектебінің 7 «а» сынып оқушысыЖұмалиева Шаттық
Тәуелсіз елдің патриотымын!
Тәуелсіз елдің патриотымын!
«Пай, пай, пай! Киелі неткен жер! Батырлар дүрілдеп өткен жер, Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер! Ғашықтар бір - бірін өпкен жер, Сарылып сал – сері кеткен жер.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×