Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жігіт сұлтаны - 2023

02 мам 2023, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Жігіт сұлтаны - 2023
Мақсаты: Жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу.

1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, қадірлі қонақтар!
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,
7 мамыр - Отан қорғаушылар мерекесі мен Ұлы Жеңістің 78 жылдығы да келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің мәні, көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы. Сонымен бірге биыл Ұлы Жеңіске 78 жыл. Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал.

2 - жүргізуші:
Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ.
Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігін мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.

1 - жүргізуші:
Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш - әрине, "бірлік”. Қаншама халық бір тудың астына бірігіп күштерін бір арнаға салды. Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы.

2 - жүргізуші:
Ұлы Отан соғысының шежіресіне Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың, Мәлік Ғабдуллиннің, Бауыржан Момышұлы мен Талғат Бигельдиновтың және көптеген жерлестеріміздің аттары алтын әріптермен жазылды. Украин жерінде Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған батыры С. Ковпактың партизандық бірлестігінде Қасым Қайсеновтың отряды болған еді.
1 - жүргізуші:
1941 - 1945 жылғы соғыстың тарихи маңызы үлкен. Бұл соғыс адамзаттың қас дұшпаны, қаскөй жауы фашизмнiң iнiне су құйды. Тамырына балта шапты. Бiздiң майдангерлерiмiз де осы ұлы Жеңiске өз үлестерiн қосты. Сондықтан да оларды ешкiм де жазғыруға, айыптауға, сөгуге тиiс емес. Керiсiнше, қолымыздан келгенiнше құрметтеуiмiз, қадiрлей бiлуiмiз, қадiрiне жете алуымыз керек.
2 - жүргізуші:
Жеңiстiң 78 жылдығына аман - есен жеткен абзал ақсақалдарымызға “Бәрiмiзге Жеңістің 78 жылдығы құтты болсын! Есен - сау болыңыздар!”- дей отырып, Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған мына өлең жолдарын қабыл алыңыздар.

Жеңіс күні
Келді міне, тоғызыншы мамыр - Жеңіс күні,
Қуаныш пен бақыт толған ерлік күні.
Елі үшін, жері үшін майданда,
Ағалар мен әпкелер жанын қиды.

Он бес елдің батырлары қосылды,
Қу немісті ойрандатты, қиратты.
Мың тоғыз жүз қырық бесте Берлинде,
Кім білмейді ту тіккен Рахымжандай ағамды!

Ешқашан да енді соғыс болмасын,
Бақытты елдің тыныштығын бұзбасын!
Аспанымыз әрқашан да ашық боп,
Ұлы Отан соғысының батырлары жасасын!

Ұлы Жеңістің құрметіне Ән Сарбаздар. 10 сынып оқушысы Жанай Гүлнұр
2 - жүргізуші:
Жүрекке адалдықтың ескен гүлін
Ғажайып келешектің төккен үнін
Ардақты ағаларға шын көңілден
Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін.

1 - жүргізуші:
Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні,
Жақсы үміттің шырағы жанды міне!
Аспан бетін қаптаған қара тұман,
Серпіліп, зұлымдықтың сөнді түні.

Алғашқы Құттықтау сөз мектеп директоры Махмут Боқайұлына беріледі
Құттықтау сөз мектебіміздің ардагер ұстазы, Білім беру ісінің құрметті қызметкері Ерғали ағайға береміз.

1 - жүргізуші: Құрметті азаматтар, біздің мектептің ұстаз азаматтары!
Құрметті қонақтар, оқушылар.
Осы мерекелерге орай мектебімізде «Жігіт Сұлтаны – 2023» байқауын өткізгелі отырмыз.

2 - жүргізуші: Бүгінгі кеш сайысты біз бастайық
Сайыста көңілменен қол соғалық.
Біздерде ойын - сауық басталады,
Тамаша күй тартылып ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды.

«Тасарал жалпы білім бертін орта мектеп»КММ
Жүргізуші: Э. Аймаганбетова – мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Жігіт сұлтаны - 2023. жүктеу
4 151
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Жеңіс туы желбіреп» атты 9- мамыр Жеңіс күніне және 7- мамыр Отан қорғаушылар күніне  арналған сценарий
«Жеңіс туы желбіреп» атты 9- мамыр Жеңіс күніне және 7- мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған сценарий
1-жүргізуші: Армысыздар, ардақты азаматтар, қымбатты әріптестер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,7 мамыр-Отан қорғаушылар мерекесі де келіп жетті.
7 мамыр - Отан қорғаушылар күні. Ұранды ердің - ұрпағы қайсар
7 мамыр - Отан қорғаушылар күні. Ұранды ердің - ұрпағы қайсар
Оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.
Ана – гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Ана – гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып сегізінші наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осындай көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнген емес.
Әскер әліміз, армия абыройымыз
Әскер әліміз, армия абыройымыз
Жүрекке адалдықтың ескен гүлін Ғажайып келешектің төккен үнін Ардақты ағаларға шын көңілден Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін.
Ана - бақыт, ана - нұр
Ана - бақыт, ана - нұр
ОҚО, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Шолаққорған жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нарметова Рахима
Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Мұғалім:- Қош, келдіңіздер, аяулы аналар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×