Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіз елім Қазақстан

25 желтоқсан 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Тәуелсіз елім Қазақстан
Мадина
Өсер ұлдың қай сәтте де,
Бірлік болмақ қалауы.
Лаула - лаула желтоқсанның,
Мұзға жанған алауы.
Өздеріңдей өр намысты,
Жас өркені бар елдің.
Ешқашанда тиісті емес,
Еңкеюге жалауы.

Жігер
Қайырлы кеш, құрметті ата – аналар, мектеп қонақтары! Желтоқсанның дүмпуімен, қылыштың қыры, найзаның ұшына қасқая қарсы тұрған азамат аға - апаларымыздың арқасында жеткен тәуелсіздік мерекесіне арналған «Тәуелсіз елім – Қазақстан» кешіне қош келіпсіздер! «Тәуелсіз елім Қазақстан» атты сыныптан тыс әдеби - қойылымдық кешімізді ашық деп жариялаймыз.

Мектеп оркестрі
Көрдік қой зорлық оспадар жандар көрінен,
Жүрегім сыздар, сыр тартсам сол бір әріден.
Қаншама батыр, қыруар ұлды құрбан ғып,
Қиындықтардың қайыспай өтке бәрінен.

Мадина
Қарасаң қайда, алыс та жақын қырларға,
Алдағы күнге астасып жатыр нұрлы арна.
Қаншама ұлттың құт мекені сияқты,
Бір өзіңе арналмайтын ән бар ма?
Ән «Менің Қазақстаным»

Жигер
Сүйрік саусақ сағадан,
Мен бұралған өрмелеп.
Асып - тасып сабадан,
Биші кетер дөңгелек.

Би «Қазақ биі»
Мадина
Тапталмасын деп қазақтың кең ары,
Тәуелсіз туын ұстап жоғары.
Топты бастап шықты Ләззат алаңға,
Толған еді он алтыға не бәрі.
Сахналық қойылым «Қайсар ару – Ләззат қыз»
«Желтоқсан желі» әнінің әуені ойнап тұрады. Көшеде ерсілі қарсылы өтіп жатқанда адамдар
Тәртіп сақшылары
Қар үстінде қызыл қан, қара бұрыш,
Халық та көп көшеде қарақұрым.
Жас ару қыз келеді ілбі басып,
Жатахана тым алыс баратұғын,
Кешкі шамы қаланың сығырайған.
Мезгіл еді айнала тымырайған,
Кеше ғана бұрымын кескен мұның.
Құтылғаны әлі есте сұмырайдан,
Ажал ма әлде де елес пе тақымдаған.
Тырс еткен болды үн жақын маңнан,
Қыз жүрегі зу етіп, именсе де.
Баса берді ілгері батыл қадам
(екі күзетші Ләззатты тоқтатып, құжат сұрап бастайды)

Жигер
Күзетшілер жол тосқан құтқармады,
«Тексереміз» - деп қызды мықты арбады.
«Бунт жасаған қазақтың қызы ғой бұл»
Деген сөзге арланды ол бұлтарғында,
Қорлық сөзге қайсар қыз намыстанды.
Өңменінен итерді жабысқанды,
Жез түймелі қос солдат, түсі бөлек.
Өздерінше жөн көрді танысқанды,
(екі солдат тұрып, жұлқып Ләззатты алып кетеді. Ләззат барынша қарсыласады)
Жалған емес бұл шындық дастан әнім,
Бостандықтың ол бұзды тас қамалын,
Қайрат, Ербол Кешегі Ләззаттардың,
Қыршынынан кім қиды жас қанатын?
(сахнада - Ләззаттың бейіті, суреті, туған жылы және қайтқан уақыты жазылған мәлімет)
Анасы бейітке гүл қойып жоқтау айтады.

География пәнінің мұғалімі: Қосберегенова Нұршагүл

Тәуелсіз елім Қазақстан. жүктеу
2 533
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1 желтоқсан тұңғыш президент күні тәрбие сағаты (Елбасы еңселеткен Елорда)
1 желтоқсан тұңғыш президент күні тәрбие сағаты (Елбасы еңселеткен Елорда)
Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді азаматтары, ұлдары мен қыздары бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы Еңселеткен Елорда» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік
Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік
Біз сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоксан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік күніне арнарған салтанатты
Тәуелсіз елім - Қазақстан
Тәуелсіз елім - Қазақстан
Өсер ұлдың қай сәтте де, Бірлік болмақ қалауы, Лаула - лаула желтоқсанның Мұзға жанған алауы.
Ата - бабамыз аңсаған тәуелсіздіктің таңы
Ата - бабамыз аңсаған тәуелсіздіктің таңы
Қызылорда облысы, Арал ауданы №64 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Махамбетова А.
Тәуелсіз елім - Қазақстан
Тәуелсіз елім - Қазақстан
Ақтөбе қаласы, №41 жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі, әдебиеті пәні мұғалімі Аймағанбетова Ильмира Қожайқызы
Менің Тәуелсіз - Қазақстаным!
Менің Тәуелсіз - Қазақстаным!
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Манашы орта мектебі Илясова Анар Имамадиновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×