Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Супер мама сайысы

19 ақпан 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Супер МАМА» сайысы
(5 сыныптар)
Сынып: 5 сыныптар (4 топ)
Қатысушы: қыз бала анасымен
Мақсаты: отбасы құндылықтарын сақтау, ана мен қыз бала арасындағы байланысты жандандыру

Сайыс барысы
Жүргізуші1: Армысыздар, құрметті асыл аналар, ару қыздар. Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8 наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Жүргізуші 2. Сіздерге әлемнің нұрын, өмірдің гүлін, көктемнің шуағын тілейміз.
Жүргізуші2: Бекзат осы сенің жиі айтатын сөзін қандай?
Жүргізуші1: Алия, менің айтатын сөзім әлемдегі ең керемет сөз. Ол сөзді айтқанда менің кеудем қуанышқа бөленеді. Ол сөзді сенде жиі айтасың деп ойлаймын.
Жүргізуші2: Ту, Бекзат, айтшы енді.
Жүргізуші1: Алия. Ол МАМА
Жүргізуші2: Дұрыс айтасың.
Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,
Ана дейді жас сәбиде жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген алтын қазық, алтын бақ

Ән: Мама.
Жүргізуші1: Мақтанатын, мархаббатым, махаббатым МАМА.
Жүргізуші2: Бекзат сен білесің бе? Бүгінгі сайысымыз «Супер Мама» деп аталады.
Жүргізуші1: Олай болса, лицейіміздің ең үздік, ең белсенді, ең үлгілі аналарын,
Жүргізуші2. Және ару қыздарын ортаға шақырамыз. (қатысушы жұптар шығады)
№1 5 «А» сынып оқушысы ---------------------- және оның анасы -------------------
№ 2 5 «Ә» сынып оқушысы -------------------- және анасы ----------
№3 5 «Б» сынып оқушысы -----------және анасы ----------------
№4 5 «В» сынып оқушысы ------------------ және анасы -------------------
Жүргізуші1: Сайысты бағалайтын әділқазы алқаларымен таныс болыңыздар

Жүргізуші 2. Олай болса сайыс кезеңдерімен таныстырып өтсек.
Жүргізуші 1. Сайыс 1 кезең таныстыру, «Менің анам ең керемет жан», «Сиқырлы сөздер», «Шаштараз», «Талантты отбасы» деп аталатын төрт кезеңнен тұрады. Әр кезең 5 ұпаймен бағаланады. Барлық кезеңнен сүрінбей өткен қатысушы «Супер МАМА» деген атқа ие болады.
Жүргізуші 2. Қатысушыларымызға сәттілік!!!
Жүргізуші 1. Алия осы сен анаңды қаншалықты жақсы коресің?
Жүргізуші2. Бекзат, мен анамды қалай жақсы көретінімді сөзбен жеткізе алмаймын.
Жүргізуші1. Алия сен сөзбен жеткізе алмасаң, қатысушыларымыз өз аналарын қаншалықты жақсы көретінін, әлемдегі ең керемет жан екенін дәлелдеп көрсін.
Жүргізуші2. Олай болса бірінші кезеңіміз «Менің анам ең керемет жан» таныстыру кезеңін бастаймыз.
1 кезең «Менің анам ең керемет жан». Бұл кезеңде қатысушы қыздар өз аналарын (үй тапсырмасы) театрланған қойылым, өлең жолдарын арнау, музыкалық қойылым көрсету сияқты әртүрлі тәсілмен таныстыру қажет. Орындау уақыты 3 минут.
Жүргізуші 1. Қатысушыларға Рахмет!!!
Жүргізуші 1. Енді сайысымыздың екінші кезеңіне жеттік.
Жүргізуші 2. 2 кезең «Сиқырлы сөздер» деп аталады. Бұл кезеңде аналармен қыздары қарама - қарсы тұрады. Аналар қыздарын өз атымен емес, еркелетіп атап қадам басса, қыздар өз аналарының жақсы қасиеттерін атап аналарына қадам басады. Қатысушылар бір - бірін қайталамауы қажет.
Жүргізуші 1. Екінші кезеңіміз аяқталды, қатысушыларымызға рахмет!

Жүргізуші1. Алия сенің шашыңды кім сәндеп береді осы?
Жүргізуші 2. Анам.
Жүргізуші1. Өте әдемі.
Қыз сұлу көрінеді қылығымен,
Жарыла төгілген қос бұрымымен.
Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы,
Қыз сұлу көрінеді білімімен.
- деп, үшінші кезеңге өтеміз.

Жүргізуші 2. Үшінші кезең «Шаштараз» деп аталады. Қатысушы аналар өз қыздарына шаш үлгісін жасайды. Орындалу уақыты 10 минут.
Жүргізуші1. Олай болса келесі кезең, Шаштараз.
Орындалу уақыты 10 минут.

Жүргізуші 2.
Қыз сұлу көрінеді өрнегімен,
Тізіліп сөз маржанын тергенімен.
Майысып, бұратылып, майда басып,
Жаныңа наз қылықпен келгенімен
Дарытқан бар асылды өз елінен,
Қыз сұлу көрінеді өнерімен, - төртінші соңғы кезеңге де жеттік.

Жүргізуші 1. 4 кезең «Талантты отбасы» (үй тапсырмасы) деп аталады. Қыздар аналарымен бірігіп өнер көрсетеді.
Қатысушыларды марапаттау рәсімі.
Бүгін бізге отбасылық дәстүрдің үздік үлгісін көрсетіп, әдемі кештің себепшісі болған аналарымызға Алғыс айтамыз, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз.

Астана қаласы,
№82 «Дарын» мамандандырылған лицейі
Ұйымдастырушы: Танисбаева Айдана Құсайынқызы

Супер мама сайысы. жүктеу
7 506
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Айналайын анашым
Айналайын анашым
Ана дейміз біріміз де аңқылдап, Ана дейді жас сәбиде жарқылдап, Ана деген бәйтерегі өмірдің, Ана деген алтын қазық, алтын бақ.
Аяулы анашым! 8 - наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
Аяулы анашым! 8 - наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8 - наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз
Көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап, Ана дейді жас сәбиде жарқылдап, Ана деген бәйтерегі өмірдің, Ана деген алтын қазық, алтын бақ.
Ана - өмірдің гүлі
Ана - өмірдің гүлі
Ана - өмірдің гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Анаға деген бала махаббатын ояту: Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Ана – өмірдің шуағы
Ана – өмірдің шуағы
Құрметті асыл аналар, әжелер мен қыздар! Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8 - наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз. Ананың тілегі, ананың жүрегі, ананың махаббаты, ананың ыстық
Келді,көктем құлпырып
Келді,көктем құлпырып
Құрметті аналар, әжелер, ару қыздар, әріптестер, балабақша бүлдіршіндері! Сіздерді көктемнің алғашқы қуанышы - 8 - наурыз төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Біздің сүйкімді бүлдіршіндеріміздің, яғни «Қарақия» тобының сіздерге арнаған «Келді, көктем
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×