Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шынықсаң шымыр боларсың!

13 ақпан 2018, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Шынықсаң шымыр боларсың!
Сабақтың мақсаты: Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ.
Сабаққа қажетті құралдар: доп, кегме, обруч, таяқтар, жалау.
Көрнекіліктер: плакат, суреттер, ұлағатты сөздер.
Сабақтың барысы:
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, балалар! Құрметті қонақтар мен ұстаздар! Бүгін сіздер 4 «а» сынып оқушыларының қатысуымен өтілетін «Шынықсаң шымыр боларсың!» атты тәрбие сабағымызға қош келдіңіздер! Тәрбие сабағымызда адам немен шұғылданса шымыр, шапшаң, ұқыпты, жинақыц, таза, әдемі болатынын білеміз.
Сұрақ - жауап.
Тәрбиеші: Балалар денсаулығымыз мықты болу үшін немен шұғылдануымыз керек?
Оқушылар: Күнделікті жаттығулар жасау керек, таңертең спортпен шұылдану керек.
Тәрбиеші: Қандай зиянды әркеттерден аулақ болуымыз керек?
Оқушылар: Жерде жатқан нәрселерді ауызға салмау, шылымнан, есірткіден аулақ болуымыз керек.
Тәрбиеші: Ағзамыз мықты болу үшін, қандай ережелерді есте сақтауымыз керек.
1. Жеке бастың гигиенасын сақтау керек, үнемі таза жүру керек.
2. Үнемі күн тәртібін дұрыс орындау керек.
3. Денені шынықтыру ережелерін дұрыс орындау керек.
4. Дұырс тамақтану керек.
Тәрбиеші: Балалар, дұрыс айтасыңдар, күнделікті спорт ереже жаттығуларды дұрыс орындап отырсаңдар ауырмай өсесіңдер. Суреттермен таныстыру – сурет бойынша эмблеманы түсіндіру, қысқы спорт туралы айту, түсіндіру. Балалар Алматы қаласында қыстық олимпиада ойындары өтті. Балалар, сендер қандай қысқы спорттық ойындар білесіңдер? Оқушылар: Хоккей, шаңғы, мәнерлеп сырғанау.
Тәрбиеші: коньки спорты, шайбалы хоккей, мәнерлеп сырғанау, шаңғы спорты, биатлон спорты, шаңғымен бағдарлау спорты, трамплиннен секіру, тау шаңғы спорты, фристайл - акробатика мен әртүрлі трамплин секірулерді көрсету биіктіктен, допты хоккей. Осы қысқы олимпиада ойындары қай жылы болды?
Оқушылар: қоян жылы
Тәрбиеші: Балалар, бізге қазір қонаққа қоян келеді.
Қоян есіктен кіріп, амандасады. Сәлеметсіздер ме, балалар?
Қоян: - балалар сендерде қандай мейрам болып жатыр екен? Сендерді құттықтауға келдім.
Тәрбиеші: Қандай мереке, айтыңдаршы?
Оқушылар: «Шынықсаң шымыр боларсың» атты ашық тәрбие сағаты.
Қоян: Бәрекелді, балалар сендердің спортқа деген құштарлықтарыңды, білімдеріңді, қандай ән ұнататындарыңды тексере келдім.
Музыка ойнайды. Балалар «Қоян» биін билейді. Балалар орындарына отырады.
Тәрбиеші: ϴте жақсы биледіңдер, енді қоянымыз төрге шықсын. Сендердің білімдеріңді бағалайды.
Оқушылар екі топқа бөлінеді. «Сұңқар» тобы, «Тұлпар» тобы
1. Әр топ өздерін таныстыру.
Ӏ топ «Сұңқар» тобы. Біздің топ «Сұңқар», Сәлеметсіздер ме, балалар!
Қиядан көрген
Самғайтын биіктен,
Жомартпын берегем.
Қанатым талмайтын,
Сезімтал қырағы.
Ұлы жүз қыраны,
Топ басшысы атым Алтынай.
Сұңқардан – Тұлпарға жалынды сәлем.
Ұранымыз – Намысты қолдан бермейміз, бермейміз!
Біздің ән: Биіктерден самғаймыз,
Еш уақытта қалмаймыз.
Жүрегіміз біо соғады, Алға сұңқарым 2 рет.
Тұлпардан қалмаймыз!
ӀӀ топ «Тұлпар» тобы. Сәлеметсіздер ме, балалар!
Біздің топпен таныстыра кетейін.
Топтың аты «Тұлпар»
Жүйріктен қалмаған,
Тұяғы талмаған.
Ұшқыр да, алғыр да,
Бірінші боп жүрген,
Ұлы жүзден келген.
Топтың қолбасшысы – атым Аида.
Тұлпардан – Сұңқарға жалынды сәлем!
Ұранымыз - Спорт достыққа шақырады!
Біздің әніміз:
Ешкімнен де сескенбеген,
Ешкімге дес бермеген.
Тұлпар біздің тобымыз,
Алда жүру әрқашан,
Арманымыз, ойымыз.
Әділқазылар екі топқа бағаларын беріп отырады.
Тәрбиеші: Келесі кезек спортқа арналған тақпақтарды айтудан жарыс
Тұлпар тобы
1. Келіңіздер, келіңіздер,
Бұл жарысты көріңіздер.
Бізде бәрі жүйріктер,
Күш сынасар алыптар.
Сұңқар тобы
1. Біздің топ «Сұңқар» деп атанады,
Шетімізден спортшымыз, денсаулықты шыңдаған.
Салауатты өмір салтын дәріптейтін,
Келіп тұрмыз қорықпаймыз шыңдардан.
Тұлпар тобы
2. Ұшақтан да ұшқырмыз,
Желден озған жүйрікпіз.
Жарысуға сендермен,
Келіп тұрған мықтымыз.

