Білімділер поралы

Рахмет айтамын!

Мерекелік концерт
Тақырыбы: «Рахмет айтамын!»
1. Қара өлең «Рахмет айтамын!»
Армысыздар аяулы да қымбатты аналар, қонақтар!
Бүгінгі алғашқы көктемнің күнінде 1 - наурыз – Алғыс айту күніне арналған мерекелік концертімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығында 1 наурыз - Алғыс айту күні болып жарияланды.
Алғыс - адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс - әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі. Олай болса бір - бірімізден жан жылуымызды аямайық демекпін.
Құлпырған көктем мезгілінің алғашқы күні бүгінгі мерекемен тұспа - тұс келіп отыр сондықтан да ардақты әжелерімізді, аяулы аналарымызды, ару қыз - келіншектерімізді келе жатқан – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!
Бүгінгі кешіміздің басты мақсаты:
Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен Ардақты аналарды - нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау, алғыс айту.
Кештің көрнекілігі: Ұлағатты сөздер, суреттер, шар, шақыру билеті, үнтаспа, гүл т. б.
Кештің барысы: Қонақтарды кешке шақыру, оларды қарсы алу, тілек білдіру, өнер көрсету, құттықтау сөздер, жалпы қорытынды жасау.

2. Жүргізуші:
Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар
Ана деп бас иеді күллі халық.
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана, ана деген тіршіліктің тірегі,
Жасай берсін қасиетті аналар!
Сіздердің құрметтеріңізге ардақты да аяулы қыздарыңыз және келіндеріңіз біздің сүйікті тәрбиеші - педагогтар «Көктем шуағы» биін тарту етеді. Көркемдік жетекшісі: Искакова Гаухар Заинденқызы Қарсы алыңыздар!
3. Жүргізуші
Балалар аман болсын әр үйдегі
Таусылмасын ананың әлдилері
«Анашым» деп ортада ән салады
«Раушанның» шуақты сәбилері. Қошеметпен қарсы алыңыздар!
4. Жүргізуші
Әжемнің әлдиі ғажайып.
Анамның мейірімі ғажайып,
Әкемнің пейілі ғажайып.
Осындай жақсы әдет ғажайып
Қалмасын ешқашан азайып.
Ән «Әке - Ана», «Көгершін» тобының атынан «Үздік тәрбиеші - 2016» байқауының бас жүлдегері Сағымжан Гаусар.
Қарсы алыңыздар!

Тәрбиеші: Тайтаразова Айдана

Рахмет айтамын! жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
5 күндік оқу кестесі дұрыс па?
Ия керемет
Бұрыннан күткем
Еш өзгеріс келтірмеді
Маған бәрібір
Жоқ бұрынғысы дұрыс еді
Сайтта кім бар
Барлығы: 387
Қолданушылар: 3
Қонақтар: 384
Роботтар: 3
Гулдана Ақышова Mika9696 Nursagila
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика