Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Наурыз аруы сайысы

23 ақпан 2018, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Наурыз аруы» сайысы
Мақсаты: Шығыс халықтарының ұлттық мерекесіне айналған Наурыз мейрамы және қазақтың салт - дәстүрін оқушылар арасында дәріптеп, қазақ қыздарына тән ұлттық құндылықтарды жастайынан үйрете отырып, ұлт жанашыры, өнегелі, ибалы болуға тәрбиелеу. Оқушылардың өнерге деген сүйіспеншілігін арттырып, күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Көрнекілігі: белсенді тақта, асық, оюланған конверт, түрлі - түсті қағаздар, қайшы, ұршық.

Жүргізуші:
- Армысыздар, ардақты қауым! Жер ананың тон кеудесі жібіп, Самарханның көк тасы еріген қасиетті Наурыз мерекесі құтты болсын!
Наурыз бұған дейін мыңдаған жыл бұрын шығыс халықтарында жыл басы мереке ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтетін болған. Қазақ халқы да, Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды әдетке айналдырған. Наурыз Шығыс елдері үшін - бірліктің, татулықтың, еңбектің, көктемнің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған. Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алған.
Наурыз - ежелгі мәдениеті дамыған елдің бірі Парсының «нау» - жаңа, «руз» - күн, яғни «жаңа күн» деген сөзінен шыққан. Қазіргі күн есебі бойынша наурыздың 22 жұлдызына сәйкес келеді. Ендеше, Ұлыстың ұлы күні барлығымызға құтты болсын! Наурыз елімізге құт - береке әкелсін! Осындай мереке қарсаңында өткізіліп отырған «Наурыз аруы» сайысына қош келіпсіздер деймін.
Келді міне Наурыз,
Көптен күткен бәріміз.
Жер дүние жаңарып,
Нұрланады жанымыз.
Әсемдік пен әдемілік қыздарымыздың жан-жақтылығын көрсететін «Наурыз аруы» сайысын ашық деп жариялаймын. Сайыс жалпы алты бөлімнен тұрады.
І бөлім. «Таныстыру ата - баба салты ғой...»
ІІ бөлім. «Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез». (Салт - дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап беру»
ІІІ бөлім. «Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз». (ұршық иірту)
ІҮ бөлім. «Өнерліге – өріс кең» айдары бойынша өз өнерлерін көрсету.
Ү бөлім. «Қыз қылығымен...»
А) Табақ жасау түрлерін білу. (тұрақты сөз тіркестерін табу)
Ә) Сөздің мағынасын ашу.
Б) Қазақтың ырым, тыйым сөздерін айту.
ҮІ бөлім. «Ұлттық нақыш» деп аталады. (Матадан немесе түрлі - түсті қағаздан ою - өрнек ойғызу)

Жүргізуші: Қыз жүрегі бір арналы,
Бақыт оның ізгі арманы,
Өмір оты гүл жайнаған,
Қыз - өмірдің қызғалдағы - дегендей, енді ортаға әдемі, әсем, аяулы, сұлу, асыл аруларды шақырайық.
(Қоржындағы нөмірленген асықтарды арулар бір - бірлеп алу арқылы өз нөмірлерін таңдап алады)
Жүргізуші: Әділдікті қолдайтын, аруларды таңдайтын,
Әділ қазылар алқасымен таныстыру.
Жүргізуші: І бөлім «Таныстыру ата - баба салты ғой...» деп аталады, сондықтан әр ару өздерін таныстырады.

ІІ бөлім. «Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез». (Оюланған конвертке салынған сұрақтарды таңдау).
№1. 1. Бесік жырын айтатын адам.
2. Бес дұшпанды атаңыз.

№2. 1. Қазақтың ішекті аспабын атаңыз.
2. Қыздардың бөркіне қадайтын құстың қауырсыны.

№3. 1. Жаңа киімге берілетін жоралғы қалай аталады?
2. Ұясы жоқ құс.

№4. 1. Үш жұртты атаңыз.
2. Мұсылманның бес парызын атаңыз.

№5. 1. Жеті атаға кімдер жатады?
2. Сыбаға деген не?

№6. 1. Үш байлықты атаңыз.
2. Төрт түліктің пірі.

Астана қаласы,
№53 мектеп – лицейінің жоғары санатты
тарих пәні мұғалімі Авдхалым Асия

Наурыз аруы сайысы. жүктеу
9 131
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Наурыз
Наурыз
Халқымыздың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып Наурыз қазақтың ұлттық мейрамын ашып көрсетіп, балалардың көңіл күйін көтеру. Көктем мезгіліндегі табиғат сұлулығын байқай білуге тәрбиелеу. Наурыз — қазақ халқының жаңа жыл екенін түсіндіру.
Қош келдің – әз Наурыз!
Қош келдің – әз Наурыз!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын,
Әз, Наурыз
Әз, Наурыз
«Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Балаларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра
Ғажайып алаң
Ғажайып алаң
Қарағанды облысы, Абай ауданы, Курмин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Досан Махаббат
Қош келдің Наурыз!
Қош келдің Наурыз!
Жамбыл облысы, Қордай ауданы. Бастауыш сынып ұстазы Серкебаева Макпал
Армысың, Әз Наурыз!
Армысың, Әз Наурыз!
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі - Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт - дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×