Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жыл таланттары кешінің мерекелік сценарийі

12 қаңтар 2018, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Жыл таланттары
«Жыл таланттары» кешінің мерекелік сценарийі
Сахнада мерекелік шара жүргізушілері.
1 – жүргізуші: Қайырлы күн, қадірменді оқушылар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар!
2 – жүргізуші: Мардан Байділдаев атындағы №232 мектеп ұжымы ұйымдастырып отырған «Білімді жастар – ел болашағы» атты «Жыл таланттары» кешіне қош келдіңіздер!
1 - жүргізуші Бұл күн - білімділердің жұлдызы жоғары тұрған күн!
2 – жүргізуші: Бұл күн - өнерлілер мен білімділердің тоғысқан күні!
1 - жүргізуші: Бұл күн - әр оқушының жұлдызы жарқыраған күні!
2 - жүргізуші: Иә, бүгінгі күн – Мардан Байділдаев атындағы №232 мектебінің даңқын асырып, биік жетістіктерге жеткізер мектеп мақтаныштары - олимпиада, білім байқаулары, өнер сайыстары мен қоғамдық жұмыстардың жеңімпаздары дәріптелетін күн!
ӘН - шашу «Менің Қазағым» Айтбай Ұлпанның орындауында
1 – жүргізуші: Ең қабілетті де
2 – жүргізуші: Ең шығармашыл.
1 – жүргізуші: Ең мейірімді де
2 – жүргізуші: Тілалғыш.
1 - жүргізуші: Әділдікті сүйетін
2 – жүргізуші: және Адам жанын түсіне білетін,
1 - жүргізуші: Бір сөзбен айтқанда, «Жыл таланттарын» қарсы аламыз
2 – жүргізуші: Сонымен, алдарыңызда, мектебіміздегі тұңғыш «Жыл таланттарының» қатысушылары.
1 жүргізуші: Иә, бүгінгі күн куәгерлерімен жеке – жеке танысатында кез келіп жеткен сияқты.
2 - жүргізуші: Олай болса, сахнаға «Жыл озаттарын» шақырамыз.
1 - жүргізуші. Еңсесін енді көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды ұрпақтың орны бөлек. Дүйім дүниенің қандай дүбірлі додасына тайсалмай түсіп, кім - кіммен де жалтақсыз жарысатын интеллекттісі жоғары оқушыларымызбен мақтанамыз.
Өз - өзіне сенімді, бүгінгі таңда алған білімін болашағына арнай алатын, болашақта әлемдік деңгейде білімін көрсете алатын мектебіміздің дарынды оқушыларын сахнаға шақырамыз.
(Сахнаға дарынды оқушылар шақырылып, аты - жөнімен таныстырылады.).

Бақыт Асылзат - республикалық «Жас ғалым»- 2017 байқауында ең үздік ғылыми жобаның ІІІ орын иегері, аудандық Ғ. Мұратбаевтың 115 жылдығына орай өткен «Мен Ғанимын»тақырыбындағы жас ақындар мүшәйрасында, аудандық пәндік олимпиада иегері.
Болысбекқызы Сымбат - жалпы білім беретін пәндер бойынша «Дарын»республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңінде биология секциясы бойынша ІІІ орын иегері
Жаңабай Зылиқа - облыстық, аудандық жыр мүшәйраларының иегері, аудандық «Жалағаш аруы» байқауының 3 орын иегері
Жетпіс Гүлдана - жалпы білім беретін пәндер бойынша «Дарын»республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңінде биология секциясы бойынша ІІІ орын иегері, аудандық «Көркем сөз оқу шеберлері»сайысының алғыс хат иегері, биология пәнінен аудандық олимиада 3 орын иегері
Серік Нұрай - республикалық қашықтық олимпиада жеңімпазы, орыс тілі пәнінен аудандық пәндік олимпиаданың ІІІ орын иегері
Сайлау Жанель – облыстық, аудандық олимпиаданың І орын иегері, - жалпы білім беретін пәндер бойынша «Дарын» республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңінде биология секциясы бойынша ІІ орын иегері
Сабыт Наргиза – 2 жыл қатарынан аудандық информатика пәні бойынша өткізілген олимпиаданың ІІ орын иегері
(ортаға Болысбек Сымбат пен Бақыт Асылзат сөз сөйлейді)
1 – жүргізуші: Біз - алыс сапарға бел буып, кемемізді білім дариясына түсірген ұжымбыз.
1 - жүргізуші Мен қазақпын ұланымын ұлы елдің.
Мен қазақпын тірегімін жерімнің
Ұланымын туын көкке көтерер,
Болашаққа алға бастап жетелер,
Қиындығын қазағымның әрқашан
Қайыспайтын қара нардай көтерер.
Жүргізуші:
Ортаға мектеп жанынан құрылған әскери патриоттық клуб мүшелерін шақырамыз. Жетекшісі Сариев Болат
1 жүргізуші: Домбыра үніне ұйымаған, жусанды даланың исін аңсамаған қазақты қазақ деп айту қиын.
1 - жүргізуші: Олай болса, халқымыздың өнерін жалғастырып жүрген «Өнер тарландарын» ортаға шақырайық.
Жетекшісі: Рахымжанова Қалдыгүл
Сабырбай Ақзер - Аудандық, облыстық байқаулардың жеңімпазы
Айтбай Үлпан - 5 - 11сынып оқушылары арасында өткізілген Абай оқуларының «Көңілім әнді ұғады»бөлімі бойынша ІІІ орын иегері, «Тәуелсіз елім менің»тақырыбында өткізілген патриоттық әндер байқауының ІІ орын иегері
Мұңайтпас Ерқанат - аудандық аспаптық әндер байқауларының жеңімпазы.
Ерболат Кәусар - Мәңгілік Ел аудандық патриоттар байқауының қатысушысы
Исмайл Мансұр - аудандық патриоттық әндер байқауының жеңімпазы
Ән: Ерболат Кәусардың орындауында «Жаңа Жыл» әні
2 - жүргізуші: Біз - ой өрісі кең, алғыр да, жүректі, сауатты да салауатты оқушылармен мақтана аламыз.
1 жүргізуші: Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырса, біз өз болашағымызда «Спорт майталмандарымен» байланыстырамыз.: Ортаға мектеп намысын қорғап жүрген спортшыларымызды шақырамыз.

Жыл таланттары кешінің мерекелік сценарийі. жүктеу
3 308
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Президент күніне арналған мерекелік концерттің сценарийі.
Президент күніне арналған мерекелік концерттің сценарийі.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік бағдарламамызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Қош бол, Бастауыш!
Қош бол, Бастауыш!
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Биранова Тынышгуль Избергеновна
Мерекелік кеш ұстаздар күні
Мерекелік кеш ұстаздар күні
Қашан көрсең күнге ұқсаған жанары – Ұстаздардан көнбіс адам жоқ әлі! Мектеп көрген әдептілер айтпақшы, Мұғалімнен шықпаңыздар жоғары!
Алғашқы қоңырау!
Алғашқы қоңырау!
Маңғыстау облысы, Бейнеу селосы, «Бейнеу лицейі» ММ мұғалімі Әжібаева Гүлназ Айтжанқызы
Мектеп бітірушілер кеші
Мектеп бітірушілер кеші
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Алтынсарин орта мектебінің педагог – ұйымдастырушысы Шәудірбаева Гүлшат Иманғалиқызы
Жыл таланттары
Жыл таланттары
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мұхтарова Гүлдана Сәрсенғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×