Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Еңбек түбі - береке

01 наурыз 2018, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Жұмыс тақырыбы: Еңбек түбі - береке
Түсініктеме хат
«Елімнің ұлы болсаң, еліне шын жанын ашыса, азаматтық намысын болса қазақтың жалғыз ұлттық мемлекетінің көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет, елдің де, жердің де иесі екеніңді ұмытпа», - деген Елбасы сөзіне орай, жас бүлдіршіндердің бойына ұлттық рухты ұялату, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге, ел экономикасын көтеруге білімді, білікті еңбекқор адамдар керек екенін аңғарту мақсатында «Еңбек түбі – береке» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Мазмұны: адам өміріндегі еңбектің алатын орны, еңбек туралы оқушы ойларын айтқызу, еңбек туралы мақал - мәтелдердің мән мағынасын ашу. Ертегі кейіпкерлері әлеміне ене отырып, еңбектің қадірін оқушы санасына жеткізу.

Тәрбие сағатының мақсаты: Еңбекті адамзат тарихындағы құндылық деп бағалап, құрметтей алатын өмірлік жағдайларда қолдана білетін елжанды тұлға қалыптастыру.
Міндеттері:
• Оқушының өз ойын еркін жеткізе алуына, өзіне сенімді түрде жұмыс істеуіне бағыт беру;
• Бейнелі, зерделі ойлауға қалыптастыру;
• Сөйлеу дағдыларын жетілдіру, ой өрісін дамыту.
Бағыты: Еңбекке баулу және кәсіби тәрбие
Қолданылған технологиялар: АКТ, дамыта оқыту технологиясы, ойын технологиясы.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ой – қозғау, топтық жұмыс.
Көрнекілігі: слайд, нақыл сөздер.
Пәнаралық байланыс: өзін – өзі тану, ана тілі, дүниетану.

Тәрбие сағатының барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
Үлкенге де «Сіз»
Кішіге де «Сіз»
Бар адамға құрметпен
Бас иеміз біз.
Ребус.

Шешуі: еңбек
Демек, бүгінгі тақырыбымыз не туралы?

Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
«Еңбекқор» деп қандай адамды атайды?
Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар?
Ауа, су, тағам. Ауа, су – табиғаттың адамға берген сыйы. Ал тағам дегенде бірден еске түсетіні - нан. Нан еңбекпен келеді. Тағамнан басқасы да адамның өмір сүруіне қажетті киім, білім, үй, денсаулық бәрі, бәрі еңбекпен келеді.
«Ас атасы – нан» деген мақал бар. Ендеше «Қайдан келдің бауырсақ?» көрінісін ортаға салайық!
Дастарханға шашылып
Жатты аппақ бауырсақ
Бауырсаққа қызығып
Қарап тұрды көзін сап.
- Қайдан келдің бауырсақ?
Деп сұрады қуыршақ
- Дүкеннен келдім нан сатқан
Деді оған бауырсақ
- Дүкенге келдің қай жақтан?
- Наубайдан келдім нан жапқан
- Наубайға келдің қай жақтан?
- Диірменнен келдім кең жақтан
Жер – анам менің көсілген
Диқандар мені өсірген.
- Балалар көрініс не туралы?
- Көрініс бауырсақ туралы.
- Дастарханға бауырсақ қалай келеді?
Балалар сендердің үйлерінде бауырсақты апаларың мен мамаларың неге пісіреді?(қазанға май құйып пісіреді)
Дұрыс айтасыңдар. Ендеше нан туралы кім өлең айтып береді?
Нан қиқымын шашпаңдар.
Жерде жатса баспаңдар
Теріп алып қастерлеп
Торғайларға тастаңдар.

Ойын. «Қайдан келдің бауырсақ?»
Шарты: Бауырсақ қайдан келгені жайлы барлық суреттерді ретпен орналастыру.
Егін - диірмен - наубайхана - дүкен - дастархан
Сиқырлы терезеге назар аударайық. Сендердің алдарыңда әр түрлі суреттер тұр. Қайсысының бауырсаққа қатысы бар?
(қазан)
Қаншама еңбекпен келген нанды қастерлеп, қадірлейік!

Сергіту сәті:
Ұзын мұртты құмырсқа
Келе жатты жұмысқа
Көрді допты жолдағы
Олай шығып қарады
Бұлай шығып қарады
Үлкен тау деп ойлады?

- Өлең не туралы?
- Өлең құмырсқа туралы.
- Ол қайда бара жатты?
- Ол жұмысқа бара жатты.
- Біз құмырсқаны қандай жәндік деп білеміз?
- Құмырсқа еңбекқор жәндік.

ШҚО, Көкпекті ауылы,
«Көкпекті орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Аубакирова Балжан Сайлаубековна

Еңбек түбі - береке. жүктеу
11 727
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Еңбек – ер атандырады
Еңбек – ер атандырады
Еңбектің түрлерін, еңбек етуге, еңбектің наны тәтті екенін түсіндіру.
Еңбек түбі - береке
Еңбек түбі - береке
Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 2О қадам жолдауымен таныстыру, тек еңбек арқылы барлық жетістікке жетуге болатындығын түсіндіру. Оқушыларға бүгін де еңбек шешуші ұлттық фактор екенін ұғындыру және еліміз үшін
Еңбек түбі – береке
Еңбек түбі – береке
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қорбақова Сәуле
Еңбек пен бақыт егіз
Еңбек пен бақыт егіз
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №216 орта мектептің еңбек пәні мұғалімі Медеубаева Орманкүл
Тәуелсіздік-азаттығым, бақ күнім!
Тәуелсіздік-азаттығым, бақ күнім!
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тәжбенова Нұргүл Ұласарқызы «Тәуелсіздік - азаттығым, бақ күнім» Мақсаты: оқушыларға 1986 ж. көтерілісті, жастардың көтеріліске шығу себептерін, олардың
Еңбек түбі – береке
Еңбек түбі – береке
Мақалдар адам тұрмысындағы әр түрлі оқиғаларды қысқа, тұжырымды тілмен түсіндіреді, ойды ажарлайды. Сондықтан да халық сөздің көркі – мақал деп бағалаған. Ал мақалдар сөздің көркі ғана емес, сонымен бірге халық өмірінің шежіресі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×