Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ана тілім – ардағым

29 қаңтар 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ана тілім – ардағым
Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір - қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету.
2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал - мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.
Көрнекілігі: презентация, нақылдар жазылған плакат, кеспе әріптер, ақын - жазушылардың фотосуреттері мен кітаптары, карточкалар.
Түрі: сайыс - байқау

Барысы
- Құрметті оқушылар, ұстаздар! «Ана тілім ардығым» атты тәрбие сағатына қош келіпсіздер!
- Балалар, біз қай тілде сөйлейміз?
- Ана тілі дегенді қалай түсінесіңдер?
- Дұрыс - ақ. Ана тілі атаңның, анаңның тілі, туған халқыңнның тілі.
Қазақ халқы сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кез келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Тіл ұлттың жаны, тіл ұлттың асыл қазынасы. Бұл қазынаны жоғалтуға болмайды. Құрметті оқушылар! Ана тіліміз қазақ тілінің мерейін көтеру болашақ сіздердің еншілеріңізде. Осы орайда мектебімізде «Ана - тілім ардағым» атты тәрбие сағатын өткізіп отырмыз.
Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақстан – көп ұлт өкілдері мекендейтін мемлекет. Мұндай мемлекет үшін мемлекеттік тіл қажет. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында «Ұлттық тіл – қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал» деп көрсеткен болатын.
Қазақ тілінің мәртебесін өсіру үшін және мемлекеттік тілімізді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу үшін елімізде көптеген іс – шаралар жүргізіліп келеді. 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.
Қазақстанда 100 – ден астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы туған тілі болып саналады. Ана тілі – әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1997 жылы 11 – шілдеде Қазақстан Республикасының Парламенті «Тіл туралы» жаңа Заңын қабылдады. 2007 жыл «Мемлекеттік тіл жылы» деп жарияланды.
Сондай - ақ бұл шара қыркүйек айында атап өтілген Тіл мерекесіне орайластырып отырмыз.
Слайдтан атақты адамдардың суреттері мен тіл туралы айтқан дана сөздері шығып тұрады.
«Ана тілін білмейтін адам бір қолы жоқ шолақ адам секілді» Ғ. Мұстафин
«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді» Ғ. Мүсірепов
«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту бүкіл ата бабамызды, тарихымызды ұмыту» Б. Момышұлы
«Әрбір саналы, мәдениетті азаматқа ана тілі мен ана тіліндегі әдебиеттің қадірін білмеу - мәдениетсіздік» М. Әуезов

- Тәрбие сағатымыз оқушылардың ана тіліне деген құрметін, қазақ тілін меңгеруін байқап, тіліне деген патриоттық сезімін арттыру мақсатында екі топқа бөлініп, қазақ тілінің байлығын, көркемдігін байқап, сынап көрейік.

І топ «Алғырлар» тобы, ІІ топ «Тапқырлар» тобы

Сабақ төрт бөлімнен тұрады:
І. Сөз тапқанға қолқа жоқ.
ІІ. Мақал - сөздің мәйегі.
ІІІ. Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын ашу
IV. Өлең - сөздің патшасы

І «Сөз тапқанға қолқа жоқ» бөлімі, топтарға жеті сұрақ қойылады. Топ мүшелері таңдаған әріптен ғана басталатын сөздермен ғана жауап береді:

А, Ж, Т, Қ,
1. Сенің атың кім?
2. Қайдан келесің?
3. Жолда нені көрдің?
4. Не істедің?
5. Түскі асқа не жедің?
6. Қайда барасың?
7. Қандай сыйлық алдың?

ІІ. Бөлім «Мақал - сөздің мәйегі». Шарты: Мұғалім айтқан мақалды жалғастыру керек.
1. Бас кеспек болса да,..... (тіл кеспек жоқ)
2. Ана сүті бой өсіреді, (ана тілі ой өсіреді).
3. Тілмен байланған... ( тіспен шешілмес).
4. Тіл тас жарады,... ( тас жармаса бас жарады)
5. Жақсы сөз... (жарым ырыс)
6. Тіл - адам ойының... (айнасы)
7. Тіл қылыштан... (өткір)
8. Ойнап сөйлесең де... (ойлап сөйле)
10. Тисе терекке, тимесе... (бұтаққа)
11. Айтылған сөз,... (атылған оқпен тең)
12. Бал тамған тілден... тамар (у)
13. Көп сөз -... (бос сөз)
14. Көп сөз - күміс, аз сөз -... (алтын)
15. Жеті жұрттың тілін біл,... (жеті түрлі ілім біл)
16. Таза сөйлеу – биік... (мәдениеттілік)
17. Жақсы байқап сөйлер... (жаман шайқап сөйлер)
18. Көре - көре көсем боларсың... (сөйлей - сөйлей шешен боларсың)
19. Тіл тас жарады, тас жармаса... (бас жарады).
20. Ине көзінен сынады,... (шешен сөзінен сынады).
22. Піл көтермегенді,... (тіл көтереді).

Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы,
Құмсай ауылы Құмсай бастауыш мектебінің
бастауыш класс мұғалімі
Аймухамбетова Ләззат Сәндібекқызы

Ана тілім – ардағым. жүктеу
Ана тілім – ардағым слайдын жүктеу
20 658
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ана тілім - ардағым
Ана тілім - ардағым
Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал - мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту. 3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне
Сөз мәйегі – мақал –мәтел
Сөз мәйегі – мақал –мәтел
Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету.
Сөз мәйегі - мақал-мәтел
Сөз мәйегі - мақал-мәтел
Оқушыларды өз ана тілінің қадір - қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал - мәтелдер
"Кім тапқыр?"
"Кім тапқыр?"
Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір - қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
Ана тілім ажарым – асыл мұрам
Ана тілім ажарым – асыл мұрам
Қалың елім қазағыңа қорған бол! Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол, Шет тілі мен компьютерді меңгеріп, Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×