Сұңқар тобы
2. Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа,
ϴмірде бақыттысың денің сауда.
Денсаулығың терең бақыт деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамызда.
Тұлпар тобы
3. Бір, екі, үш
Бұлшық етте міне күш
Терезені аш, жасағанда жаттығу,
Қажет емес, қажет емес асығу.
Бүгілеміз, бүктелеміз бәнідей,
Керілеміз, созыламыз сәнідей.
Сұңқар тобы
3. Білесің бе, жас ұлан,
Қажымұқан атаңды
Сонау бала жасынан,
Ол палуан атанды.
Тұлпар тобы
4. Дұрыс сөйлеп, дұрыс жүру керек,
Денемізді шынықтыру керек.
Бұл өмірде не керек,
Ерте тұрып, кеш жатып.
Ерінбей еңбек ету керек,
Бәрінен де салауатты өмір керек.
Әділқазы алқасы бәрінен де, біздерге,
Әділ баға сіздерден керек.
Сұңқар тобы
5. Әділқазы алқасы
Сайысамыз біз бүгін.
Кішкентай болсақ та,
Қалыспаймыз ешкімнен.
ϴнерліміз, шеберміз, жігерліміз,
Есемізді ешкімге жібермейміз.
Әділқазылар алқасы 2 топтың тақпақ айтуына бағаларын береді.
Тәрбиеші: Келесі жарыс кезегін ғасырлар бойы, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келеек жатқан шешендік сөз мақал - мәтелге берейік.
Сұңқар тобы: Денсаулық – зорлық байлық.
Тұлпар тобы: Шымырдың сезімі сергек.
Сұңқар тобы: Тазалық – саулық негізі.
Тұлпар тобы: Сергектің сенімі нық.
Сұңқар тобы: Ауру аздырады
Суық тоңдырады.
Тұлпар тобы: Денің сау болса, жарлымын деме,
Жолдасым көп болса, жалғызбын деме.
Сұңқар тобы: Ауру батпандап кіреді,
Мысқылдап шығады.
Тұлпар тобы: Бірінші байлық – денсаулық,
Екінші байлық – ақ жаулық.
Үшінші байлық – он саулық.
Екі топты сапқа тұрғызу.
Әділқазылар мақал - мәтелге әділ бағасын береді.
Тәрбиеші: «Ақылыңа күшің сай» деп аталатын эстафеталық ойынымды бастаймыз.
Ойын бес этаптан тұрады.
1. Жүгіріп келу таяқпен жарыс эстафета.
2. Допты шеңберге қою.
3. Ойыншықты жоғары көтеру, сосын оны аяқтың астына жіберу.
5. Тауық күрес.
Әділқазылар осы сайысқа әділ бағасын береді.
Тәрбиеші: Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.
Әділқазылар өз пікірлерін айтады.

Қорытынды.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін қандай тәрбие сағатын өттік? Не туралы? Қандай жарыстар болды? Олимпиада қандай қыстық ойындар болады? Оқушылар жауап береді.
Тәрбиеші: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» - демекші сайысымыздың соңына да жеттік. «Бала – бауыр етің, әке – асқар тауың» - дегендей балалық көңілге жайлы болатындай әкелік қамқорлығыңызды әділ бағаларыңызбен көрсете білдіңіздер. Құрметті ұстаздар, көрермендер келгендеріңізге рахмет. Осымен сабағымыз аяқталды.

Қаскелең қаласы облыстық зерде бұзылыстары бар
балаларға арналған арнайы мектеп - интернатының тәрбиешісі
Саржанова Бақытжан Қайрулловна
2 200
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шынықсаң шымыр боларсың
Шынықсаң шымыр боларсың
Балалардың бойындағы спортқа деген қызығушылығы мен білімін арттыру; Спорттағы достық қарым - қатынасқа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Салауатты өмір - көтеріңкі көңіл
Салауатты өмір - көтеріңкі көңіл
Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігі, бағалы байлық екенін түсіндіру. Денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу.
Шынықсаң шымыр боларсың!
Шынықсаң шымыр боларсың!
Денсаулық ол шыныққан, барлық дене мүшесі, Денсаулық ол тыныққан, жүйке тамыр жүйесі.
Шынықсаң шымыр боларсың
Шынықсаң шымыр боларсың
Тақырыбы: Шынықсаң шымыр боларсың
Денсаулық әліппесі
Денсаулық әліппесі
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылы, Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Байқадамова Ақмарал Асанқызы
Шынықсаң шымыр боларсың
Шынықсаң шымыр боларсың
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Асанәлі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі Усенгалиева Акбота Елемесовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×