Білімділер поралы

Ақыл - жастан, асыл - тастан

Сабақтың тақырыбы: Ақыл - жастан, асыл - тастан
Сабақтың мақсаты:
• Ақылдың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
• Ақылын өмірде қолдана білу іскерліктерін дамыту;
• Балалар дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу
Әдісі: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ – жауап, сахналау, т. б.
Көрнекілігі: үнтаспа, дәптер, оқулық, «Даналық кітабы».

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
I Шаттық шеңбері
Мұғалім балалармен бірге шеңбер құрып тұрады, барлығы бір - бірімен сәлемдесіп тұрады шығады:
- Қайырлы күн, балалар!
Қайырлы күн, достарым!
- Мен сендерді көргеніме қуаныштымын!
Оқушылар бәрі бірге қосылып Арасанбай Естеновтің «Бес нәрсеге асыл бол!» атты өлеңін айтады.
Бес нәрсеге асық бол!
Қанағат, Рақым, Терең ой, Бес асыл іс бұл арлы,
Талап, Еңбек – өркен - ді, Үлгі болған ғасырдан.
Бәрі маған керек қой, Қастер тұтып бұларды,
Ұлы өмірім - ертеңгі. Ардақтап өсем жасымнан.
Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбымен таныстырады:
- өткен сабақта өнер туралы айтқанымызда ақылды өнермен жеткізудің өзі өнер деп айтқан болатынбыз. Ал бүгін ақыл, ақылдық, сондай - ақ бала кезден ақылды болу керектігі туралы әңгімелесеміз.

II Әңгімелесу
v Ақылды болу дегенді қалай түсінесіңдер?
v Сендердің ақылға жүгініп, дұрыс шешім қабылдаған кездерің болды ма? Деген сауал бойынша әңгімелеседі?

III Мәтінмен жұмыс
Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу
Жиренше бірде сапарға шығады. Күн батуға таянғанда, бір ауылдың тұсында көп балаға кездесе бергенде жаңбыр жауып кетеді.
Сонда балалар терген тезектері бар, айдаған бұзаулары бар жаңбырдан қорқып, бұзауларын қоя береді де, тезектерін төгіп, қабын жамылып қала береді.
Жиренше шешен мына баланың бір қасиеті барлығын сезіп, жақындап келіп:
- Қалқам, сен отырып қалдың, ана балалар болса бұзауларын қоя беріп, тезектерін төгіп кетіп қалды, оның себебі не? – деп сұрағанда, қыз бала: - «Бұл балалар – ақылсыз. Үсті - басы су болды, әрі бұзаулары жамырап кетті. Мен кешке мына құрғақ тезекпен жылынып, рақаттанам, бұзауды жібермедім, енді сүтке тоям және үсті - басым су болған жоқ,»- дейді.
Қыз өзін ғана емес, байдың малын бағатын әкесін де ойлаған еді. Өйткені ол әрі аш, әрі үсті су болып келеді ғой...
Шешен жігіт қыздың ақылына қайран қалыпты.
Сұрақтар:
● Қарашаштың ақылдылығы қай әрекетінен байқалады?
● Басқа балалардың іс - әрекеттеріне көзқарастарың қандай?
● «Ақымақ жауынды күні суға түсер» деген халық мақалынан нені түсінуге болады?
● Қыздың бойынан тағы қандай асыл қасиеттерді байқадыңдар?
● Сендердің да ақылдылықтарыңды көрсеткен кездерің болды ма? Естеріңе түсіріп айтып беріңдер.
- Дұрыс айтасыңдар. Ақылды адам барлық уақытта ойлап сөйлейді, жан - жағын байыптап барып әрекет етеді. Ондай адамдар өзінің байсалдылығын, қарапайымдылығын, кішіпейілділігін, ізеттілігін ұмытпайды. Қарашаш өзін ғана ойлаған жоқ, әкесінің де қамын ойлады. Қыздың бойынан әкесіне деген мейірімділігі аңғарылады.

