Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Гүл мереке, күн мереке – 8 - наурыз!

05 наурыз 2020, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Гүл мереке, күн мереке – 8 - наурыз!
Мақсаты:
▪ 8 - наурыз аналар мен қыздар мерекесін атап өту. Отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың өмірі, өмір гүлі аналарды, нәзік жанды қыздарды сыйлауға үйрету;
▪ Қыздарды әсемдікке, іскерлікке баулу;
▪ Аналарына деген балалық махаббатқа, ер балаларды қыз балаға деген қамқорлыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Құттықтау сөздері жазылған плакаттар, слайд, гүлдер, шарлар, магнитофон, үнтаспа.

Барысы: Музыка әуенімен балалар залға кіреді.
Мұғалім: Құрметті ақ жаулықты әжелер, асыл аналар, қадірлі ұстаздар, қымбатты қыздар! 8 - наурыз - Гүл мереке, Күн мерекелеріңізбен құттықтаймын. Бұл күн тамаша мереке, көктем мерекесі, табиғаттың оянатын мезгілі. Ең жылы сезімдер – қайырымдылық пен кішіпейілділік, үміт пен сенім, махаббат пен адалдық бірігеді. Осы тамаша күнге орай ұйымдастырылған тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Тәрбие сағатымыз екі бөлімнен тұрады:
1. «Ана - өмір шуағы»
2. «Наурыз аруы»

І бөлім «Ана - өмір шуағы»
Ортаға жүргізушілер шығады.
1 - жүргізуші: Ана деген - жүректегі асыл ән,
Махамбет Ана - бақыт деген сөзге қосылам.
Анаға арнап айта берсең сөз жетпес
Ол дегенің - өмірдегі асыл жан!

2 - жүргізуші: Армысыздар, асыл аналар, ұлағатты ұстаздар, аяулы
Самат арулар! Сіздерді 8 - наурыз «Халықаралық әйелдер» күні
мерекесімен құттықтаймыз!
1 - жүргізуші: Бізді өсірген анашым,
Махамбет Еңбегің де зор екен.

2 - жүргізуші: Құтты болсын, анашым,
Самат Құтты болсын мерекең!
Олай болса салмақты әжелерге, ардақты аналарға арналған « Ана - өмір шуағы» атты бөлімді бастайық.

1 - оқушы: Ана деген - адамзаттың данасы,
Малика Ана деген - сәбилердің панасы.
Ана деген – жарық жұлдыз шырағың,
Ана деген - қайнар ыстық бұлағың.
Ана деген - өмірдегі қамқорың,
Ана деген - сүйенерің жан құрбың!

2 - оқушы: Ана десе сезім билер тым ыстық,
Жанбатыр Жарасымды адамдарға туыстық.
Бір адамға берсе ана мейірім,
Орнар еді бар әлемде тыныштық.

3 – оқушы: Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен,
Әнел Мәпелеп әлдилеген пейілің кең.
Аналық махаббатың кәусар бұлақ,
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.

1 - жүргізуші: Ән «Анашым». Орындайтын Меткенова Дана
Махамбет

4 - оқушы: Тосып тәтті дәмдерін,
Дильназ Р. Ол бар жерде бал жедім.
Мен ұйықтарда айтады,
Ертегісін, әндерін.
Біздің үйде осындай,
Әжетайым бар менің!

1 - жүргізуші: Бізге жарық өмір сыйлаған, бізді дүниеге әкелген анамыз бен
Махамбет әкеміз болса, сол ананың анасы, әкенің анасы бізге әже
болады.

2 - жүргізуші: Қариясы бар үйдің қазынасы бар деп бекер айтпаған.
Самат Қазыналы әжелерімізді құттықтай отырып, әнімізді қабыл
алыңыздар.
Ән «Сағындым әже, сағындым»

1 - жүргізуші: Дүниедегі барлық өмірдің сарқылмас бұлағы - ана. Ақын да,
Махамбет батыр да анадан туады. Ана - үйдің берекесі, қыз баланың
өнегесі, отбасының темір қазығы, шаруаның несібесі.

2 - жүргізуші: Ананың көзінен төгілген нұр жан - жағына шуағын
Самат шашады, олай болса,
- Достар, бізге осы жарық дүниені сыйлаған кім?
Бәрі: - АНА!

5 - оқушы: Ана деген - бастауы ұлылықтың,
Ұлжан Ана деген - рәмізі сұлулықтың.
Ана деген бір жыр бар шырқалатын,
Асқақтатар биікке ұрпақ атын.

6 - оқушы: Ана деген - бәйтерегі өмірдің,
Сымбат Ана деген - қуанышы өмірдің.
Ана деген - әрбір үйдің жылуы,
Ана деген - гүлі туған өмірдің.

1 - жүргізуші: Ән «Аналар алтын». Орындайтын ұлдар тобы.
Махамбет

7 - оқушы: Құрметтейік, о, адамдар аналарды,
Дильназ О. Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істелік әр қадамды.

8 - оқушы: Ана деген - ақылшың,
Нұрсұлтан Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса да,
Тек анаңа жақынсың!

9 - оқушы: Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Амина Жүрегіңе жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде,
Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым.

Бірге: «Құттықтаймын ана, мерекеңізбен!»
Аналар мен әжелерге дайындаған сыйлықтарын таратып беру.
2 - жүргізуші: Ән «Ақ мама». Орындайтын --------------

Гүл мереке, күн мереке – 8 - наурыз! жүктеу
7 933
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ардақтысың сен – ана! мерекесі
Ардақтысың сен – ана! мерекесі
Музыкалық тақырыптық шығармаларды сауатты орындау арқылы балалардың рухани мәдениетін қалыптастыру. Анаға, әжеге деген сүйіспеншілікті ән құдіретімен жеткізу. аналарымызды сыйлауға тәрбиелеу.
8 - Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
8 - Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
8 - наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек.
Ана – өмірдің шуағы
Ана – өмірдің шуағы
8 - наурыз аналар мен қыздар мерекесін атап өту. Отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың өмірі, Ана енбегін қадірлеп үмітін ақтауға, ана есімін ардақтап, қадірлеуге, сыйлауға баулу.
Ана – тіршіліктің гүлі
Ана – тіршіліктің гүлі
Әр адам жарық дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол – Ана. Балапанын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жан ұшыра шырылдайтында – Ана. Ана деген сөзге лүпіл қақпайтын жүрек, мөлдіремейтін жанар жоқ.
Аяулы ана
Аяулы ана
8 - наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Мұғалім:- Қош, келдіңіздер, аяулы аналар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×