IV Сахналау
Байлық, бақыт, ақыл. /ертегі/
Автор:
Ерте заманда Байлық, Бақыт, Ақыл үшеуі бас қосады. Олар өзара өткен - кеткен әңгімелерді айтысады. Сөз кезегінде үшеуі адам баласына тигізетін пайдасы жайында таласып қалады. Алдымен Байлық сөз алады.
Байлық (кеудесін қағып):
- Менің арқамда ғана адам баласының төрт түлігі сай, үйі дүние - мүлікке бай, ішіп - жемі мол болады. Сондықтан маған тең келер ештеңе жоқ.
Автор:
- Сонда бақыт былай деді:
Бақыт:
- Мен бақпын. Кімнің басына қонсам, соның атақ - даңқын шығарамын, мансабын аспанға көтеремін, дөкей етемін. Қарсы келген дұшпанды жер етемін.
Ақыл (сабырлы түрде):
- О, достарым, мен сендердің таластарыңа қосылмаймын. Үшеуіміз тең тудық. Бірақ мен бірер ит жейдені сендерден бұрын тоздырдым. Айтыстарың көңіліме қонбайды. Мен – Ақылмын. Сондықтан бекер даурығып, менменсініп сөйлегенді жақтырмаймын. Үшеуіміз де адам баласына қажетпіз. Көңілдеріңе келсе де, айтатын, екеуің де маған бағыныштысыңдар. Адам баласы менсіз өмір сүре алмайды. Келіспесеңдер Данышпанға жүгінейік. Төрелігін сол айтсын.
Автор:
- Сөйтіп үшеуі Данышпанға келеді. Үшеуінің таласын тыңдап алған Данышпан былай дейді:
Данышпан:
- Өмірдің өзі сабақ: «Байлық баянсыз». Ақыл бар жерде ғана байлық та, бақыт та, бірлік те, ынтымақ та түгел. Ақылмен бәрін ойдағыдай басқаруға, атқаруға, тындыруға болады. Ақылдың еңбек деген сүйеніші, тіреуі, тұтқасы бар. Оның алмайтын қамалы, қолы жетпейтін ырғызы жоқ. Сондықтан ақылды болып еңбек ете білген адам баласы байлыққа да, бақытқа да кенеліп, мәнді де сәнді өмір сүре алады.
Сұрақтар:
Ø Бақыт, Байлық, Ақылдың артықшылығы неде екен?
Ø Данышпан қандай ой түйіндеді?
Ø Данышпанның орнында өздерің болсаңдар, қандай төрелік айтар едіңдер?
Ø Ақылды болу үшін не қажет деп ойлайсыңдар?

V Дәйексөз
Тақтада жазулы тұрған Жүсіп Баласағұнидың «Адам бойындағы ең тамаша нәрсе – білім мен ақыл» деген даналығының мәні ашылады:
- Балалар, сендер білім мен ақылдың адам өміріндегі қажеттілігін, маңыздылығын білісіңдер. Адам баласы қаншалықты білімді болғанымен, ақылға жүгінбесе, өмірден дұрыс жол табу қиынға соғады. Сондықтан адамның біліміне ақылы сай болуы тиіс.
Оқушылар дәйексөзді дәптерлеріне жазып алады.

VI Тапсырма
Тапсырма бойынша оқушылар мақал - мәтелдердегі көп нүктенің орнына ақыл сөзін қосып оқиды. Мақалдарды естеріне сақтап алады.
1. Ақылды адам ерінбейді.
2. Ашу – дұшпан, ақыл - дос,
Ақылыңа ақыл қос.
3. Ақылдан жақын дос бар ма?
4. Ақыл азбайды, білім тозбайды.

VII Ойын - жаттығу
Оқушылар шеңбер құрып отырады. Данышпан атайдың «Даналық кітабын» қолдарына кезек - кезек ұстап тұрып, «мен ақылды баламын, өйткені.....» деп жалғастырады. Шеңберді айналдыра бәрі осы туралы өз ойларын айтып шығады. Мысалы, «Мен ақылды баламын, өйткені ойланып сөйлеймін», «Мен ақылды баламын, өткені ашуланбаймын», «Мен ақылды баламын, өткені болмашыға ренжімеймін» және т.б.

Ақыл - жастан, асыл - тастан. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Омонимдер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Химия әлеміне саяхат
  • Батон
    Жазған: Батон
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Bekamaster
    Жазған: Bekamaster
  • Жетыген
    Жазған: Жетыген
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 24
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 24
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика